1. Технология. Макроскопиялық, микроскопиялық және нанометрлік объектілер. Нанотехнология. Наномотордың принципті сызбасы. Технология


Айырудың дифракциялық шегі. Электрондық линзалар. Еркін жолдың орташа ұзындығы. Фуллерендерді алу әдістері



бет6/7
Дата27.12.2022
өлшемі215.33 Kb.
#467962
1   2   3   4   5   6   7
шллшллш

15. Айырудың дифракциялық шегі. Электрондық линзалар. Еркін жолдың орташа ұзындығы. Фуллерендерді алу әдістері. Адамның көзі 25 см қашықтықта 0,1 мм шамалас объектісін көреді.Одан ұсақ объектілерді көру үшін әртүрлі оптикалық аспаптар қолданылады: лупа, оптикалық микроскоп және т.б.Қазіргі оптикалық микроскоптарта ұлғайтқыш күші 1500 есе дейін барады. XIX ғасырдың 70-ші жылдары Рэлей анықтаған айырудың дифракциялық шегі деп аталатын мәселенің болуы:арақашықтығы мына шамадан төмен объектілерді айырып көруге болмайды. d=0.61λ/n. Мұнда λ – жарық толқынның ұзындығы, n – ортаның сыну көрсеткіші. Оптикалық диапазон (көз көретін жарық) 400 нм-ден (күлгін) 800 нм(қызыл) аралықта болады.Электрстатикалық және электрмагниттік линзалар көмегімен электрондар шоғын фокустаудың алғашқы тәжірибелері XX ғ. 20-шы жылдары өткізілді. Ең алғашқы электрондық микроскоп И.Руска Берлинде құрастырған. Оның өту микроскопы ұңтақтарды, жұқа ұлпаларды және қиықты зерттеуге арналған. Растрлік электрондық микроскопта да жоғары энергиялық электрондар көзі мен конденсор жүйесі бар. Мұнда үлгі беттігін электрондар шоғымен сканерлеуге мүмкіндік беретін қосымша электрмагниттік басқару линзасы қолданылады. РЭМ микроскоптағы басқару линзасы өту электрондық микроскоптағы объективке ұқсас функциясын орындайды. Сондықтан ол микроскоптың қорытқы ажырату қабілетін анықтайды. Бірақта, растрлік микроскопта басқару линзасы үлгінің үстінде орналасады және сигналды жинақтауға ешқандай қатысы жоқ.
Кейбір электрондар 90˚-тан үлкен бұрышқа шашырайды және материалдан шығып кетуі мүмкін.Электрондар кері қарай беттік қабыитқа шағылысады. Осы қабаттың қалындығы шамамен еркін жүру жолдың ұзындығына тең. Еркін жолдың XD ұзындығы – бұл электронның ену тереңдігі, оған жеткенде электрон үш бағытта бірдей ықтималдылықпен қозғалады. XD аз тереңдіктерде электронның алғашқы өсі бойымен қозғалуы басқа бағыттарға қарағанда басым болады.
1985ж. көміртектің бұрын белгісіз формасы фуллерендер ашылды. Фуллерен көміртектің жаңа аллотропиялық формасы болып табылады. 60 атомнан құрылған және C60 болып белгіленетін фуллеренннің молекуласы кеңінен зертелінді.C60 құрылымында 20 алтыбұрыш және 12 бесбұрыш бар.
Фуллерендерді алу әдістері:
Графиттің буландыру мен десублимациясы(Графиттің буландыруы 2000К жоғары температурада өткізіледі.)
Көмірсутектердің пиролизі
Қыздыру тәсілдері:
Доғалық (электр доға көмегімен)
Резистивтік (Джоуль жылу есебінде)
Сәулелік (лазер сәулелендіру, күн концентраторлары немесе электрондар шоғы көмегімен)
Плазмалық
Индукциялық (жоғары жиілікті токтарымен)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет