1-тарау. Негізгі талаптар Жалпы талаптар



бет9/13
Дата09.06.2016
өлшемі1.62 Mb.
#124622
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

10. Байланыс және дабыл
606. Карьер технологиялық үдерістерді бақылауды және басқаруды, жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мынадай байланыс және дабыл түрлерімен:

1) диспетчерлік байланыспен;

2) диспетчерлік өкімші-іздестіру дауыс зорайтқыш байланыспен және хабарландыру жүйесімен;

3) карьерішілік теміржол көлігіндегі қажетті байланыс түрлерімен;

4) сенімді ішкі телефон байланысымен жабдықталады.

607. Кен өндіру кәсіпорнының құрылымына байланысты карьердегі жұмысты басқарудың техникалық құралдары дербес болады немесе карьердің, байыту фабрикаларының, энерго жүйе мен көлік топтары үшін жалпы басқару жүйесінің бөлігін құрайды.

608. Диспетчерлік байланыстың өзінің құрамында мынадай түрлері болады:

1) тұрақты объектілерге арналған желілік байланыс құралдарын пайдалана отырып, диспетчерлік байланыс;

2) жылжымалы (тау-кен және көлік жабдығы) жартылай тұрақты объектілеріне арналған радио байланыс құралдарын пайдалана отырып, диспетчерлік байланыс.

Диспетчерлік желілік телефон байланысынан басқа, энерго жүйесі мен сорғы станциялары қашық тұрақты объектілер үшін электр желілері және радио байланыс бойынша жоғары жиіліктегі байланыс құралдары пайдаланылады.

609. Карьер диспетчерлерінің карьердің ведомстволық объектілерімен тікелей байланысынан басқа, бір-бірімен байланысы, карьердің басшыларымен және әкімшілік-шаруашылық байланыстың орталық телефон станциясымен байланысы болады.

610. Өкімдер, хабарламалар беру, карьердің аумағындағы қажетті тұлғаларды іздеу және басқа да ақпарат үшін диспетчерлік өкімші-іздестіру байланыстың техникалық құралдары қолданылады.

611. Карьер аумағындағы тұлғаны жару жұмысының басталуы және аяқталғаны туралы ескерту үшін карьердің барлық учаскесінде естілетін хабарлау жүйесі қолданылады.

612. Карьерлер мен үйінділердегі электр желілерінде жедел ауыстырып қосу кезіндегі байланыс үшін жеке жиілікте жұмыс істейтін радио байланысты пайдалануға болады.

613. Жоғарғы жиіліктегі байланыс арналары ретінде осы түрдегі желілер үшін қолданыстағы қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, электр беру желілері немесе карьердің электрлік байланыс желілері қолданылады.

614. Өткізілген телефон байланысының құралдары желілік-кабель құрылысы орнатылған тәртіпке сәйкес орындалады.

615. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін орталық бұғаттау жүйесінің (бұдан әрі - ОБЖ) желілері, теміржол көлігіндегі байланыс желілері дербес желілерге бөлінеді және ауыспалы токтың электр теміржолы желілерінің әсерінен қорғау және МСТ 14857 талаптарына сәйкес кедергі келтіретін және қауіпті жоғары кернеулі желілердің, байланыс желісінің, найзағай разрядтарының және кезбе токтың әсерінен қорғалады.

616. Байланыс желісінің тұрақты ток өткізгіштерінің әуе байланыс желілерімен станциялар арасындағы бөгеттерде байланыс желісінің тіректері арасындағы жолдарда қиылысуына болады және МСТ 67 сәйкес орындалады. «Әуе байланыс желілерінің ауыспалы ток байланыс желілерімен қиылысуына болмайды, жерге төселген кабель арқылы өтуге болады».

Тартылған арқаннан бастап байланыстырушы өткізгішке дейінгі қашықтық кемінде 2 м қашықтықта орналасады (ең нашар метеорогиялық жағдайларды: көк тайғақ, қырау, ең жоғары температураны ескере отырып).

617. Байланыс желісі кабелдерін аршу, өндіру және басқа да тау-кен жұмыстары қарастырылмаған карьер аумағында жерасты төсеуге болады.

618. Карьердің барлық аумағында қозғалыс бағыттары мен телефон аппараттарын немесе басқа да байланыс құралдары (жоғары жиілікті байланыс, радио) орналасқан жақын орналасқан бекетіне дейінгі қашықтықтың нақты көрсеткіштері орнатылады, олар шұғыл хабарлама арқылы беріледі.

Ашық ауада немесе жылу берілмейтін үй-жайларда орнатылатын байланыс аппаратурасы, оның орналасуы осындай жағдайлардағы қалыпты жұмысты қамтамасыз етеді.

619. Көлік құралдарынан басқа, байланыс және дабыл құрылғыларын қоректендіру аккумуляторлық батареялардан немесе тікелей қондырғылардан 220 В аспайтын желілік кернеумен жүргізіледі. 24 В аспайтын ОБЖ басқа сигнал құрылғылары үшін жалаң сымдарды пайдалануға болады.

Байланыс құраларын қоректендіруге арналған барлық жылжымалы электрлендірілген машиналар автономды қоректендіру көздерімен жабдықталады.

620. Әуе, жерасты коммуникацияларын қоса алғанда, барлық өндірісті басқарудың техникалық құралдарына толық техникалық құжаттама құрастырылады, оған он күннен кешіктірілмей жүзеге асырылғаннан кейін барлық өзгерістер енгізіледі.

621. Барлық байланыс, дабыл құралдарын мерзімді тексеру және жөндеу бақылау айына бір реттен кешіктірілмей, орташа және күрделі жөндеу ұйымның техникалық басшысы бекіткен кесте бойынша жүргізіледі.

622. Байланыс және диспетчерлік құрылысқа қызмет көрсететін персонал атқаратын лауазымына және орындалатын жұмысқа қатысты кәсіпорындардағы байланыс және диспетчерлік құрылыстарды пайдалану кезінде қолданыстағы қауіпсіздік техникасы талаптарын білуі тиіс және оларды орындайды, жұмыс орнында тәжірибелі маманның басшылығымен қауіпсіз жұмыс істеу әдісін үйренеді және нақты біліктілік тобын алу арқылы біліктілік комиссиясында білімін тексеруден өтеді.

623. Цехтардың, қызметтердің, учаскелердің басшылары, шеберлер мен байланыс және диспетчерлік құралдарға қызмет көрсететін, қауіпсіздік техникасы бойынша іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстарын орындайтын және қауіпсіздік ережесінің орындалуын бақылауды жүзеге асыратын басқа да лауазымды тұлғалар:

1) өз ұйымындағы қауіпті және аса қауіпті орындар мен жұмыс тізбелерін білуі және оның болуы;

2) жұмыс орындары мен жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз етуі;

3) жабдықтардың, тетіктер мен қоршаулардың ақаусыздығын қамтамасыз етуі;

4) жұмысшыларды қорғағыш құралдармен, бұйымдармен және аспаптармен қамтамасыз етуі, олардың дер кезінде тексерілуін бақылауы;

5) барлық жұмысшылардың жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптарын үйренуін қамтамасыз етуі және олардың сақталуын бақылауы тиіс.

624. Кернеуі 240 В астам әуелік радиоландырылған желілерде жұмыс істеген кезде сымдарда кернеудің жоқ екеніне көз жеткізу қажет, содан кейін қысқартып, екі жағынан жерге қосу қажет.

625. Кернеуі 240 В астам кабелді радиоландырылған желілерде барлық жұмысты кезде сымдарда кернеудің жоқ екеніне көз жеткізіп, қорек көзі көлемінен кабелді алдын ала ажыратып, кернеу беру орнында оны жерге қосу қажет.

626. Кернеуі 65 В астам радио ізденіс байланысы тораптарының жалаң ток өткізу бөліктері адамның байқаусызда жанасуынан қоршаулармен жабылады.

627. Найзағай кезінде әуелік және кабелдік байланыс желілеріндегі ендірмелерде электрді өлшеуге болмайды.

628. Күшейткіш қоршауларының, тікелей аппаратура мен жерге қатысты 240 В астам кернеуі бар трансформаторлардың есіктері мен жабылатын қабықшалары қоршалған қондырғыларды қоректендіру кернеуін ажырататын, түзеткіштер сүзгілерінің конденсаттарын разрядтайтын және шығатын күшейткіш трансформаторынан шығатын желілерді ажырататын бұғаттау құрылғыларымен жабдықталады.

629. Оқшаулағыш тұтқасы бар разрядтағыштың көмегімен күшейткіш аппаратурасын тексеру, тазалау және жөндеу алдында сүзгі конденсаторы разрядталады.

630. ОБЖ және байланыстың жедел-жөндеу персоналына ағымдық пайдалану тәртібінде жедел журналда жазып, мынадай жұмыстарды жүргізуге болады:

1) кернеуді алмай – реле стативтері мен жол қораптарындағы сақтандырғыштарды, бағдаршамдардағы шамдарды ауыстыру, радио аппаратураны реттеу;

2) кернеуді алып – жол және сигнал трансформаторлары мен тілше қозғалтқыштарын ауыстыру; сигнал және тілше кабелі желілерін ауыстырып қосу; стативтер мен шкафтардағы түзеткіштерді және қорек қондырғысындағы сақтандырғыштарды ауыстыру.

631. ОБЖ және байланыстың жедел-жөндеу персоналына өкім бойынша мынадай жұмыстарды жүргізуге болады:

1) кернеуді алмай – станциялар мен бекеттердің алғашқы панелдеріндегі фидерлерді фазалау жұмыстары;

2) кернеуді алып – алғашқы панелдердегі түйістіргіштер мен түйістіру орамдарын, түзеткіштер мен 24 және 220 В панелдердегі дросселдерді, ТС-25/0,5 трансформаторларын ауыстыру, оларды жөндеу және реле панеліне кабелдерді қосу. Жұмысты кемінде екі адамнан тұратын персонал жүргізеді.

11. Тартылыс күші шағын станциялары және

электрлендірілген көлік желілері
632. Теміржол көлігін электрлендіру кезінде ашық тау-кен жұмыстарында мыналар қолданылады:

1) кернеуі 3 және 1,5 кВ (3,3 және 1,65 кВ тартылыс ШС дөңгелектерінде) тұрақты ток;

2) кернеуі 10 кВ (тартылыс ШС дөңгелектерінде 10,5 кВ) ауыспалы бір фазалы ток 50 Гц қолданылады.

Кернеу деңгейі едәуір жоғары тартылыс ШС жобалау өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органнан алған рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады.

633. Ауыспалы және тұрақты токтың тартылыс ШС трансформаторлар мен тартылыс кернеуінің дөңгелектеріне тікелей агрегаттардың параллель жұмыс қарастырылады.

634. Алынған электр жабдығы мен тартылыс ШС сызбалары (оның ішінде тұрақты токтың тартылыс ШС тікелей кернеуі жағынан) тартылыс желісінің берік қорғағышы мен жабдық және ең жоғарғы режимдегі қысқа тұйықталу тогынан шағын станциялар, сондай-ақ тартылыс күшімен қатар өлшенетін (сымның жерге құлауы, жерге қосылмаған жабдық бөлшектерінің рельске жанасуы және басқалары) шамаға дейін токты шектейтін ауыспалы кедергі арқылы тұйықтауды қоса алғанда, барлық қысқа тұйықталу түрлері кезіндегі зақымданған учаскелерді селективті ажырату қамтамасыз етіледі.

635. Тартатын шағын станцияларда тез әсер ететін тиристорлы реактивтік қуат компенсаторы негізінде дайындалған, желідегі жоғары үйлесімділікті басуға арналған сүзгілік құрылғы етіндегі қорек трансформаларының жүктемесін симметрлеуге арналған құрылғы қолданылады.

636. Түзеткіш агрегаттары: «плюс» дөңгелегіне тез әсер ететін автоматты ажыратқыш арқылы, ал «минус» дөңгелегіне ажыратқыш арқылы қосылады.

637. Тұрақты токтың тарту шағын станциялары тұрақты ток БҚ тұйықталу болған кезде шағын станцияның барлық түзеткіш агрегаттарын ажыратуға әсер ететін «жерге қосылған» қорғау жүйесімен жабдықталады.

638. Ауыспалы және тұрақты ток шағын станцияларындағы еңіс желілері әуелік және жерден тартылыс желісі кернеуіне оқшауланған болады. Сорғы желілерінің шағын станцияға шығатын жолдары оның белгіленген жиынтық қуатына есептеледі. Шағын станцияға еңіс желісінің ең аз саны - кемінде екеу болады.

639. Еңіс желілерін шағын станцияның орналасу контурына қосуға болмайды.

Еңіс желілері сорғы бекеттеріндегі оқшау шығарылған контурға қосылады. Сорғы желілерінің сымдары рельстерге көп нүктеден қосылады. Сорғы бекеттерін жерге қосуға арналған контур шағын станциялар үшін қарастырылған нормативтер бойынша орындалады және коммуникациялар мен құрылыстардан қашық кемінде 100 м қашықтықтағы орындарда төселеді. Контурды жерде төсеу тереңдігі мүмкіндігінше ең үлкен, бірақ кемінде 0,4÷0,6 м етіп қамтамасыз етіледі.

640. Тартатын шағын станциялардың жеке қажеттігін қоректендіру үшін аумақ шегінен тыс бөгде тұтынушылардың қосылуына жол берілмейтін екі төмендеткіш трансформаторлары қолданылады.

641. Бөлу бекеттері, әдетте, сырттан орнатылатын жиынтық бөлу бекеттері негізінде орындалады. Жеңіл құрылымды ғимарат салынған жабық түрдегі бөлу бекеттерін пайдалануға болады.

642. Бөлу бекеттері кемінде төрт қорек желісіне жобаланады және тартатын шағын станциядан екі ендірмесі болады.

643. Бөлу бекеттерінің электр жабдығы жақын орналасқан теміржолдардың рельстеріне оқшау өткізгішпен, бөлу бекетін жерге қосу магистралына қосатын арнайы шығарылған контурға «жерден» қорғайтын ток релесі арқылы жерге қосылады.

Бөлу бекетінің жеке қажеттілігін қоректендіру үшін сырттан орнатылған 6-10/0,4 кВ жинақ шағын станциясын қолданады. Жеке қажеттілікті басқа көздерден қоректендіруге және шеткі тұтынушыларды көрсетілген ЖТШС қоректендіруге болмайды.

645. Желілердің бөлу бекеттерін қоректендіретін соңғы тіректер 7 км аспайтын қашықтықта камераның фронт бойымен орналасады. Желілерді қоректендіретін соңғы тіректері орнатылған бөлу бекетінің аумағы биіктігі кемінде 2,4 м дуалмен қоршалады. Қоршау желілерді қоректендіретін соңғы тіректердің іргетастарынан 1 м жақын емес орналастырылады. Бөлу бекетінің камерасының айналасына ені кемінде 1 м қатты жабынды төсем қарастырылады.

646. Тартылыс желісі құрылыстарының құрылыс бөлігі осы Талапта келтірілген қосымша талаптарды ескеру кезінде қолданыстағы құрылыс нормаларына сәйкес орындалады.

647. Байланыс желісіндегі кернеудің бар екендігі туралы ескертетін сигнал шамдардан басқа, тұрақты жұмыс істейтін машиналарды және түрлі тетіктерді, тұрақты жарықтандыру мен басқаларын электр энергиясымен қоректендіру үшін тартылыс желілерін пайдалануға болмайды.

648. Тұрақты электрлендірілген теміржолдарды салу кезінде жерасты құрылыстары үшін қолданыстағы нормативтер бойынша мүжілуден қорғау талаптары орындалады.

649. Электрлендірілген теміржолдар үстінен орналасқан жүргінші көпірлері мен тепловоздарда екі жағынан биіктігі 2 м дейін және ені кемінде 1 м байланыстырушы өткізгіштен екі жаққа тұтас сақтандыру қалқандары орнатылады.

650. Байланыс желісі секциялық оқшаулағыштардың, бейтарап ендірмелердің немесе оқшаулағыш жанастырмалардың көмегімен бір-бірінен бөлек жеке учаскелерге (секцияларға) бөлінеді.

651. Жылжымалы байланыс желілері шағын станцияның жеке желілерінен немесе бөлу бекетінен қоректендіріледі. Желіден карьердегі немесе үйіндідегі екеуден аспайтын тиеу немесе түсіру фронттар қоректендіріледі.

652. Орталық ток ажырату желісінен бүйірлік ток ажырату (және керісінше) желісіне байланыс желісі ауыспалы учаскесінің жұмыс бөлігінің ұзындығы кемінде 40 м.

653. Күшейткіш желілер көлденең созылған арқандар мен көлденең аспалардың қатты ригельдерінде жолдың қарама-қарсы жағынан байланыс желісінің тіректерінде орнатылады. Күшейткіш және байланыс желілері арасындағы қосқыштар 150-200 м сайын орналасады.

654. Қиманың биіктігіне байланысты байланыс өткізгіштерінің тозуы осы Талаптардың 7-қосымшасына сәйкес анықталады. Байланыс өткізгіштері шекті тозуы мен өткізгіштердің қалған бөліктеріндегі қиманың биіктігі:

Көрсеткіш



Байланыс жетегінің маркасы

МФ-100

МФ-85

Ток ажырату желілерінде

орталық

бүйір

орталық

бүйір

Шекті тозу, мм2, аспайды

35

40

25

30

Қиманың қалған бөлігі, мм кем емес

7,79

7,38

7,53

7,08

655. Жолдың шүлдігінен бастап тіректің ішкі бетіне дейінгі қашықтық:




Аспалы байланыстырушы өткізгіштің түрі

Тіректі орнату орны

Қашықтық, мм

Қалыпты

Ең қысқа

Тіректі кюветтен тыс орнатқан кезде

Орталық

Тік және сыртынан қисық

3100

2750



Ішінен қисық

3350

3300

5000-5500

Бүйір

Тік және ішінен қисық

4200

3500



656. Байланыстырушы өткізгіш ретінде шекті кермесі осы Талаптардың 8-қосымшасында келтірілген нақты қиманың пішіндік мыс өткізгіштері қолданылады.

657. Байланыстырушы желілерді жасанды құрылыстардың ішінен қабатталып оқшауланады, жолдың тікелей учаскелердегі аспалардың арасындағы қашықтық 20 м аспауы тиіс.

658. Құбырлар мен басқа да объектілердегі байланыстырушы өткізгіштер аспасының (кемінде 7 м) жеткіліксіз габаритінде құбырлармен және басқа да объектілермен электрлендірілген жолдармен қиылысқан кезде электровоздың пантографына жанасу мүмкіндігін болдырмайтын оқшауланған шой балға қондырғысы қарастырылады.

659. Қоректендіру және байланыстырушы желілерді секциялау бекеттеріндегі ажыратқыштар рельстер бастарының деңгейінен (немесе жердің бетінен) кемінде 6 м биіктікте орналасады, ал оларды желіге қосу өткізгіштерін таңдау қорек желісінің номинал тогы бойынша жүзеге асырылады.

660. Тұрақты және уақытша тұрақты жолдардың рельс шынжырлары тұрақты ток үшін қимасы кемінде 70 мм2 және ауыспалы ток үшін 50 мм2 иілгіш дәнекерленген мыс жік қосқыштарымен жабдықталады. Дәнекерленген жіктің ұзындығы кемінде 250 мм2 .

661. ОБЖ жабдықталмаған электрлендірілген темір жолдарда рельс аралық электрлік қосқыштар әрбір 300 м сайын және бекет аралық 600 м сайын орындалады.

662. Электровоздардың қозғалысы үшін пайдаланылмайтын барлық рельс жолдары оқшаулағыш жіктердің құрылғысымен электрлендірілген жолдардан оқшауланады.

663. Тез тұтанатын сұйықтықтарды ағызу және құю үшін электрлендірілген жолдар мен тұйықтар әрбір рельс шынжырында бір-бірінен жылжымалы құрамды ағызу-құю үшін өткізу кезінде олардың бір мезгілде жабылуын болдырмайтындай қашықтықта екі оқшаулағыш жігін орнату арқылы оқшауланады.

664. Тартылыс желісінің негізгі тораптарын оқшаулау табақша (аспалы) немесе стержень оқшаулағышпен қамтамасыз етіледі: тұрақ ток кернеуі 1,5 кВ болған кезде – бір оқшаулағыш; тұрақты ток кернеуі 3 кВ – металл тіректерде екі оқшаулағыш, бір оқшаулағыш ағаш тіректерде орналасады. Тұрақты ток желілерінде: кернеу 10 кВ болған кезде – екі оқшаулағыш; кернеу 25 кВ болған кезде – үш оқшаулағыш. Бойлық аспаның анкерлік гирлянділерінде гирляндідегі оқшаулағыш саны біреуге артық болады.

665. Тұрақты және жылжымалы байланыстырушы желілердің құрылғыларындағы атмосфералық шамадан тыс кернеу әсерін шектеу үшін мынадай разрядтағыштар орнатылады:

1) тұрақты ток кезінде: екі параллель әуе аралықтарының әрқайсысы 5+1мм орақ;

2) ауыспалы ток кезінде: 10,5 кВ (35 кВ) номинал кернеуге шүмекті немесе тұрақты токта екі аралықтың әрқайсысы 45+6мм орақ.

666. Тұрақты токтың ауырлық желілерінде орақты разрядтағыштар орнатылады:

1) данкерлік тіректе немесе анкерлерден, соңғы тіректерден үш өту жолынан ұзақ емес және анкер аралық жанасу бекеттерінде орналасқан тіректердегі тұрақты тартылыс желілерінде;

2) шектеулі-жылжымалы байланыстырушы желілерде – данкерлік немесе оларға жақын орналасқан тіректерде.

667. Желіні бүйір және орталық байланыстырушы желілердің анкерлік учаскелерінің бір орақты разрядтағышымен;

1) қорек бекеттерінде, соңғы немесе соңғы тіректерге жақын орналасқан қорек желілерінің шыққан бөліктерінде және бөлу бекеттерінде;

2) байланыстырушы желі мен қорек желілерінің анкерлері үшін пайдаланылатын жасанды құрылыстарда;

3) газ өткізгіштері бар қиылыстарда – қиылысу бекеттеріндегі байланыстырушы желілердің жақын орналасқан тіректерінде қорғауға болмайды.

668. Ауыспалы токтың байланыстырушы желілерінде вентильді разрядтағыштары орнатылады:

1) станциялардың қылталарында – бөгет жағындағы әуе аралықтары мен желі ажыратқыштарынан бір өткіннен аспайтын;

2) байланыстырушы желі секцияланған және құрылыстың екі жағынан, әсіресе, өткін жағынан, бір жақты қоректендіргіші бар жасанды құрылыстарға өту жолдарында – құрылыс желісін бөгет желісінен бөлетін бейтарап ендірмелерден бір өткіннен алыс емес;

3) тұрақты және жылжымалы байланыс желілерінің консоль учаскелерінің соңында;

4) қоректендіргіш желілерде: байланыстырушы желілерге қосу орындарында (егер байланыстырушы желіде разрядтаушылар қосу орнынан бір өткіннен алыс емес орналасса); желінің ұзындығы 300 м аспайтын тартылыс қашықтығынан 180-200 м.

669. Кермесі бар анкерлік және басқа да тіректерде орақты және түтікшелі разрядтағыштарды орнатуға болмайды.

670. Орақты және түтікшелі разрядтағыштар рельс жолдарының тартатын арқандарына, жол дроссель-трансформаторларының орта нүктелеріне қос тұйық жерге қосу өткізгіштерімен қосуға болмайды.

671. Ауырлық күші, сигнал, телефон, жарық беру және басқа да кабелдердің қабықшалары рельске немесе тіркеме шағын станцияларының контурына, олардың жерге қосу сызбаларына қарамастан, барлық металл құрылымдары мен құрылғыларынан оқшауланады. Тіркеме шағын станция аумағында осы кабелдерді төсеу:

1) жердегі және оның бетіндегі оқшауланған құбырларда;

2) ғимараттарда – металл емес негіз бойынша төсеу кезіндегі қосымша оқшаулағышсыз жүзеге асырылады.

672. Тұрақты токтың байланыстырушы желісінің бөліктерінен 5 м кем және қысыммен жұмыс істейтін ауыспалы токтың байланыс желілерінің бөліктерінен 10 м қашықтықта орналастырылған металл құрылымдар (көпірлер, жол өткізгіштер, бағдаршамдар, тиеу-түсіру құрылыстары және басқалары), байланыстырушы желінің металл тіректері мен оқшаулағыштарды бекіту, теміржол тіректеріндегі байланыс желілерінің бөлшектері, секциялық ажыратқыштардың жетектері, ағаш тіректерге орнатылған жұмыс істемейтін анкерлік тармақтар мен компенсаторлардың жүктері жерге қосылуы тиіс.

673. Ағаш тіректерге орнатылған өзге де арматура ағаш бойымен тірек арматурасы мен керме бөліктері арасындағы қашықтық 400 м кем болса, жерге қосылады. Бұл ретте жерге қосу өткізгіші кермелер мен және оларды тірекке бекіту бөлшектерімен жанаспайтындай етіп тірек бойынша төселеді.

674. Жерге қосу құрылымды екі тіркеме рельсіне немесе дроссель-трансформатордың нөлдік нүктесіне қосу арқылы орындалады.

675. Жерге қосу өткізгіштері мен оларды рельске қосу орындары бақылау үшін қол жетімді болады.

676. Байланыстырушы желілердің тіректері мен жақын орналасқан басқа да құрылыстары жерге қосу жеке және топтық жерге қосу өткізгіштерімен орындалады.

677. Топтық жерге қосу жерге қосқыштарды төсеу қиындық келтіретін немесе олардың зақымдануы мүмкін орындарда орнатылатын байланыстырушы желілердің тіректері үшін қолданылады.

678. Тіректің топтық арқанға ұшынан қосу үшін рельске немесе жолдың дроссель-трансформаторының ортаңғы нүктесіне қос өткізгішпен қосу орнынан бастап қашықтық тұрақты ток кезінде 300 м және ауыспалы ток кезінде 200 м аспайды.

679. Жеке жерге қосу және топтық жерге қосу өткізгішінен жерге түсіру электрлендірілген тұрақты ток желілерінде диаметрі кемінде 10 мм, тұрақты ток желілерінде 12 мм болат шыбықтан жасалады.

680. Тартылыс желісіне қосып, қос өткізгішпен мынадай:

1) адамдар үшін жалпы қол жетімді орындарда, яғни думпкаларды тиеу және түсіру орындарында, жолдан жерлерде, фабрика аумағында және сол сияқты жерлерде орналасқан байланыс желісінің тіректерін;

2) разрядтағыштар, секциялық ажыратқыштар мен оларға келетін жетектер (ағаш және темірбетон тіректерінде) орнатылған тіректерді;

3) құбыр құрылымдарының тірек металл бағандарын, электрлендірілген жолдардың аймағындағы жүргінші және сигнал көпіршелерін жеке жерге қосу орындалады.

681. Ұзындығы 50 м астам металл көпіршелер мен жол өткізгіштері дроссель-трансформатор арқылы немесе рельске тікелей жерге қосылады.

Тұрақты ток желілеріндегі теміржол өткін құрылымдары арматурасының теміржолдардың тіркеме рельстерімен немесе тіркеме рельстермен қосылған металл құрылыстармен қосқыштары болады.

682. Желілерді қоректендіретін, дербес трассалар бойымен жүретін барлық металл тіректер, темір бетон тіректеріндегі аспалар мен анкерлердің металл құрылымдары жерге қосылуы тиіс. Желілерді қоректендіретін ағаш тіректерде темір бетон тіректеріндегі аспалар мен анкерлердің металл құрылымдары жерге қосылады. Желілерді қоректендіретін ағаш тіректерде металл консолдар, разрядтағыштар, секциялық ажыратқыштар мен олардың жетектері жерге қосылады. Барлық жағдайларда тіректердің аталған элементтерін жерге қосу қысқа тұйықталу кезінде тіркеме шағын станцияларында қорғағыштың берік іске қосылуы, жанасу адымының қауіпсіз кернеуі қамтамасыз етілетіндей етіп орындалады.

683. Тұрақты және ауыспалы қорек желілерінің трассасынан өту кезінде 5 және 10 м тіректен кем қашықтықта электрлендірілген теміржол бойымен рельске жерге қосылады.

684. Тұрақты және ауыспалы қорек желілерінің трассасынан өту кезінде олардың тіректерінің рельстерінен алыс сорғы желілерінің өткізгіштеріне, ал олар болмаған жағдайда топтық жерге қосқыштың аспалы өткізгішіне жерге қосылады, оның ұзындығы мен қимасы тартылыс желісінің тіректеріне қысқа тұйықталудан қорғаудың сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

685. Электрлендірілген теміржолдардан қашық орналасқан қоректендіретін ауыспалы ток желілері тіректерінің айналасында 0,2-0,5 м тереңдікте төселген тегістейтін жерге қосқыштар қарастырылады. Тірек шегінен бастап тегістейтін контурға дейінгі қашықтық кемінде 0,8 м.

686. Тіркеме шағын станциясы аумағында орналасқан қорек желілерінің тіректерін жерге қосу тіркеме шағын станциясының жерге қосу контурына және бір мезгілде ұшқынды аралық арқылы сорғы желісіне тұйық қосумен орындалады. Қоректендіретін ауыспалы токтың тіректері тіркеме шағын станциясының контурымен байланысы жоқ сыртқы контурға жерге қосылады немесе сорғы желісіне тұйықтай қосылады. Осы желілердің тіректерінің іргетастары айналасына 0,5 – 0,7 м тереңдікте және тірек шегінен 0,8 – 1 м қашықтықта тегістейтін жерге қосқыштар төселеді.

687. Жерге қосу өткізгіштері мен оларды рельстерге жерге қосылған құрылғымен қосу орындары бақылау үшін қол жетімді болады.

688. Басқа электрмен жабдықтау жүйелерінен қоректендірілетін және байланыстырушы өткізгіштен оның корпусында қысқа тұйықталудың болуы мүмкін аймақтардағы тартылысы жоқ жабдық рельстерге қосылады.

689. Байланыстырушы өткізгіш аспасының биіктігі өткізгіш орталықта орналасқан жағдайда рельс басының үстінде кез келген өткін нүктесіндегі бөгеттерде 5750 мм және станцияларда 6250 мм.

Электровоздар мен тартылыс агрегаттарына арналған аспа нүктелеріндегі байланыстырушы өткізгіштің ең үлкен биіктігі орталық ток ажырату биіктігінің жұмыс тербелісінің шектерімен 5500÷700 мм – 6800 мм, 5100÷6500 мм – 6500 мм аспайды.

Қолданыстағы жасанды құрылыстардан төмен және кәсіпорындар цехтарының ғимараттарында байланыстырушы өткізгіштер аспасының ең төменгі биіктігі – 5500 м, орталық ток ажыратқыш биіктігінің жұмыс тербелісінің шектерімен 5100-6500 мм, техникалық негіздеме кезінде 5200 мм дейін төмендетілуі мүмкін.

690. Рельс басының деңгейінен жоғары бүйірлік байланыстырушы өткізгіштің аспа биіктігі кемінде 4400 мм және 6300 мм аспайды. Жолдың шүлдігінен бастап бүйірлік байланыстырушы өткізгішке дейінгі қашықтық шөміш сыйымдылығы 5 м3 астам экскаваторлармен тиеу кезінде 3700-4200 мм шегінде және сыйымдылығы аз шөмішті экскаваторлармен тиеу кезінде 2700-3200 мм болады.

691. Байланыстырушы өткізгіштен бастап көлденең аспаның оқшауланған бекіту арқанына дейінгі қашықтық кемінде 300 мм болады. Оқшауланған көтергіш және бекіткіш арқандар арасындағы қашықтық кемінде 300 мм.

692. Байланыстырушы өткізгіштен бастап олардың үстінен орнатылған жасанды құрылыстар мен тірек құрылғыларының (көпірлердің, жол өткізгіштерінің, жүргінші көпіршелерінің, ригелдердің, сигналдық көпіршелердің, әуе- және бу өткізгіштердің және басқаларының) жерге қосу бөлшектеріне дейінгі қашықтық едәуір қолайсыз метеорологиялық жағдайларда тұрақты ток кезінде кемінде 500 мм және ауыспалы ток кезінде 650 мм болады. Ең қысқа қашықтық олардың жасанды құрылыстардың жерге қосу бөлшектеріне жанасуын болдырмайтын байланыстырушы өткізгіштің оқшауланған құралдарын орнату кезінде ғана болады.

693. Кәсіпорынның электрлендірілген жолдарында басқа түрлі электровоз түрлерін пайдалану кезінде, осы жолдармен габариттік емес жүктерді тасымалдау кезінде байланыстырушы өткізгіштің ең төменгі биіктігі әрбір жағдайда байланыстырушы өткізгіштен бастап жүктің немесе жылжымалы құрамның тұруы қарастырылмайтын станциялардағы бөгеттер мен жолдар үшін локомотивтің ең жоғарғы нүктесіне дейінгі ең аз қашықтықтың негізінде 450 мм анықталады, станциядағы қалған жолдар үшін – 950 мм.

694. Бекіткіштердің, анкерлердің, иілгіш бөгеттердің бекіткіш және көтергіш арқандарының, күшейткіш, қорек және тұрақты байланыс желілерінің тіректеріне ілінген сорғы желілерінің оқшаулағыштары қысыммен жұмыс істейтін тартылыс желілерінің бөлшектері тіректің жақын орналасқан шегінен байланыстырушы тұрақты ток желісінде кемінде 800 мм және байланыстырушы ауыспалы ток желісінде 1000 м қашықтықта алысырақ орналасады.

695. Цехтардағы және жасанды құрылыс астындағы бүйірлік байланыстырушы өткізгіштердің аспаларының биіктігі шамамен 4,5÷5,0 м қабылданады. Бүйірлік байланыстырушы өткізгіш ғимарат (немесе қабырғаларынан) бағандары шегінен кемінде 0,5 м қашықтықта орналастырылады.

696. Жасанды құрылыстар шегінде ток қабылдағыш пен қысыммен жұмыс істейтін байланыстырушы желілердің бөліктерінен бастап құрылыстардың жерге қосылған бөлшектеріне дейінгі қашықтық мынадай мәндерден кем емес қабылданады: 1 кВ дейін номинал кернеу кезінде – 150 мм; 4 кВ дейін – 200 мм; 10 кВ дейін – 250 мм 10 кВ астам – 350 мм. Қысылған орындарда (қолданыстағы жасанды құрылыстардың астынан, құрылғылар, бүйірлік байланыс желілері ұстап тұратын) осы қашықтықтар 10, 150, 200 және 250 мм дейін қысқаруы мүмкін.

Люк арқылы вагондарды тиеу кезінде (мысалы, бункер арқылы) байланыстырушы өткізгіштен бастап люктің шетіне дейінгі қашықтық кемінде 300 мм.

697. Тартылыс желісінің әуе желілерінің қорек, сорғы және күшейткіш өткізгіштерінен бастап жерге дейінгі олар құрылыстармен қиылысқан және жақындаған кездегі қашықтық осы Талаптың 9-қосымшасында келтірілген.

698. Қорек және күшейткіш желілерінің өткізгіштері арасындағы және жерге қосылған құрылымдарға дейінгі қашықтықтардың шекті шамалары осы Талаптың 10-қосымшасында келтірілген.

699. Тұрақты және шектеулі жылжымалы жолдардың тікелей учаскелерінде байланыстырушы өткізгіштер зигзаг тәріздес, яғни жолдың шүлдігінен немесе бекіту нүктелерінде 300 мм басқа жағына рет-ретімен ажыратып орналастырылады. Жолдың қисық учаскелерінде тіректердегі байланыстырушы өткізгіштерден ауытқу өткіннің ұзындығына және 150-400 мм дейін өткіндердегі қисықтық радиусына байланысты орнатылады және өткін ортасында, әдетте, ток қабылдағыш табанының шүлдігі бойымен байланыстырушы өткізгіштің орналастырылуына байланысты анықталады.

Қатты бүйірлік аспа кезінде тікелей өткізгіштегі зигзаг шамасы мен бекіту нүктелеріндегі қисық өткізгіштердегі ығыстыру пайдаланылатын электровоздардың бүйірлік ток қабылдағыштары табанының ұзындығына байланысты белгіленеді.

700. Байланыстырушы өткізгіштің пантограф шүлдігінен ең үлкен көлденең ауытқушылығы (табанның жұмыс бөлігінің ұзындығы 1,3 м кем емес) тікелей тіректердің бүгілуін ескере отырып – 500 мм және жолдың қисық учаскелерінде – 450 мм.

701. Қос байланыстырушы өткізгіштер бір-бірінен 100 м аспайтын қашықтықта орналасады, тікелей өткізгіштердегі зигзаг пен қисық өткізгіштердегі байланыстырушы желінің шығарылған шамасы өткізгіш жолының шүлдігіне қатысты ең алыс өткізгіш үшін анықталады.

702. Жерге қосылған өткізгіштерден бастап (топтық жерге қосқыштардан, толқын өткізгіштерден және басқаларынан) жердің бетіне дейінгі ең қысқа қашықтық тетіктер мен монтаждау бұйымдарының жұмыс жағдайына байланысты, ал өткелдерде кернеуі 1000 В дейін өткізгіштер үшін қабылданады.

703. Кәсіпорындардың электрлендірілген теміржолы арқылы автомобиль жолдарының өткелдерінің екі жағынан биіктігі 4,5 метрден аспайтын габаритті қақпа орнатылады. Барлық жағдайларда габариті қақпалардың биіктігі байланыстырушы өткізгіштің аспасынан кемінде 0,5 м кем болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет