2. Паули принципі. Аумақ. Рұқсат етілген аумақ. Тыйым салынған аумақ. Квантты өлшемді эффект.
Валентті аумақ. Өткізгіштік аумағы. Мембраналық күштік элементі бар микросорғыштың конструкциясы.
Паули принципы:Бір энергетикалық деңгейде екіден
артық электронның болуы мүмкін емес Бір атом екіншіге жақындағанда,деңгейлер екіге бөлшектенеді
Энергетикалық деңгейлердің үзілмейтін тобы аумақ деп аталады.Аумақ рұқсат етілген және тыйым салынған болып екіге бөлінеді.
Рұқсат етілген аумақ дегеніміз – бұл энергияның деңгейлері бар және онда электронның болуы рұқсат етілген аумақ.
Тыйым салынған аумақ дегеніміз – бұл энергияның деңгейлері жоқ және онда электроның болуына тыйым салынған аумақ.
Квантты өлшемді эффекті дегеніміз – бұл нанобөлшектердің өлшемі азайғанда энергетикалық ауысулары мен сәулелену кванттар энергияларының артуы.
Валентті аумақ дегеніміз – бұл валентті электрондардан құрылған энергетикалық аумақ.
Валентті аумақтан жоғары орналасқан аумақ – өткізгіштік аумағы деп аталады.
Суретте мембраналық күштік элементі бар микросорғыштың
сызбасы көрсетілген.
Электрстатикалық принципімен басқарылатын және пассивті беттік клапаны бар диафрагмалық микросорғыштың конструкциясы
Бұндай насос төрт кремний кристалынан жасалады.
Әрбір кристалда керекті элементтер орындалады және одан
кейін бір-біріне жабыстырылады.
1-ші қабатта мембрананың қарсыэлектроды бар.
2-ші қабат кремнийдің жұмысшы мембранасын құрайды.
Мембрананың беткі қабаты металмен қапталған. Барлығы
бірігіп олар блоктың электржетегін құрайды, бірақ бір-бірінен
электрлік оқшауланған.
3-ші және 4-ші қабаттар бірігіп клапанды блокты құрайды
.
5.Нанобөлшек. Нанокластер. Оптоэлектрониканың құрылғылары, олардың функциялары
Нанобөлшек - қоршаған ортамен нақты анықталған шекарасы бар оқшауланған қатты фазалық объект, оның өлшемдері барлық үш өлшемде 1-ден 100 нм-ге дейін ауытқиды. Нанокластерлер атомдық дәл кристалды материалдар болып табылады, олар көбінесе 0-2 нанометр масштабында болады. Оптоэлектроника - ақпаратты өңдеу, сақтау және беру үшін оптикалық және электрлік әдістерді қолданумен айналысатын электроника бөлімі. Оптоэлектрондық құрылғылар - бұл көрінетін, инфрақызыл және ультракүлгін аймақтардағы электромагниттік сәулеленуге сезімтал құрылғылар, сондай-ақ осындай сәулеленуді шығаратын немесе пайдаланатын құрылғылар.
Достарыңызбен бөлісу: |