Сүңгуір жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары



бет1/17
Дата13.06.2016
өлшемі2.56 Mb.
#131217
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2009 жылғы «21» қазандағы

№ 245 бұйрығымен

бекітілген

Сүңгуір жұмыстары кезіндегі

өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары

1-бөлім. Жалпы ережелер

1-тарау. Жалпы талаптар
1. Осы Талаптар сүңгуір жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын белгілейді.

Талаптар сыртқы ортаның қысымы жоғары болған кезде судың астында ұзақ уақыт бойы (24 сағат және одан астам) болған жағдайда жұмыс жүргізуге қолданылмайды.

2. Сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарын сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарын жүргізуге және қамтамасыз етуге жіберілген сүңгуір және инженерлік-техникалық персоналы бар және қажетті сүңгуір техникасы мен жабдығы бар ұйымдар орындайды.

3. Сүңгуір түсірмелерін жүзеге асыратын ұйымдарда:

техникалық регламенттер;

өндірістік бақылау туралы ереже әзірленеді.

Технологиялық регламент-өндіріс әдістерін, технологиялық нормативтерді, техникалық құралдарды, технологиялық үдерістерді өткізу шарттары мен тәртібін белгілейтін, сапа көрсеткіштерімен дайын өнім алуды қамтамасыз ететін, стандарттардың талаптарына сәйкес келетін, сондай-ақ жұмысты қауіпсіз жүргізуді және өндірістің оң техникалық-экономикалық көрсеткішіне қол жеткізуді белгілейтін кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаты.

Күрделі су асты-техникалық, жару, кеме көтеру және өзге де жұмыс түрлері жұмысты ұйымдастыру жобалары бойынша жүргізіледі.

Құтқару жұмыстарынан басқа, барлық сүңгуір жұмыстары рұқсат наряды бойынша орындалады.

4. Сүңгуірлер су астында жұмыс істеген кезде:

жұмысты ұтымды ұйымдастыру және оларды медициналық қамтамасыз ету;

сүңгуірлер үшін белгіленген санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарды сақтау;

өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сай келетін және орындалатын жұмыстардың сипатына және батыру тереңдіктеріне сәйкесетін сүңгуір техникасын пайдалану қамтамасыз етіледі.

Жинақталмаған, ақауы бар немесе мерзімді тексерістен өтпеген сүңгуір жарағы мен сүңгуір түсірмелерін қамтамасыз ететін құралдарды пайдалануға болмайды.

5. Сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарын жүргізуге және қамтамасыз етуге тұлғаларды жіберу біліктілік комиссиясы олардың біліктілігін жыл сайын растағаннан кейін, ал сүңгуірлердің жыл сайын медициналық тексерістен өткеннен кейін жүзеге асырылады.

6. Сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарын медициналық қамтамасыз етуді дайындықтан өткен және өзінің міндеттерін орындауға жіберілген медициналық қызметкерлер жүзеге асырады.

Қарамағына берілген және жалға алынған сүңгуір станцияларына (сүңгуірлерге) арналған жағдайларды қамтамасыз ету жалға алушы ұйымға жүктеледі.

7. Осы Талаптардың және өзге де нормативтік-техникалық құжаттардың сақталуын өндірістік бақылауды жүзеге асыратын тұлғалардың барлық ескертпелері анықталған кемшіліктерді жою мерзімін көрсете отырып, сүңгуір жұмыстары журналына жазылады.

8. Бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар анықталған кемшіліктерді және Талаптардан және сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарының қауіпсіздігін регламенттейтін өзге де нормативтік құжаттардан ауытқушылықтарды толығымен жойғанға дейін сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарына тыйым салынады, олар тоқтата тұрылады, сүңгуірлер жұмыстан уақытша шеттетіледі.

9. Сүңгуір жарағын және сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарын қамтамасыз ету құралдарын дер кезінде техникалық куәландыруды, құралдардың техникалық жарамдылығын және технологиялық дайындығын бақылауды ұйымның техникалық басшысы қамтамасыз етеді.



2-тарау. Негізгі терминдер мен анықтамалар
10. Сүңгуір ісі-су асты жұмыстарын немесе қандай да бір өзге тапсырмаларды орындау үшін арнайы жарақта адамдарды су астына түсірумен байланысты барлық мәселелерді қамтитын еңбек және техника саласы.

11. Сүңгуір-су астында жұмысты орындай алатын және сүңгуір түсірмелері өндірісіне жіберілген маман.

12. Нұсқаушы-сүңгуір-сүңгуір ісіне нұсқаулық беруді және оқытуды, сүңгуірлерді су астында жұмыс істеу тәсілдері мен әдістеріне оқытуды жүзеге асыратын сүңгуір.

13. Сүңгуір маманы-барлық сүңгуір түсірмелеріне жауапты басшылық етуге құқығы бар жоғары сүңгуір біліктілігі бар маман.

14. Сүңгуір дәрігері (фельдшері)-сүңгуір еңбегінің физиологиясы мен патологиясы бойынша дайындықтан өткен медициналық қызметкер.

15. Сүңгуір түсірмесінің уақыты-сүңгуір дулығасы иллюминаторын жапқан кезден бастап (12 бұрандалы жарақты дулығаны кию, тыныс алуға арналған аппаратты қосу, камерадағы қысымды арттыру) жер бетіне шыққаннан кейін иллюминаторды ашқан кезге дейін (12 бұрандалы жарақты дулығаны шешу, тыныс алуға арналған аппаратты өшіру, камерадағы қысымды атмосфералық қысымға дейін төмендету) есептелетін уақыт.

16. Сүңгуірлерді декомпрестеу-сүңгуірді қоршаған сыртқы ортаның қысымын төмендететін (сүңгуірді көтеру), сүңгуір ағзасының ұлпаларында ерітілген индифферент газды (азотты, гелийді) шығарумен қоса жүретін үдеріс.

17. Сүңгуір аспабы-су асты жұмыстарын орындауға арналған және сүңгуірлер қолданатын қол және механикаландырылған еңбек құралы.

18. Декомпрестеу (рекомпрестеу) камерасы-сүңгуірлерді декомпрестеуге (рекомпрестеуге), олардың жаттығуына және кәсіби сүңгуір ауруларын емдеуге арналған барокамера. Негізгі мақсатына байланысты камера декомпрестеу (сүңгуірлерді декомпрестеу) немесе рекомпрестеу (кәсіби сүңгуір ауруларын емдеу) атауын алады.

19. Сүңгуір бекеті-сүңгуір түсірмелері жүргізілетін, сүңгуір техникасын сақтауға арналған бөлімшесі бар кемедегі, жағадағы, мұздағы, тұрақты құрылыстағы орын.

20. Сүңгуір жұмыстары-сүңгуірлердің су астында сүңгуір жарағында орындайтын жұмыстары. Сүңгуір жұмыстары өзінің сипаты бойынша авариялық-құтқару, кеме көтеру, кеме жөндеу, су асты-техникалық, кеме, құтқару, теңіз өнімдерін өндіру және арнайы деп бөлінеді.

21. Авариялық-құтқару сүңгуір жұмыстары-кемелерге, зілзала шеккендерге немесе суға кеткен кеменің жеке құрамына көмек көрсету кезінде сүңгуірлердің орындайтын жұмыстары.

22. Кеме көтергіш сүңгуір жұмыстары-суға батқан кемені тексеру, оны көтеруге дайындау кезінде, оны жүзуге көтеру және қою кезінде сүңгуірлердің орындайтын жұмыстары.

23. Кеме жөндейтін сүңгуір жұмыстары-кемелерді жөндеу мақсатында оларда сүңгуірлердің орындайтын жұмыстары.

24. Су асты-техникалық сүңгуір жұмыстары-гидротехникалық құрылыстардың су асты бөлшектерін тексеру, салу және жөндеу, құбырларды, өзге де коммуникацияларға кабелдерді төсеу, түптерді тереңдету жұмыстарын жүргізу, гидротехникалық құрылыстарға пайдалану қызметін көрсету, су жолдары мен акваторияларды тексеру және тазалау кезінде және суға батқан техниканы көтеру кезінде орындалатын жұмыстар.

25. Кеме сүңгуір жұмыстары-пайдаланудағы кемелердің корпустары мен су асты құрылғыларының су асты бөлшектерін тексеру, шөп басудан тазарту және ақауларын жою кезінде орындалатын жұмыстар.

26. Құтқарушы сүңгуір жұмыстары-адамдарды құтқарумен байланысты жұмыстар.

27. Теңіз өнімдерін өндіру бойынша сүңгуір жұмыстары-сүңгуірлердің теңіз өнімдерін өндіру бойынша су астындағы жұмыстары.

28. Арнайы сүңгуір жұмыстары-ғылыми зерттеулерді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар және сүңгуір техникасының жаңа үлгідегі әр түрлі сынақ түрлері.

29. Декомпрестеу (рекомпрестеу) режимі-сүңгуірге әсер ететін сыртқы ортаның қысымы мен оның әсерімен сүңгуірдің суда немесе декомпрестеу (рекомпрестеу) камерасына келу уақыты арасындағы тәуелділік.

Декомпрестеу (рекомпрестеу) қауіпсіздігінің режимін сүңгуірлерді декомпрестеу кестесі бойынша сүңгуір түсірмелерін медициналық қамтамасыз ететін тұлға таңдайды.

30. Рекомпрестеу-кәсіби ауруды емдеу үшін рекомпрестеу камерасына орналастырылған (оны тиісті тереңдікте су астына түсіру) сүңгуірге сыртқы ортаның қысымын қайта жоғарылату үдерісі.

31. Сүңгуір жарағы-сүңгуір киетін және оған бекітілетін, оны ішінара немесе толықтай сыртқы ортадан оқшаулайтын және су астында тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін бұйымдардың жинағы.

32. Жеңіл сүңгуір жарағы-жинақтылығымен және салыстырмалы түрде аса үлкен емес массасымен (регенеративті, ашық тыныс алу, шланг түріндегі сызбасы бар және тағы басқа) ерекшеленетін сүңгуір жарағы.

33. Сүңгуір скафандры-сүңгуірді қоршаған ортадан оқшаулайтын, су, газ өткізбейтін қабықшасын түзетін бұйымдардың жинағы. Сүңгуір жарағының құрамдас бөлігі болып табылады.

34. Сүңгуір түсірмесі-сүңгуірді су астына жіберуді, жұмысты немесе тапсырманы орындау мақсатында тереңдікте болуды және декомпрестеу режимін сақтай отырып, жер бетіне көтеруді қамтамасыз ететін іс-шаралар мен іс-қимылдардың жиынтығы.

Құтқару қоңырауының сүңгуір-операторларын байқау және жұмыс камерасының операторларын түсіру, сондай-ақ декомпрестеу (рекомпрестеу) камераларында сүңгуірлер мен медициналық персоналдың жоғары қысыммен келуі сүңгуір түсірмесінің әр түрлілігі болып табылады.

35. Жұмыс істейтін сүңгуір түсірмесі-қандай да бір жұмысты немесе тапсырмаларды орындау мақсатымен су астына түсіру.

36. Машықтандыратын сүңгуір түсірмесі-оқу жоспарына немесе дайындық бағдарламасына сәйкес сүңгуірлерді оқыту немесе қайта даярлау уақытында су астына түсіру.

37. Жаттықтыратын сүңгуір түсірмесі-сүңгуірдің біліктілігін, оның ағзасының физиологиялық жаттығуын ұстау, қосымша мамандық бойынша дағдыларын немесе күрделі жағдайларда (ағым ішінде, түнгі уақытта және тағы басқа) жұмыс тәжірибесін қалыптастыру мақсатымен су астына түсіру.

38. Біліктілік сүңгуір түсірмесі-негізгі біліктілікті немесе қосымша мамандықты куәландыру үшін қажетті тапсырмаларды орындау мақсатымен түсіру.

39. Эксперименталды сүңгуір түсірмесі-сүңгуір техникасының, су асты механизациясы құралдарының жаңа үлгілерін сынау, бұрын сүңгуір практикасында қолданылмаған декомпрестеу немесе сүңгуір түсірмесі технологиясының жаңа режимдерін сынау мақсатымен жүргізіп түсіру.

40. Сүңгуір түсірмелерін қамтамасыз ету құралдары-сүңгуірді тиісті тереңдікке түсіруді, тыныс-тіршілікті қамтамасыз етуді, олардың жұмысты орындауларын және декомпрестеу арқылы өткізіп, жер бетіне көтеруді қамтамасыз ететін құралдар, құрылғылар мен жүйелер, еңбек құралы мен сүңгуір жұмыстарын орындау құралдары: сүңгуір басқыштары, түсіру және жүріс арқандары, сүңгуір күркелері, түсіру-көтеру құрылғылары, сүңгуірге бекітілмейтін декомпрестеу камералары: ауамен және газбен жабдықтау, су асты жарық беру, байланыс құралдары мен жүйелері, сүңгуір аспабы, сондай-ақ құрал-саймандар мен су астында жұмыстарды орындау үшін қолданылатын өзге де құрылғылар.

41. Сүңгуірлердің қозғалу құралдары-сүңгуірлердің суда жүруін жылдамдатуға арналған өздігінен жүретін немесе сүйрелетін құралдар.

42. Сүңгуір станциясы-сақтандыру жарағын қоса алғандағы сүңгуір жарағының, сондай-ақ су астына батыру, бару және сүңгуірді жер бетіне көтеру үшін қажетті сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарын қамтамасыз ететін құралдардың жиынтығы, сүңгуір жұмыстарын орындау кезінде-сүңгуір бөлімшесі (бригадасы) адамдармен жинақталады және сүңгуір техникасымен жарақталады.

43. Сүңгуір станциясының (бекетінің) старшинасы (бригадирі)-сүңгуір жарағының, сүңгуір түсірмесі мен станцияның өзге де мүлкін қамтамасыз ететін құралдардың сақталуы және техникалық жай-күйі үшін, станцияның сүңгуірлері орындайтын жұмыстың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін 1 немесе 2 класты сүңгуір.

44. Сүңгуір техникасы-сүңгуір жарағы, сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарын қамтамасыз ету құралдары, сүңгуірлердің түсуіне, су астында жұмысты орындауға және жер бетіне көтеруге арналған сүңгуірлердің қозғалыс құралдары.

2-бөлім. Сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын жалпы қауіпсіздік талаптары

3-тарау. Сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарын басқару және басшылық ету және оларға рұқсат беру
45. Жыл сайын сүңгуір жұмыстарын жүргізумен байланысты ұйым мынадай:

сүңгуір жарағы мен жұмыстың сипатын көрсете отырып, сүңгуір жұмыстарына;

сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарына басшылық етуге;

сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарын медициналық қамтамасыз етуге жіберілген тұлғалардың тізімін анықтайды.

46. Сүңгуір жұмыстары басталмас бұрын:

сүңгуір жұмыстарының басшысы;

сүңгуір түсірмелерінің басшысы (басшылары);

сүңгуір тобының құрамы;

медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын тұлғалар;

сүңгуір жұмыстарын қамтамасыз ететін тұлғалар тағайындалады.

Бір мезгілде сүңгуір бекетінен екі және одан көп сүңгуір станциялары жұмыс істеген кезде сүңгуір бекетінің старшинасы (бригадирі) тағайындалады, оған жұмыс істеп тұрған сүңгуір станциялары түсірмелерінің ларының басшылары бағынады. Сүңгуір бекетінің старшинасы (бригадирі) сүңгуір маманын немесе бірінші класты сүңгуірді тағайындайды.

47. Сүңгуір жұмыстарының басшысы кәсіпорын (ұйым) объектісінде жұмысты бастағанға дейін:

сүңгуірлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;

сүңгуір құрамын ұйымдастырушылық жұмыс жоспарымен, рұқсат нарядымен таныстырады. Күрделі сүңгуір жұмыстары кезінде бір тұрпатты объектілерде, кескіндерде немесе үлгілерде бірдей құрылымдарды зерделеуді ұйымдастырады;

жұмыс аумағындағы гидрометеорологиялық жағдайлар үшін тұрақты бақылауды ұйымдастырады;

сүңгуір жұмыстарының басталғаны жөнінде порт бақылау органдарын және өндірістік қызметі сүңгуірлердің қауіпсіздігіне әсер етуі ықтимал жұмыс аумақтарында орналасқан ұйымдарды хабарландырады.

48. Авариялық-құтқару және құтқару жұмыстары кезіндегі түсірмелерден басқа, сүңгуір түсірмелері тәуліктік жоспар бойынша жүргізіледі.

Сүңгуір жұмыстарын орындау кезіндегі сүңгуір түсірмелері сүңгуір жұмыстары басшысының тікелей басшылығымен жүргізіледі.

49. Сүңгуір түсірмесі басшысының біліктілігі төмендегідей қашықтықта түсіру кезінде қойылатын талаптарға сәйкес болады:

20 м дейін-сүңгуір станциясының старшинасы (бригадирі)

(2 класты сүңгуір);

20 м бастап 45 м дейін-сүңгуір станциясының старшинасы (бригадирі)

(1 класты сүңгуір <*>);

45 м бастап 60 м дейін-сүңгуір станциясының старшинасы (бригадирі)

(1 класты сүңгуір) немесе сүңгуір маманы;

60 м жоғары-сүңгуір маманы.

Объектілерді тексеру, іздеу және өзге де күрделі жұмыстарды жүргізу кезінде сүңгуір станциясының старшинасына (бригадиріне) 2 класты сүңгуірді тағайындауына болады.

Түсіп бара жатқан сүңгуірге немесе түсуді қамтамасыз ететін тұлғаларға қандай да бір нұсқауды тек түсірмелердің басшысы ғана жүзеге асырады. Аварияға немесе жазатайым оқиға әкелуі ықтимал бұрыс іс-қимыл жасаған жағдайда сүңгуір жұмыстарының басшысы түсірменің басшысын міндеттерді орындаудан шеттетеді. Бұл ретте жұмыстардың басшысы түсірмені өзі басқарады, ал егер түсірмеге басшылық етуге рұқсаты болмаса, онда рұқсаты бар түсірмелерге өзге басшыны тағайындайды.

Түсірмелерге басшылық етуді кері қайтару түсірмені аяқтағаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Түсірмеге басшылық ету туралы және басшылықты етуді кері қайтару туралы сүңгуір жұмыстарының журналында жазба жазылады.

50. Осы Талаптардың орындалуын жалпы және күнделікті бақылау үшін сүңгуірлер және сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарын ұйымдастыруға және жүргізуге қатысы бар барлық тұлғалар ұйымдарда штаттық сүңгуір мамандарын қарастырады. Сүңгуір маманы бестен бастап онға дейін сүңгуір станциясы болған жағдайда қарастырылады.

Оннан астам сүңгуір станциялары болған жағдайда әрбір он станцияға сүңгуір маманы қарастырылады.

Сүңгуір мамандарының санын анықтау кезінде аумақтық орналасуы ескеріледі. Әрбір аумақтық бөлімшеде бестен астам сүңгуір станциясы болған жағдайда сүңгуір маманы қызметі қарастырылады.

Сүңгуір мамандарының жалпы саны сүңгуір түсірмелеріне басшылық ету кезінде 45 м жоғары тереңдікте артады.

Ұйымда немесе аумақтық бөлімшелерде бірнеше сүңгуір маманы болған жағдайда олардың біреуі аға ретінде тағайындалады. Ол ұйымдағы сүңгуір жұмыстарына жалпы басшылықты жүзеге асырады.

Ұйымда аумақтық бөлімшелердің бірнеше аға сүңгуір мамандары болған жағдайда ұйымның бас сүңгуір маманының қызметі қарастырылады.

51. Сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарына сүңгуір мектебін (курстарын) аяқтағаны туралы куәлігі, сүңгуірдің жеке кітапшасы, сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарына жарамдылығы туралы медициналық сүңгуір комиссиясының қорытындысымен жеке медициналық кітапшасы бар тұлғалар жіберіледі.

52. Жыл сайын сүңгуірлерге өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын оқыту және білімдерін тексеру, шекті суға түсу тереңдігін белгілей отырып, медициналық қайта куәландыру жүргізіледі.

Сүңгуірдің ол үшін белгіленген тереңдіктен төмен түсуіне болмайды.



4-тарау. Сүңгуір станцияларының құрамы бөліміндегі талаптар мен оның жабдықталуына қойылатын қауіпсіздік талаптары
53. Сүңгуір түсірмелерін жүргізу кезінде сүңгуір станциялары суға бату тереңдігіне байланысты мынадай:

20 м дейін түсіру кезінде-3 адам;

20-дан 45 м дейін-4 адам;

45-тен 60 м дейін-6 адам;

60 м астам-14 адам.

Авариялық жағдайларда, адамдарды құтқару кезінде құтқару станцияларында екі сүңгуір болған жағдайда судың астына түсіруге болады. Мұндай жағдайда сүңгуірді киіндіру және оған ауа беру үшін сүңгуір емес мамандық тұлғаларын тартуға болады.

54. Сүңгуірдің тыныс алуы үшін ауаны қолдана отырып, сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарын 60 м аспайтын тереңдікке дейін, ауа-оттегі қоспасын қолдана отырып-45 м аспайтын тереңдікке дейін, оттегіні қолдана отырып-20 м аспайтын тереңдікке дейін жүргізіледі.

60 м астам тереңдікте жұмыс істеу кезінде арнайы газ қоспаларын қолдануға арналған нормативтік-техникалық құжаттама бойынша оларды пайдалануға болады.

55. Газ қоспаларын дайындау және тыныс алу үшін пайдаланылатын ауада улы қоспалардың құрамы 1-қосымшада келтірілген нормалардан аспайды.

Газ қоспаларын дайындау үшін: нормативтік-техникалық құжаттама бойынша газ тәріздес медициналық оттегі, газ тәріздес азот және тазалығы жағынан жоғары гелий қолданылады.

Тыныс алу аппараттарының баллондарын оттегімен зарядтау үшін газ тәріздес медициналық оттегі қолданылады.

Тыныс алу қоспаларын дайындау үшін баллондағы газдардың құрамын зертханалық талдау нәтижелерімен сертификаттар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 189 бұйрығымен бекітілген Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану талаптарына сәйкес таңбалауы жоқ баллондардан қоспаларды қолдануға болмайды.

56. Сүңгуірге берілетін ауаның сапасына ауамен жабдықтау құрылғысы мен жүйелерін пайдалануға беру, сүзгілерді ауыстыру кезінде, сүңгуірдің өтініші бойынша жүйелі түрде әрбір үш ай сайын бақылау жүргізіледі.

Ауамен жабдықтау жүйесінде ауаны көміртегі тотығынан тазарту сүзгісі қарастырылмаған жағдайда көміртегі тотығы қосылымы күн сайын бақыланады.

57. Сүңгуірлерге қол сүңгуір помпасымен немесе электр жетегі бар помпамен ауаны 12 м дейінгі тереңдікте, қос параллель помпамен 20 м дейінгі тереңдікте беруге болады.

6 м дейінгі тереңдікке жұмыс істейтін сүңгуірге қол сүңгуір помпасымен ауа беру үшін помпаны қозғалтуға кемінде үш адам, ал 6 м бастап 12 м дейінгі тереңдікке жұмыс істейтінге кемінде төрт адам бөлінеді. 12 м бастап 20 м дейінгі тереңдікке екі қол помпасымен ауа беру үшін әрбір помпаға кемінде төрт адамнан бөлінеді.

Ауа сүңгуірлерге орташа және жоғары қысымды компрессорлардан қажетті өлшемдерді және ауаның сапасын қамтамасыз ететін ауамен жабдықтау жүйесі арқылы ғана беріледі.

Су астына түсіру уақыты барысында ауамен жабдықтау жүйесі қатардан шыққан жағдайда сүңгуірлерді (сүңгуірді) жер бетіне шығару және жұмыс істеп жатқан сүңгуірді декомпрестеу үшін жеткілікті ауа, газ және газ қоспасы қоры ұсталады.

58. 12 м артық тереңдіктегі сүңгуір жұмыстары, жаттығу және эксперименталды түсірмелер тереңдігіне қарамастан, сүңгуір бекетіне тікелей жақын орында дереу қолдануға дайын декомпрестеу камерасы болған жағдайда ғана жүргізіледі.

Декомпрестеу камерасы толық көлемде емдеу декомпрессиясын жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді және 1 МПа (10 кгс/шаршы см) жұмыс қысымына есептелген.

Авариялық-құтқару, құтқару жұмыстары және 12 м бастап 20 м дейінгі тереңдіктерде жұмыс істеу кезінде түсіру орнында декомпрестеу камерасы болмаған жағдайда, жақын орналасқан камера немесе 7 МПа (7 кгс/шаршы см) жұмыс қысымына есептелген шағын габаритті камерамен жарақталған көлік құралы дайындалады.

59. Негізгі (сөйлесетін желілік немесе сымсыз) және сүңгуірлермен байланысты қайталайтын байланыссыз су астында жұмыс істеуге болмайды.



5-тарау. Сүңгуір түсірмелеріне дайындық
60. Сүңгуір түсірмелеріне дайындық мыналарды:

сүңгуір түсірмелерін ұйымдастыруды;

сүңгуір жарақтарын және су астына түсіруді қамтамасыз ету құралдарын дайындауды;

сүңгуірлерді түсіру орындарын дайындауды;

сүңгуір түсірмелерін медициналық қамтамасыз етуді;

сүңгуірді киіндіруді қамтиды.

61. Сүңгуір түсірмелерін ұйымдастыру кезіндегі қауіпсіздік талаптары:

1) сүңгуір станциясын сүңгуір түсірмелерін дайындауды мыналардың:

сүңгуір станциясында жарамды және жинақталған негізгі және сақтандырылған сүңгуір жарағының болуын;

сүңгуір жарақтарын және су астына түсіруді қамтамасыз ету құралдарын дер кезінде және толық тексеруді;

көлік баллондарында ауа қорын тексеру мерзімділігін;

сүңгуір жарақтары мен су астына түсіруді қамтамасыз ету құралдарының сақталуын, оларды дұрыс пайдалануды, сақтауды және жөндеуді;

сүңгуір станциясы орындайтын су асты жұмыстарының сапасын;

сүңгуір құжаттамасының дұрыс жүргізілуін қамтамасы ететін сүңгуір станциясының старшинасы (бригадирі) жүзеге асырады.

Сүңгуір станциясының старшинасы (бригадирі):

сүңгуірлердің су астына түсуіне басшылық етеді;

12 м дейінгі тереңдікте сүңгуір түсірмелерін медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

әрбір түсіру алдында сүңгуірлер арасында міндеттерді бөледі (біріншісі-жұмыс істейтін сүңгуірді түсіруге, екіншісі қамтамасыз етуші сүңгуірге белгі беру бөлігіне, үшіншісі телефон байланысына және сақтандырушы ауа беру үшін тағайындалады);

сүңгуірлердің түсу ретін, авариялық жағдай болғанда әр сүңгуірдің міндеттерін айқындайды;

сүңгуір түсірмелерін қамтамасыз ететін тұлғаларды орналастырады және нұсқаулық береді;

тереңдік өлшегіштердің, ағыс жылдамдығы мен судағы көру барысының, ауа мен судың температурасының нәтижелері болады;

барлық қызмет көрсетуші персоналдың міндеттерін дұрыс орындауларын қадағалайды;

2) сақтандырушы сүңгуірдің түсу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін сүңгуір станциясында іс-қимыл жасауға дайын сүңгуір жарағының екінші жинағы болады.

Екінші жинақта бірінші жинақ сияқты су астында сүңгуірдің жұмыс істеу жағдайлары мен сипатына сәйкес болады.

Сақтандырушы сүңгуірдің су астына түсуге дайындық дәрежесін түсіретін басшы түсірменің нақты жағдайларына байланысты белгілейді;

3) су астына түсетін сүңгуірдің қауіпсіздігін сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарына басшылық ететін тұлғалар қамтамасыз етеді.

Сүңгуір түсірмелерін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді сақтауды сүңгуірдің киінген сәтінен бастап жер бетіне шыққаннан кейін барлық жарақты толық шешкеннен кейін сақтандырушы және қамтамасыз етуші сүңгуірлер жүзеге асырады;

4) сақтандырушы сүңгуір сақтандыру жарағын және декомпрестеу камерасын уақытылы және сапалы жұмыс тексерісін жүргізуді, жұмыс істеуші сүңгуірмен тұрақты телефон байланысын ұстауды және сүңгуірді ауамен үздіксіз қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Сақтандырушы сүңгуір:

сақтандырушы жарақтарды дереу кигізуге, су астына түсіруге және жұмыс істейтін сүңгуірге көмек көрсетуге дайын болады;

жұмыс істейтін сүңгуірмен оның су астына түскен сәтінен бастап судан сүңгуір жолына шыққанға дейін телефон байланысын қамтамасыз етеді;

ауа бөлу қалқанындағы және сүңгуір помпасындағы манометрлердің көрсеткіштерін бақылайды және жұмыс істеуші сүңгуірдің жұмысындағы барлық өзгерістер туралы сүңгуір станциясының старшинасына (бригадиріне) немесе су астына түсіретін басшыға баяндайды;

сақтандырушы жарақ пен декомпрестеу камерасының жұмыс күйін тексереді;

көмек көрсету үшін тек жұмыс істейтін сүңгуірдің белгі беруі бойынша ғана түседі;

5) қамтамасыз етуші сүңгуір жұмыс істейтін сүңгуірге қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді және оны сүңгуір жарағына бекіткен сәттен бастап сүңгуірдің сүңгуір станциясына шыққанша белгі бергіштің бір ұшын қолында ұстайды.

Қамтамасыз етуші сүңгуір:

сүңгуір жолын, түсіру және жүріс ұштарын орнатуды қамтамасыз етеді;

жұмыс істейтін сүңгуірді киіндіруге қатысады және су астына түсіретін басшымен бірге жұмыс істейтін сүңгуірді дұрыс киіндіруді және оны түсіруді қадағалайды;

сүңгуір жарағын герметикалығына тексереді;

судың бетіне көпіршіктердің шығумен су астында сүңгуірдің жұмыс істеген уақытында орналасқан орнын бақылайды және белгі беру ұшының көмегімен оған шартты белгілермен сүңгуір түсірмесі басшысының берген қажетті нұсқауларын береді;

түсірменің тереңдігіне байланысты сүңгуірдің су астына жоспарлы келу мерзімінің сақталуын қадағалайды (10-қосымша).

Қамтамасыз етуші сүңгуірге өзінің тікелей міндеттерінен басқа нәрсеге көңіл аударуына болмайды.

Қамтамасыз етуші сүңгуір келесі сүңгуірге белгі ұшын түсірме басшысының рұқсатымен ғана береді. Ауысым кезінде белгі беру ұшында тұрған қамтамасыз етуші сүңгуір ауыстырушының қатысуымен су астындағы сүңгуірге «Жағдайың қалай?» деген белгі береді де, ауыстырушыға белгі ұшын береді. Сүңгуірден жауап белгісін алғаннан кейін ауыстырушы сүңгуір жүргізілген ауысым туралы су астына түсіру басшысына баяндайды, ал ауыстырушылар белгілі бір жаққа қарай шығады;

6) сүңгуірді түсіру алдында сүңгуір түсірмелерінің басшысы оны тапсырмамен және су астында жұмыстың орындау технологиясымен таныстырады, су астына түсіру ерекшелігі мен жағдайларын ескере отырып, жұмысты орындау жөніндегі нұсқаулық береді және рұқсат нарядында жазба арқылы нұсқаулықты жүргізуді ресімдейді.

62. Сүңгуір жарағын түсіруге дайындау бойынша қауіпсіздік талаптары:

1) су астына түсіруді бастар алдында сүңгуір осы Талаптарда (4-қосымша) жарақтарды пайдалану жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттамада белгіленген көлемде өзінің жарағын тексереді.

Сақтандырушы сүңгуір өзінің жарақтарын сақтандырушы сүңгуірдің міндеттерін орындауға кірісер алдында әр кезде тексереді.

Жарақтарды тексеру нәтижелерін сүңгуірлер сүңгуір түсірмелерінің басшысына баяндайды, сүңгуір жұмыстарының журналына жазады, қолын қояды;

2) тексеріс барысында сүңгуір жарағының қандай да бір ақаулықтары анықталған жағдайда оларды сүңгуір түсірмелерін бастағанға дейін қалпына келтіру қажет. Сүңгуір жарағының анықталған ақаулықтары мен оларды қалпына келтіру бойынша қабылданған шаралар туралы сүңгуір жұмыстарының журналында және жарақтың паспортында жазба жазылады;

3) сүңгуір жарағын тексеру барысында су астына түсіруді қамтамасыз ету құралдары дайындалады және ауа сақтау қоймаларында (баллондарда) сығылған ауаның болуы тексеріледі. Ауамен ашық тыныс алу сызбасы бар жеңіл сүңгуір жарағы баллондарын, ал регенеративті жарақ баллондарын оттегімен зарядтау оларды зарядтау жөніндегі технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

Медициналық оттегісі бар баллондарда зертханалық талдау нәтижелері көрсетілген зауыт паспорты болады;

4) декомпрестеу камераларын тексеру бірінші сүңгуірді түсірер алдында тәулігіне бір рет жүргізіледі. Бұл ретте баллондарда сығылған ауа қорының болуы, магистралдардың, магистралдардағы және камерадағы клапандардың герметикалығы, кірме люктердің қақпақтары мен шлюздердегі (люктердің қақпақтарын ішкі жағынан ауамен ұстау камерадағы қысым 0,002 МПа (0,2 кгс/шаршы метрге тең болғанда түседі) резиналы тығыздағыштардың жай-күйі тексеріледі. Камералардың бөліктеріндегі манометрлердің жарамдылығы (тілшелердің орналасу жағдайы, жарамдылық мерзімі, пломбаның болуы), телефон құрылғысының жұмыс істеуі, өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін жарық беру және жылу беру, камера бөліктерінің керек-жарақтармен және құрал-саймандармен жинақталуы тексеріледі. Тексеріс нәтижелері сүңгуір жұмыстары журналына жазылады.

Кезекті куәландыру мерзімі өткен декомпрестеу камераларын пайдалануға болады;

5) сүңгуір басқыштарының, күркелердің, су астына түсіру және жүріс арқандарының жарамдылығын сүңгуірді түсіру алдында кез келген сүңгуір жарағының түрінде сыртты тексеріс арқылы тексеріледі.

63. Сүңгуірлерді түсіру орындарын дайындау:

1) сүңгуір жұмыстарын кемеде орындау кезінде ол ағынның, желдің және су бетіндегі толқынның әсерінен дрейфті болдырмайтын тәсілмен жұмыс орнынан жоғары орнатылады. Сүңгуір жұмыстары үшін 60 м астам тереңдікте кемені орнату сенімділігі есеппен куәландырылады;

2) сүңгуірлерді түсіруге және көтеруге арналған құрылғылар (сүңгуір басқыштары, сүңгуір күркелері, сүңгуір белгілері, түсіру-көтеру шығырлары және тағы басқа) күн сайын су астына түсіру алдында қадағаланады және технологиялық регламентке сәйкес тексеріледі.

Тексеріс нәтижелері сүңгуір жұмыстарының журналына жазылады;

3) арнайы кемелердің ботынан сүңгуірлерді түсіру толқынның осы кеменің паспортында көрсетілгеннен аспайтын дәрежеде жүргізіледі.

Өзге кемелердің және қалқыма құралдардың, жаға объектілерінің ботынан түсіру жұмыс орнындағы толқын дәрежесі екі балдан аспаған кезде жүргізіледі.

Сүңгуір түсірмелерін жүргізуге арналған арнайы емес қалқыма құралдардың жарамдылығын сүңгуір жұмыстарының басшысы анықтайды;

4) 60 м дейін тереңдікте сүңгуір жұмыстарын жүргізу және сүңгуірлердің түсірме орындарын түсірме орнында су бетінен 2 м аспайтын биіктікте орнату кезінде сүңгуір басқышы орнатылады және жұмыс арқандары іске қосылады (салмағы кемінде 30 кг балласты бар түсіру, жүріс және көтергіш арқандар). Тұғыр табандарды (жүзу жарағының жинағын) пайдалана отырып, жеңіл сүңгуір жарағында түсіру кезінде жұмыс арқандарын тартуға болмайды. 12 м жоғары тереңдікте түсіру кезінде түсіру орны декомпрестеу күркесімен жабдықталады.

Жеңіл сүңгуір жарағында түсіру кезінде түсіру орнының биіктігі судың бетінен 3 м аспайды.

Түсіру орындарының биіктігі су бетінен 2 м астам бөгеттерден, айлақтардан және өзге де гидротехникалық құрылыстар мен кемелерден 60 м дейін тереңдіктегі немесе жеңіл сүңгуір жарағындағы 3 м астам биіктіктегі түсірмелер түсірме күркесінде жүргізіледі.

60 м астам тереңдікке түсіру тереңдетілген су астына түсіру құралдарын (түсіру-көтеру құрылғыларын) қолдана отырып жүргізіледі;

5) гидротехникалық құрылыстарда сүңгірлерді түсіру суды сүзу жағдайында қорғағыш құрылғыларда жүргізіледі;

6) қауіптілігі жоғары (жарылу, авариялық-құтқару, кеме көтеру, су асты-техникалық, су асты дәнекерлеу және металл кесу және тағы басқаны пайдалана отырып жүргізілетін жұмыстар) немесе ағын жылдамдығы 0,5 м/с астам жылдамдықта орындалатын сүңгуір жұмыстарын жүргізу кезінде, түсіру орнын су бетінен 2 м жоғары биіктікте орналастыру кезінде жұмыстарды жүргізу орнында суда кемінде екі ескекшісі бар шлюпка (катер) болады.

Қалған жағдайларда шлюпканың қажеттілігін сүңгуір түсірмесінің басшысы немесе сүңгуір станциясының старшинасы (бригадирі) белгілейді.

64. Сүңгуір түсірмелерін медициналық қамтамасыз ету:

1) сүңгуір түсірмелерін орындау кезінде медициналық қызметкерлер мыналарды:

сүңгуірлердің денсаулық жағдайын, тамақтануын, еңбек және демалу режимдерін бақылауды;

сүңгуір жарағы мен түсірмелерді қамтамасыз ету құралдарының жай-күйін санитарлық-гигиеналық бақылауды;

тыныс алу газдарының, химиялық сіңіргіштің және регенеративті заттардың сапасын медициналық бақылауды;

сүңгуірлерге кәсіби науқасқа және жазатайым жағдайларға шалдыққанда көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

2) сүңгуірлерді 45 м дейін тереңдікке түсіру кезінде медициналық қамтамасыз етуді дәрігерлер немесе фельдшерлер, ал 45 м жоғары тереңдікте тек дәрігерлер жүзеге асырады.

12 м дейін тереңдікке жұмыс, жаттығу және біліктілік түсірмелерін орындау кезінде медициналық қамтамасыз ету мен алғашқы көмек көрсету сүңгуір маманына немесе сүңгуір станциясының старшинасына (бригадиріне) жүктеледі;

3) 45 м дейін тереңдікке тікелей түсіру алдында әрбір сүңгуірден оның денсаулық жағдайы мен көңіл күйі туралы сұралады, ал 45 м астам тереңдікке түсу алдында медициналық тексерістен өтеді.

Медициналық тексеріс (сұрақ қою) нәтижелері сүңгуірдің жеке медициналық кітапшасына және сүңгуір жұмысының журналына медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын тұлға толтырады;

4) сүңгуір түсірмелеріне мынадай:

тамақ ішкеннен кейін 2 сағат ішінде;

науқастанған немесе күйі нашар;

шынайы науқастану белгілері болған жағдайда;

жалпылама түрде қажыған;

жүйке психикалық науқасқа шалдыққан;

мас күйдегі және оның салдары байқалатын сүңгуірлер жіберілмейді;

5) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын тұлғаларда су астына түсуді қамтамасыз етуге арналған медициналық аспаптар мен дәрі-дәрмектердің толық жиынтығы болады.

65. Сүңгуірді киіндіру:

1) сүңгуір жарағының кез келген түріне сүңгуір жұмыс тексерісін жүргізгеннен, сүңгуір жарағын дезинфекциялағаннан және ол жөнінде сүңгуір жұмыстарының журналында жазғаннан кейін киінеді.

Сүңгуірдің киінуі тікелей су астына түсіру орнында, осы мақсатта дайындалған алаңда сүңгуірдің су астына түсуге дайындығын су астына түсіру басшысы кезекті тексеріп, қамтамасыз етуші сүңгуірдің басшылығымен жүргізіледі.

Сүңгуірді жылдың жылы уақытында күркеде, ал жылдың салқын уақытында жылу берілетін үй-жайда киіндіру қажет. Ауаның температурасы 0 градус С және төмен болғанда, ауа температурасы қалыпты және судың температурасы 6 градус С төмен болғанда, 45 м жоғары тереңдікке түсіру кезінде сүңгуір екі жиынтық сүңгуір іш киімін киеді;

2) сүңгуірді киіндіру тәртібі пайдаланылатын жарақтың түріне байланысты болады, барлық жағдайда сүңгуір жейдесін немесе гидро комбинезонды кигеннен кейін басқа жарақтарды кигенге дейін сүңгуірдің беліне сүңгуір белбеуі кигізіледі және оған карабиннің көмегімен белгі беру арқаны немесе белгі беретін кабель бекітіледі.

Сүңгуірлерді жейдесіз немесе гидро костюмдерсіз түсіру кезінде белгі беру арқаны тыныс алу аппаратын кигізуден бұрын сүңгуірге кигізілетін сүңгуір белдігіне бекітіледі.

Белгі беру арқанының бос ұшы түсіру алдында сүңгуір бекетіне бекітіледі. Оны қандай да бір затқа байлауға болмайды;

3) түсіру орнынан алыс қашықтықта жеңіл сүңгуір жарағымен су астында сүңгуір жүзген кезде белгі беру құралының орнына сүңгуірдің орнын көрсету үшін кемінде 50 Н (5 кгс) қалқыма қалтқысы бар бақылау арқанын қолдануға болады. Бақылау арқанының ұзындығы жүзу аумағындағы тереңдіктен 20 %-ға артады. 15 м дейін тереңдікте бақылау арқанымен жүзуге болады және ескекшілері бар шлюпкамен және сақтандырушы сүңгуірмен қамтамасыз етіледі;

4) желдетілетін сүңгуір жарағы сүңгірге мынадай тәртіппен кигізіледі: сүңгуір іш киімі немесе жұмыс костюмі, сүңгуір жейдесі (белгі беру арқаны (белгі беру кабелі) бекітіледі), сүңгуір галоштары (қажет болған жағдайда жеңдер байланады), манишка, жүктер, одан кейін төменгі брасс бекітіледі, сүңгуір пышағы бекітіліп, сүңгуір дулығасы кигізіледі.

Сүңгуірді киіндіру кезінде желдетілетін сүңгуір жарағында түсіру үшін мынадай талаптар сақталады:

сүңгуір іш киімін немесе жұмыс костюмін кию кезінде бүрмелердің пайда болуын болдырмау қажет;

манишканы кигізу кезінде оған жейде фланецін тығыздап орнату қажет;

төменгі брассты керіп тартуды реттеу киініп тұрған сүңгуірдің нұсқауы бойынша жүргізіледі;

сүңгуір дулығасын кимес бұрын дулығаны, фланецті немесе сүңгуір жейдесінің жағасын зарарсызданыру қажет;

3 бұрандалы жарақты сүңгуір дулығасын бекіту кезінде қамтамасыз етуші сүңгуір жейде фланеці мен резеңке төсем қысқышының бір тегіс болуын, 12 бұрандалы жарақты дулығаны кию кезінде оның манишкаға дұрыс орнатылуын қадағалайды;

Алдыңғы жүктің шығырына сүңгуір шлангісі мен белгі беру арқанын (белгі беру кабелін) бекіту (байлау) қажет.

Желдетілетін жарақта сүңгуірді 3 бұрандалы жараққа киіндіру аяқталғаннан кейін су астына түсіру кезінде қамтамасыз етуші сүңгуір «Ауа берілсін!» деген команда береді және сүңгуірден «Ауа қалай?» сұрайды. «Ауа жақсы!» деген жауаптан кейін қамтамамыз етуші сүңгуір «Иллюминатор жиналсын!» деген команда береді. Бұдан соң алдыңғы иллюминатор таза, тұщы суға салынады және дулығаға әбден болғанша қолмен бұралады. Осы мақсатта рычагтарды қолдануға болмайды.

Тікелей сүңгуір басқышындағы сүңгуір дулығасына алдыңғы иллюминаторды су бетінде толқын болған жағдайда ғана бұрауға болады. Басқышта тұрған сүңгуірді белгі беру арқанымен (белгі беру кабелімен) ұстау қажет.

Қамтамасыз етуші сүңгуірдің командасы бойынша 12 бұрандалы жарақты дулығаның құтысын кигізер алдында дулығаға ауа беріледі де, жүйе үрленді және ауа беру реттеледі. 12 бұрандалы жарақты дулығаның құтысы сағат тілшесі бойынша бұрылыспен манишкаға мықтап және бекіткіш бұрандамен бекітіледі.

Жеңіл сүңгуір жарағы сүңгуірге мынадай тәртіппен кигізіледі: сүңгуір іш киімі немесе жұмыс костюмі, гидро костюм немесе гидро комбинезон (белгі беру арқаны бекітіледі), тұғырлы табандар (қорғасын сірлік), тыныс алу аппараты, жүк белбеуі (белдік жүгі), маска немесе басы бар жартылай маска, одан соң сүңгуір пышағы бекітіледі.

Шланг түріндегі жеңіл сүңгуір жарағын кигізу кезінде әуе шлангісі тыныс алу аппаратының құрылымында көзделген орынға бекітіледі.

Жеңіл сүңгуір жарағында суға дем шығара отырып, суға түсу алдында сүңгуір аппаратты тыныс алуға қосады және 1-2 минут ішінде тыныс алатын сүңгуір аппаратының тыныс алу автоматымен ауаның берілуін тексереді;

5) сүңгуірді кез келген сүңгуір жарағына кигізу аяқталғаннан кейін қамтамасыз етуші сүңгуір су астына түсіруге жетекшілік ететін басшыға сүңгуірдің дайындығы туралы баяндайды және оны түсіруге рұқсат алады.

Рұқсат алғаннан кейін қамтамасыз етуші сүңгуір дулыға қолдың жеңіл соққысымен немесе телефон байланысын пайдалана отырып, сүңгуірге су астына түсірудің басталғаны туралы команда береді;

6) сүңгуірді белгі беру арқанысыз немесе белгі беретін буй бар бақылау арқанысыз және сүңгуір пышағысыз түсіруге болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет