1 технологиялық БӨлім 1 Басылымның техникалық сипаттамасы


Негізгі материалдарды таңдау



бет3/8
Дата16.06.2016
өлшемі1.02 Mb.
#140771
1   2   3   4   5   6   7   8

1.3.2 Негізгі материалдарды таңдау

Қағаз – бұл арнайы өңдеуден өткен өсімдік талшықтарынан құралған материал. Қағаз жасау үшін целлюлоза, ағаш массасы және т.б. талшықты материалдар қолданылады. Қағаздардың салмағының массасы 7 ден 150 г/м2 дейін болады.

Қағазды дұрыс таңдау, оны басуға дайындау және сақталу жағдайының дұрыс болуы өнім сапасына тікелей әсер етеді. Баспагер үшін қағаз сапасы ең алдымен дұрыс, жақсы болған сайын, басылған өнім эстетикалық жағынан соғұрлым әдемі болады.

Қағаз машинамен жұмыс істегенде қағазберу, қағазөткізу жүйелерінде жақсы өтуі керек.

Қағаз таңба басуға арналған материал болғандықтан, ол біріншіден барлық талаптарға сай болуы керек, екіншіден таралымды басу кезінде машинаның тоқтап себепші болмауы керек.

Жазық басу әдісіне арналған қағаз көпбояулы өнімдерді басу үшін ақ, мықты болуы керек.

Қағаздың РН сутекті көрсеткішінің мөлшері үлкен роль атқарады. Жақсы таңба алу үшін қағаздың РН көрсеткіші 6-ға тең болуы керек. Қағаздың РН - ын зетрханаларда анықтайды. А мапкалы N – 1 жазық басылым қағазын көпбояулы суреттер мен кітап – журнал өнімдерін басуға қолданылады. Оның массасы 60-160 г/м2, ақтығы 78-83 %, тегістігі 8-150С, ылғалдылығы 5-7%, РН = 6, жабысу дәрежесі 1,25-1,75 мм, күлділігі 10-14 .



Басылымға қағаз таңдау

Жазық басуға арналған ГОСТ 9094,21444,6742,2083 бойынша шығарылған маркаларынан басқа техникалық жағдайларға байланысты шығарылатын маркалары да бар.

Одан басқа полиграфиялық өндірістерде шет елден алынған түрлі қағаздар да қолданылады.

Басылымға арналған қағазды дұрыс таңдау үшін келесі ақпараттарды білу керек:

Басу және басылатын өнім түріне арналған қағаздардың қолданылуы:


  • 1 м2 ғы қағаз массасы;

  • Қағаздың ақтығы;

  • Қағаз құрамында ағаш массасының болмауы;

  • Борлы жамылғының болмауы;

  • Жамылғысы жоқ қағаз бетін өңдеу түрі; тұрақты, жоғары тегістілігі;

  • Жамылғысы бар қағаз бетін өңдеу түрі; (жылтыр немесе күңгірт);

 Басылымға арналған қағазды таңдау факторлары:

  • басылым дизаины;

  • шығару технологиясы;

  • басу сапасының талаптары мен бейнелерінің қиындық сатысы;

  • коммерциялық сәйкестігі.

Басылым дизайны қағаздың форматын, оның массасын, ақтығын және бетін өңдеу түрін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.

Рулонды машиналарда басу кезінде 80 г/м2 дейінгі массасы аз қағаздарды, ал парақты машиналарда массасы 60 г/2 кем емес қағаздарды қолданған дұрыс. Сапасына қатаң талап қойылатын, репродукциялық бейнелердің қиындық деңгейіне байланысты жамылғысы бар қағаздарды қолданған (борланған) жөн.

Ұзақ мерзімге қолданылатын басылымдарды, таза целлюлозалы қағазбен басқан дұрыс.

Қағаз форматын басылымның форматы мен бөлшегіне байланысты таңдайды.

Осы дипломдық жобада журналды шығару үшін, біз негізгі мәтінді басуға екі жағы да борланған массасы 60 г/м2 LWC қағазын, мұқабаны басуға 70 г/м2 қағазын таңдадық. Бұл қағаз жоғарыда айтылған барлық талаптар мен технологияларға сәйкес келеді.

Қағазды басуға дайындау

Қағазды аклиматизациялау

Орамадағы рулонды және парақты қағаздарды басудан және кесуден бұрын қажет болған жағдайда температуралық аклиматизация жасайды. Мұндай қажеттілік жылдың салқын мезгілдерінде қыста, көктемнің басында немесе күздің аяғында қажет болады.

Температуралық аклиматизацияны ашылмаған орамадағы өнімдерге жасайды. Оларды белгілі бір уақытқа басу цехының температурасына жақын температуралы бөлмеде ұстайды.

Қағаз жылы бөлмелерде сақталса, оларға аклиматизация қажет емес.

Техникалық мүмкіндіктерге байланысты қағазды аклиматизациялауды басу цехында немесе қағаз дайындау цехында орналасқан қозғалатын немесе қозғалмайтын транспортердақағаз бумасын ілу арқылы жүргізеді.

өлшенген буманың қалыңдығы қағаз түріне, парақтың форматына және қағазды ауамен үрлеу жағдайына байланысты болады. Әдетте буманың қалыңдығы мынадай болады:


  • үрлеусіз аклиматизация жасағанда 3-5 мм-ден артық емес;

  • аздап үрлеген кезде 7-10 мм-ден артық емес.

Қағазды үрлеусіз аклиматизация жасаудың орташа уақыты 7-8 сағат. Күштірек үрлеу кезінде аклиматизация уақыты 2-3 сағат қысқарады. Ылғалды аклиматизация жасау режимі оның қалай және қай жерде жасалу жағдайына байланысты болады.

Парақтық қағаздарды дайындау

Бумамен келген парақты қағаздарды аклиматизация жасап болғаннан кейін, оны басу машинасының жанына апарып ашады да самонакладқа қояды. Парақты қағаздармен таңбаларды бояуөткізу мен беті мен артын басу аралығында буманы ылғал өткізбейтін қаптармен қаптап сақтау керек.



Басу бояуларын дайындау

Басу бояулары – негізінен пигментті, бояғыш заттар мен байланыстырғыштардан құралған тұрақты коллойдты қоспа. Одан басқа бояуға түрлі қоспалар, құрамын реттейтін, мысалы сиккативтер мен антиаксиданттардан тұрады.

Басу бояуларын полиграфия өндірістерінде арнайы бояу шығаратын зауыттарда дайындайды. Өнімді жазық басу әдісімен басу үшін арнайы офсетті бояулар немесе барлық басылымдарға жарайтын әмбебеп бояулар қолданылады.

Төтбояулы басылымдарға үштік бояулар қолданылады: көгілдір, қызылқошқыл, сары және қара. Бұл түстермен қажетті түс пен таңба алуға болады. Өндіріске келген полиграфиялық бояулардың куәлігі (сапс сертификаты); ал егер бояу азық-түлік орамаларын немесе балаларға араналған болса гигиеналық сертификатя болу керек.

Бояуларды аклиматизациялау

Қоймадан алынған бояулар, қажетті жағдайда міндетті түрде цех жағдайында 24 сағат аклиматизациялануы қажет. Цех ішінде аклиматизация дұрыс болуы үшін климаттық жағдай әрқашан тұрақты болуы керек, яғни ауаның ылғалдылығы қыста 45-55 %, жазда 50-60 %, ауа температурасы қыста 18-22ºС, жазда 19-20ºС. Егер температура осы көрсеткіштерден 15ºС – ға ауытқып кетсе, онда бояудың тұрақтылығы 10-18 % дейін өзгеріп кетеді.

Көрсетілген нормадан ауа темиературасы жоғарылап кетсе, онда машина жүйесіндегі бояудың тез кеуіп кетпеуіне, жағу жүйесінде бояудың дұрыс бөлінбеуіне және таңбадағы бояудың ұзақ уақыт кебуіне әкеп соғады. Көрсетілген нормадан ауаның ылғалдылығы 10-ға көтеріліп кетсе, онда бояудың жағылуы төмендеп кетеді және таңбадағы бояу қабатының жағылу жылдамдығын бірнеше есе төмендетіп жібереді.Бояу жәшігіне бояуды суық жерден бірден әкеп құюға болмайды.

Басылымға бояуды таңдау

Қазақстан нарығында "Siegverg", "Hoartmann", "Huber", "Sicpa", "BasF" фирмаларының полиграфиялық бояулары мен қосымша заттары бар. Біз өз өнімімізді дайындауда "Sicpa" фирмасы шығаратын бояуды таңдауды жөн көрдік. Бұл фирма 1927 ж Лозанна (Шаейцария) қаласында құрылған және әлемдегі бояу шығаратын ірі кәсіпорынның бірі. Бұл жазық басу бояуларының ішіне ТЕМПО-МАХ үштік әмбебап бояуы да кіреді. Бұл бояулардың ерекшелігі, олар суды аз қабылдайды, соның әсерінен жылтырлығының қанықтылығы, интенсивтілігі күшті болады және таңбаға бояу жақсы бекітіледі.

Сары 80 А 10

Қызылқошқыл 80 А 11

Көгілдір 80 А 12

Қара 80 А 13

Қара L 80 А 14

"Sicpa" фирмасы одан басқа жылтырлығы жоғары лактар шығарады. Лактар майлы және сулы қоспалы болады. Майлы лактарды бояу ретінде немесе жалпы фон ретінде қолдана беруге болады. [3]



Бояудың техникалық-басу құрамын реттеу

"Sicpa" фирмасы бояуының барлық артықшылығын толығымен қолдану үшін, осы фирманың қосымша заттарын да қолдану керек.



  1. "Powder Paste" ұнтақ пастасы – басу машиналарына арналған. Бояудың қатып қалуынан қорғайды, ол бояудың реңі мен құрамына еш әсерін тигізбейді. Бұл паста бояудың қатып қалуынан ғана емес, сонымен бірге өзінің құрамының ерекше болуына байланысты бояудың қалың жағылып басылуын қамтамассыз етеді, соның нәтижесінде таңбалар анық, қанықты болып басылады. Бұл паста өте тиімді – 1 килограмы 100 кг бояуға жетеді.

  2. "Take it oH" гелі – басу резинасымен білікшелерді тазалау үшін қолданылады.

  3. SM 93 ылғалдағыш ерітіндісінің концентраты, 5...6 аралығында РН – ты реттейді және құрамында тот басуға қарсы заттар бар.

Басу сапасы бояумен бірге ылғалдауыш ерітіндісіне де байланысты болады. [11]

1.3.3 Негізгі жабдықты таңдау

Shiva 74 парақты басу машинасын Индияның Manugrph Mahinery фирмасы шығарған. Бұл машина осы жобаның барлық талаптарына сай келіп отыр.

Shiva 74 машинасы секциялық принциппен құрастырылған. Оның басу секциясы диамертлері бірдей үш цилиндрден формалық, жазық және басу цилиндрлерінен тұрады. Машинаның жылдамдығы сағатына 15 мың парақ болады. Басылатын материал форматы 600×740 мм-ден 210×280 мм аралығында. Басылатын материалдың қалыңдығы 0,04-0,6 мм диопозан аралығында болғандықтан түрлі материалдармен түрлі өнімдерді басуға болады.

Машина жоғары стапельді самонакладпен жабдықталған. Беру және шығару жүйелері автоматтандырылған болғандықтан басылған материалмен таңбаларды машинаны тоқтатпай – ақ алуға болады. Бұл машинаның қызмет көрсету уақытын айтарлықтай тиімді етеді.

Ылғалдауыш аппараттың құрылымы ерітіндінің түріне – спиртті немесе спиртсіз екеніне байланысты болады.

Shva 74 машинасы автоматтандырылған, яғни пультпен басқарылады. Бояудың және ылғалдауыш ерітіндінің берілуін келтірудің орындалуы, бояудың берілуінің аймақты реттелуі, дискқа ақпаратты жазу мен көшіру, басу процесінің жүруі туралы ақпараттың мониторға шығуы МРС дистанционды түрде реттеледі.

Осы көрсетілген жүйелер басу машинасының негізгі түйіндерін жөндеуде уақытты үнемді пайдалануға және мүмкіндіктерін арттыруға мүмкіндік береді. өнімді дайындау кезінде лактау және құрғату құрылғылары алдын-ала қарастырылады.

Лактау құрылғысы машинаның басу секциясына жайлы етіп орнатылады. Лак формаға анилокисті білікше арқылы жағылады да ракельарқылы біртегіс жағылуын қамтамассыз етеді. Мұндай құрылым басу секциясын басу және лактау құрылғысы ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Лакты қолдану кезінде машинаға кептіру құрылғысын орнатады. Қолданылатын лак түріне қарай кептіру құрылғысы ИҚ және УК сәулелендіруін қоса алады.

Shiva 74 машинасында көпбояулы журналдарды, акцидентті өнімдерді, көпбояулы балалар әдебиеттерін, кітап өнімдерінің вклейкаларын, этикеткаларды, орамаларды және т.б. өнімдерді басуға болады.

Басу аппараттары

Shiva 74 машинасының барлық цилиндрлері бақылау сақиналарымен жабдықталған. Ол басатын аймақтардағы афсетті матаның деформациясын бақылайды.

Басу аппаратының цилиндрлерінің арасындағы бұрышты таңдау кезінде цилиндрлердің өзара байланысы сәйкес болуын қадағалаған, әйтпесе жетекті шестерндерінің арасында пайда болатын тесіктерден таңбада сызықтардың пайда болуына әкеп соғады.

Басу цилиндрі қозғалмайтын қатты тірекке, ал формалық цилиндр офсетті цилиндр мен формалық цилиндрлер арасындағы басу аймағындағы тірекке орнатылған. Офсетті цилиндрлердің подшипниктері қосарланған төлкелерде орналасқан, олардың бірі "офсетті басу цилиндрлері" аймағындағы тығыздықты реттейді, ал екіншісі тығыздықты қосады.

Басылатын материалдың қалыңдығының өзгеруіне бвйланысты тығыздықты реттеуді жеңілдету үшін маховик орнатылған. Басу секциясындағы реттеуіш маховиктер басу машинасының қызмет көрсету жағында орналасқан.

Формалық цилиндрге штифті тетіктері бар басу формасы кигізіледі. Басу формасының астарымен қосқандағы стандартты қалыңдығы 0,42 мм. Қалың материалдарды басқан кезде, таңбадағы бейне ұзындығын түпнұсқадағы ұзындыққа сәйкес реттеу керек.

Басу формасының орналасуын реттеуге арналған құрылғы оларды заводтық жөндеумен технологиялық келтірумен қамтамассыз етеді. Бұл құрылғы басу және формалық цилиндрлердің ось бойымен және шеңбер бойымен қозғалу мүмкіндігін тудырады.көпбояулы бейнелердің жекелеген бояуларын сәйкестендіру басу аппаратының формалық цилиндрін қозғалту арқылы іске асады. Реттеу формалық цилиндр осьінің басу секциясының екі жағында орнатылған маховик арқылы орындалады. Машинаның қызмет көрсету жағында формалық цилиндрді ось бағытымен реттейтін, ал келтіру жағында – шеңбер бойымен реттейтін маховиктер орналасқан. Осьтік келтіру 2 мм аралығында шеңбер бойымен 4 мм - 0.01мм дәлдікпен реттеледі.

Офсеттік цилиндрдегі тесік көлемі 2,1 мм, яғни машинада қатты декель қолданылады. Офсеттік мата астындағы астар қалыңдығының өзгеруі растр элементтерінің деформациясының мөлшеріне әсер етуі мүмкін. Формалық және офсетті цилиндрлер арасындағы қысым декельдің 0,1 – 0,15 мм қысылу деформациясына сәйкес келу крек. [11]



Ылғалдауыш және бояу аппараттары

Shiva 74 машинасында басқа машиналардағы сияқты, дуктрлы йилиндрлі, дозалау білікшесі, жағу білікшесі және аралық білікшелері бар спиртті ылғалдағыш аппараты қолданылады. Ылғалдау ерітіндісін беруді реттеу дуктрлы цилиндрдің айналу жылдамдығын және дуктрлы цилиндр мен дозалау білікшесінің арақашықтығын өзгертудің арқасында орындалады.

"Су-бояу" балансының тез болуын ылғалдау аппаратының жағу білікшесімен бояу аппаратының бірінші жағу білікшесінқосатын аралық білікше қамтамассыз етеді.

Дозалау білікшесінің хромдалған гидрофильді жамылғысы бар. Ол ылғалдауыш ерітіндісі бар ыдысқа бояудың сіңуін болдырмайды.

Бояу аппаратында бояудың берілуін реттеу үшін дуктрлы цилиндрдің бұрылу бұрышын өзгерту керек.

Бояу аппаратының жаймалау тобы жкті цилиндрден және төртбілікшеден, ал жағу тобы үшбілікшеден тұрады.



Қағаз өткізу жүйесі

Самонакладтың пневматикалық головкасы бірмезетте қағазды тасымалдау және бөлу қызметін атқаратын қос присоспен жабдықталған. Қағаздар каскадты түрде беріледі. Қисайған столда қағаздар таспа тасымалдауыш арқылы өтеді. Қағаз алдыңғы тірекке жақындаған кезде бүлінбеуі үшін оның қозғалу жылдамдығын азайтады.

Қағаздың өту механизмін түзету басу формасына сәйкес дұрыс бағыт жасау үшін және қағазды қайта өткізу кезінде бояулардың бірінің үстіне бірінің дұрыс түсуін қамтамассыз етуі үшін қажет.

Тербеліп тұратын форгейфер – бұл қағаздың өтуін тездетеін механизм. Ол түзетілген қағаздардың өтуін жылдамдатып, оны басу цилиндріне береді.

Қағазқабылдау жүйесі қағаздардың берілуін, олардың жантайған столдағы орналасуын толық бақылып отырады. Көбінесе электромеханикалық датчик қосарланған қағаздардың өтіп кетпеуі бақылайды, ал флтоэлектрлік датчик қағаздардың берілмей қалуын және қисық кетпеуі бақылайды.

Қағазөткізу жүйесі қағаздардың машинаның технологиялық секциялары арқылы өтуін қамтамассыз етеді және де қағаздардың қозғалып кетпеуін, деформацияланбауын, сондай-ақ қағаз шеттерінің бүлінбеуін қадағалайды. өткізу цилиндрінің технологиялық жүктемесі азғантай, сондықтан бұл цилиндрлердің құрылысы жеңіл. Қағазайналдыру құрылғысымен жұмыс істеген кезде басылатын материалдың қалыңдығының диопозоны 0,04-0,3 мм аралығында болады.

Басылған өнімнің машинаның қабылдау столына тасымалдануы мен стапельге қойылуын шығару және қабылдау құрылғылары арқылы орындалады. Шығару құрылғысы ретінде тізбекті транспотер қалданылады.

Бояудың бекітілу жүйесінің дұрыс жұмыс істеуі үшін машинаға қажетті жылу алмасуды, су мен ауаның берілуін және шығарылуын, сонымен бірге бояу мен лактың бекітілу температурасын реттеп отыратын қосымша агрегаттар орнатылуы керек. пультпен басқарылады.



  • басылатын бейненің форматы бойынша кептіру құрылғыларын реттеу;

  • сәулелендіру қуатын реттеу және басқару;

  • сору құрылғысындағы ауа ағынын, конвективті келтіру камерасын және кептіру головкасын басқару.

Қабылдау столындағы қағаз топтамасының дұрыс реттелуі үшін екі жағындағы және артқы итергіштерінен басқа желдеткіштер қолданылады. Ол қағаздың қабылдау стапеліне жылдам және дұрыс түсуіне жағдай жасайды. Бұл машина жұмысқа өте төзімді, сенімді және эксплуатацияға тиімді. Тәжірибе жүзінде Shiva 74 машинасы өнімнің өзіндік құнының аз болуына және өндірістің пайдасының жоғары болатынын көрсетіп отыр.

12 – кесте. Shiva 74 басу машинасының техникалық сипаттамасы



Басылатын материал сипаттамасы

Көрсеткіштері

Басылатын материалдың қалыңдығы

0,03 – 0,6 мм

Парақтың максималды форматы

600  740 мм

Парақтың минималды форматыбіржағын басу

210  280 мм

Парақтың миниалды форматыаударып басу

300  280 мм

Максималды басылатын бет

510  740 мм

Ұстау шеті

8 – 10 мм

Басу формалары

Ұзындығы  ені

705  845 мм

Қалыңдығы

0,25  0,30 мм

Формалық цилиндр

Тесік

0,15 мм

Басу формасының алдыңғы шеті мен басуға дейінгі

ара қашықтығы



59,5 мм

Офсетті цилиндр

Тесік

2,3 мм

Армирлі матаның ұзындығы  ені

700  800 мм

Лактау цилиндрі

Тесік

3,2 мм

Лактау пластинасының ұзындығы  ені

705  845 мм

Лактау матасының ұзындығы  ені

700  800 мм

Лактау формасының алдыңғы шеті мен лактауға дейінгі ара қашықтық

47,6 мм

Максималды лактау беті

610  740 мм

Стапель биіктігі

Самонаклад

1060 мм

Жоғарыстапельді қабылдағыш

1160 мм

Shiva 74 конфигурациясына мысал

Басу секциясының саны

4

Ұзындығы

7,76 м

Ені

3,22 м

Биіктігі

1,87 м

14 – кесте. Басу бөлімшесіндегі жабдық санын есептеу




Жабдық маркасы

Ауысымы

Жабдық уақатытының

жылдық қоры

Fжаб


Парақөткізудің жылдық мөлшері

мың,


N

Машинаның орташа жылдамдығы,

n


Жабдықтың есептелген саны

Жабдықтың қабылданған саны

SHIVA 74

2

2293

199632

12000

3.4

3

БАРЛЫҒЫ
















3

Fжаб Fр -  tжөн – tтех - tнег   2432 - 100+20+5  2293 сағ

Nр N/ Fжаб n  2=199632/2293120002=199632/55032000=3,4

Басу бөлімшесінің ауданын есептеу


  1. Жабдықтың алып жатқан ауданы 82,5 м2

  2. Басу цехының түзету коэфиценті 4

82,54  330 м2

3. Қабырға қалыңдығына, баспалдаққа және тұрмыстық бөлмелерге 25%

3300,25  82,5 м2

4. Басу цехының жалпы ауданы

330+82,5  400 м2

5. Кубатура

4004,2  1680 м3

6. 1 м2 құны– 25 мың тг

40025  10000 мың тг

7. Жалпы сомадан өндірістік бөлмелерді жөндеуге 3%

10 0000,03  300 мың тг

8. Жалпы сома

10000+300  10 300 мың тг



Басу бөлімшесіндегі негізгі материалдарды есептеу.

Басылатын қағаз мөлшерін мына формуламен анықтаймыз:

Q  aвqVTKHb/2;мұндағы

Q – қағаз мөлшері, кг;

а және в – қағаз парағының өлшемі;

q – 1 м2 қағаздың салмағы, гр;

T – басылымның таралымы, мың дана;

V – физ.б.т көлемі

K – техникалық жарақтарға қажетті қағаз қалдығының коэффиценті, 0,6

H – атаулар саны

b – мерзімділігі

Q1  0,600,840,073300,61512/2  5400 кг  5,40 т.

Q2  0,600,840,097100,6106/2  1800 кг  1,80 т

Q3 =(0,30×0,21)×0,08×0,125×30×0,6×15×12/2 = 3,42 т

Q4  0,300,210, 0110,125200,610×6/2  866 кг

Нәтижесінде: 11т 486 кг қағаз

1 тонна қағаз құны 350 мың тг.

11486кг350  4020,1 мың тг.
16 – кесте. Басу бөлімшесіндегі жабдықтардың қуаты


Жабдық маркасы

Саны

Бір жабдықтың қуаты,кВт

Барлық жабдықтың қуаты,кВт

SHIVA 74 төрт бояулы парақты басу машинасы

3

50

150

БАРЛЫҒЫ







150

1 кВт – ың бір сағаттағы құны 5.6 тг.

Sэ 1000,85,62293  779 620  779,6 мың тг.
1.4 Кітапшалау-түптеу бөлімшесі
1.4.1 Жобаланатын технологиялық процесті таңдау және жобалау
Журнал блоктарын жинақтау, бекіту және кесу операцияларын қолмен істеу өндірістің өнімділігін төмендететіндіктен, бұл дипломдық жобада тізбекті өндіріс қолданылды – ол жинақтау-тігу-кесу агрегаты және тікпей желіммен бекіту. [1]

1 типті мұқабалы басылымды 2 типті мұқабалы басылымды

дайындаудың технологиялық дайындаудың технологиялық

сұлбасы сұлбасы

дәптерлерді пресстеу дәптерлерді пресстеу

 


Біріне бірін кигізіп бірінің үстіне бірін қойып

жинақтау жинақтау

 

сыммен тігу түптік алаңын кесу



 

үш жағынан кесу түбін желімдеу

 

сапасын бақылау блокқа мұқабаны кигізу



 

орап-буу үш жағынан кесу

сапасын бақылау



орап-буу


6-сурет. Кітапшалау бөлімшесіндегі басылымды дайындаудың технологиялық сызбасы
Басылғаннан кейін өнімді одан әрі өңдеу процесі бүктемелеуден басталады, онда үлкен форматты парақтар сегіз, он алты немесе отыз екі беттік дәптерлерге бүктеледі. Бүктемелеу буклеттер үшін –параллельді, кітап-журналды өнімдерде перпендикулярлы немесе аралас болады.

Бір-біріне сәйкес келетін перпендикулярлы бүгілімді дайындау машинаның модульді құрылуының арқасында орындалады. әдетте бір модуль бірнеше паралельді бүгілім жасай алады., сөйтіп бірнеше модульдің бірінен кейін бірінің орналасуының арқасында, олардың әрқайсысы бір-біріне перпендикуляр опрналасқан, бір қағаз парағында көптеген перпендикулярлы бүгілімдер алуға болады.

Бүктемелеу машиналары пышақты, кассеталы немесе аралас түрінде болады. Құрылысы жағынан қарапайым кассеталы бүктемелеу секциясында қағаз бүктемелеу білікшесі арқылы алдыға қарай итеріледі. Оның алдыңғы шеті тірекке барып тірелгенде, ол бүгілім белгісі бар жерінде бүктеледі. Екі механизмде де бүгілім жағдайы тіректі қозғалту арқылы, ал қағаздың қалыңдығына байланысты реттеу біліктерді қысу немесе ара қашықтықтарын өзгерту арқылы іске асырылады.

Пышақты машинаның құрылысы бүгілімнің дәлдігін және сапасының жақсы болуын қамтамассыз етеді. Бұл жағдайда қалың немесе бұдан бұрын бірнеше рет бүктелген қағазбен жұмыс іселінуі мүмкін.

Бұл машинаның құрылысы қымбат және массивті, сонымен бірге өнімділігі жағынан аз. Бұл машинада қайталанып отыратын қозғалысы бар механизм жұмыс істейді, сондықтан әр қағазға бүгілуге дейін тоқтап тұруға тура келеді. Соған қарамастан пышақты машиналар машиналар біртіндеп қолданыстан шығып бара жатыр. Қазіргі кезде көбіне толығымен кассеталы бүктемелеу машиналары немесе бірінші кассеталы одан кейін барып пышақты модулі орналасқан аралас бүктемелеу машиналары қолданылады. Бұл машиналарды таңдаудың себебі өнімділігінің жоғары болуынан басқа бүктемелеу түрлерінің көптігі, жұмыстың тиімділігі және түрлі ұзындықтағы қағаздарды бүктеуге болатындығы.

Бүктемелеуге келесі негізгі талаптар қойылады: жолдардың дұрыс тізбектеліп орналасуы, бүгілім дәлдігі, қатпарлардың болмауы және таңбалардың сызылып қалмауы, дәптерлердің жинақтауға және тігуге ыңғайлы болуы. Парақтың бүгілім сызбасы мен спуск полосы бір-біріне сәйкес келуі керек.

Бүктелгеннен кейін, бүктелген парақтар одан әрі өңделу үшін жинақтау-тігу-кесу агрегатына және желіммен бекіту аппаратына жіберіледі.

Жинақтау-тігу-кесу агрегаты (Stitchliner) автоматты режимде басылымды жинақтап, сыммен тігіп және үш жағынан кеседі. [11]



Stitcliner – ің басқа қағазжинақтау комплекстерімен салыстырғандағы артықшылықтары.

  • журналдардағы беттер санының көптігі. Бірнеше этапты бүктемелеу мен биговка жүргізудің және түбінің бірнеше рет қысылуының арқасында өнімнің престелу коэфиценті жоғары болады. Бұл қалыңдығы 10 мм бола алатын жоғарысапалы өнім шығаруға мүмкіндік береді.

  • Жекелеген парақтармен ғана емес дәптерлермен де жұмыс істейді. Үщ жағынан кесу машинасы артық бүгілімдерді алып тастайды және дайын өнім етіп шығарады.

  • өнім сапасының жоғары болуы. Қағаздардың сапалы түзетілуі, биговкасы, бірнеше этапты бүктемеленуі және үш жағынан кесуі брошюра формасы өлшемін дәл кеседі.

  • Жоғары өнімділігі. Ресейдегі эксплуотация тәжірбиесі көрсетіп отырғандай, Stitcliner машиналары тәуліктік режимде сағатына 5000 цикл жылдамдықпен жұмыс істей алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет