1 технологиялық БӨлім 1 Басылымның техникалық сипаттамасы



бет6/8
Дата16.06.2016
өлшемі1.02 Mb.
#140771
1   2   3   4   5   6   7   8

Өндіріс зертханасы

Өндірістегі зертхана жұмысы келесі бағытта іске асады: өндіріске түсетін негізгі материалдардың техникалық жағдайлар мен МемСТқа сәйкестігін анықтау және тексеру; өндірістің қосымша бөлімшелерінің жұмысын бақылау; материалдар мен шикізаттардың сақталуы мен дайындалуын өндіріске түспестен бұрын тексеру;өндіріс мақсаты үшін ерітінділер мен реактивтерді жұмысқа дайындау; ғылыми-зерттеу жұмыстары және жаңа прогрессивті технологияны, аппараттар мен приборларды енгізу.

Зертхана құрылымы қойылған тапсырмаларға қарай анықталады. Ол: өндіріс көлеміне, шығарылатын өнімнің сипаты мен мөлшеріне, қолданылатын технологиялық процесстерге,түскен материалдарға және басқа да жағдайларға байланысты. Ереже бойынша, зертханалар келесі құрамда жобаланады: химия-аналитикалық зертхана; материалдарды тексеретін зертхана;препарат материалдары; өлшейтін және құралдық;күмісті регенерациялау бөлімшесі.

Ірі өнеркәсіптерде ерітінділерді дайындау үшін және технологиялық режимді бақылау үшін цехтық зертханалар жобалануы мүмкін. [13]


32 – кесте. ИТР, МОП және негізгі, қосымша жұмысшылардың жалақыларының есептелуі мен штатты тізімі


Қызметінің атауы

Разряды

Саны

Айлық жалақы,мың тг.

Жалдық жалақы қоры,

мың тг.


біреуі

нің


барлығы

ның


Зертханашы

4

1

40

40

480

Еден жуғыш




2

15

30

360

БАРЛЫҒЫ




3







840


Зертхана ауданын есептеу

Жабдықтың алып жатқан ауданы: 8 м2

Зертхананың түзеу коэффиценті – 3

8×3 = 24 м2

25% қабырға қалыңдығына, баспалдаққа

24×0,25 = 6 м2

Зертхананың жалпы ауданы:

24+6 = 30 м2

Кубатура

30×4.2 = 120 м3

2 бөлме ауданының құны – 25 мың тг.

30×25 = 750 мың тг.

Жалпы бағасынан 3% өндіріс бөлмесінің жөндеуіне

750×0,03 = 23 мың тг

Жалпы сомасы

750+23 = 723 мың тг

33 – кесте. Зертхана жабдықтарының қуаты


Жабдық маркасы

Саны

Қуаты,кВт

біреуінің

барлығының

Құрғату шкафы

1

1,1

1,1

Муфельді пеш

1

2,6

2,6

Электропеш

1

1,85

1,85

Электроплита

1

1,0

1,0

БАРЛЫҒЫ

4




6,55

Sэ = 6,55×0,8×4,25×2398 = 53 мың тг




    1. Өндірістегі тасымалдау құралдары

Басылым өнімін жасаудың өндірістік процесі өнімнің операциялық және цехаралық қазғалысына байланысты болады.

өндіріс процесі кезінде формалық цехта терілім, стереотиптер, жазық басылым цилиндрлері, офсетті пластиналар тасымалданады. Дайын формалар басу цехына және қайтадан кері тасымалданады. Формаларды тасымалдаудағы жүк ағыны өндіріс ішінде іске асады.

Кәсіпорынның негізгі жүкағыны қағаздардың, қатырмалардың, түптеу маталарының, жартылайфабрикаттардың және дайын өнім өнімдерінің қозғалысымен байланысты. Осы жүктерді тасымалдау операциялары басу цехында, түптеу цехында, қоймаларда іске асады.

Жүкағыны мен тасымалдау операцияларын қысқарту жобаланатын жабдықтың сипаты мен жобаның үйлесуінің арқасында болады.

Полиграфиялық кәсіпорындарды парақтық қағаздар, жартылайфабрикаттар және дайын өнімдер, әдетте стеллаждарға, поддондарға немесе контейнерлерге қойылады. оларды тасымалдау үшін көтеретін рамалы электроарбалар, ашалы электротасымалдағыштар, арнайы қол арбалар қолданылады. Рулонды қағаздар ашалы электротасымалдағыштан басқа тельферлермен, транспортерлармен де тасымалдауға болады.

Терілімді кітап-журналдық ротацияға арналған стереотиптерді, жазық пластиналарды тасымалдау үшін арнайы қол арбалар, ал газеттік стереотиптерді пластикалық немесе рольді транспортерлар пайдаланылады.

Ойыңқы басу формалары монорельспен және кранбалкалармен, сонымен бірге арбалармен тасымалданады.

Түптеу цехындағы жартылайфабрикаттарды тасымалдауда ленталы транспортерлар, жеңіл аспалы конвейерлер,кішкентай аспалы кареткалар кеңінен қолданылады. Вертикалды тасымал үшін жүк лифтілерінен басқа,элеваторлар қолданылады.

Кәсіпорындардағы тасымалдау құралдарының көбісі стандартқа сай емес қосымша жабдықтарға жатады, олардың құрылысы жобалау кезінде жасалған. Бұл стандартқа сай емес жабдықтар тасымалдау кезінде ыңғайлы, уақытты үнемді пайдалануы керек, оның құрылысы техникалық эстетикаға сай болуы керек. [13]




2 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ

2.1 Еңбек шарты
Мемлекеттің негізгі тапсырмаларының бірі – жұмысшылардың денсаулығын сақтау, жеңілдету, емдеу және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау. Адамдардың еңбегіне қолайлы жағдай жасау олардың денсаулығына, еңбекке ынтасын арттыруға жақсы әсерін тигізеді, нәтижесінде еңбек өнімділігі артады.

Еңбек жағдайының қауіпсіздігі мен адамдардың денсаулық жағдайлары өндіріс ғимараттарын жобалау, жасау кезінде ойластырылуы қажет және де технологиялық процестер мен жабдықтарды таңдау кезінде. [18]

Машиналардың, станоктардың және басқа да өндірістік жабдықтардың жобасы қауіпсіздік ережелері мен өндірістік санитарияға сай болуы керек. 141 статьяда көрсетілгендей ҚР еңбек заңдары бірде бір кәсіпорын, цех, бөлімше, өндіріс жұмыс істей алмайды, егер онда еңбек жағдайының қауіпсіздігі сақталмаса СанПжН № 1.01.001 – 94.

Еңбекті қорғауда жұмысшылар мен қызметкерлерді қауіпті өндірістік факторлар әсерінен қорғайтын құралдар ерекше роль атқарады. Осы мақсатта заңда көрсетілгендей денсаулыққа қауіпті жерлерде жұмыс істейтіндерге арнайы киімдер, аяқ-киімдер және басқа да қоғаныс құралдары тегін беріледі.

ҚР Еңбек заңының 10-шы тарауындағы әйел еңбегі бөлімінде әйелдердің еңбегін қорғайтын арнайы ережелер қарастырылған. Заңда кәмелеттік жасқа толмағандардың еңбегін қорғау туралы құқықтық ережелер, сонымен қатар жастардың жұмасқа орналасуы туралы ережелер де көрсетілген.

Полиграфиялық кәсіпорындарда ойыңқы және флексографиялық басу цехтары сияқты зиянды әсері бар жерлерде еңбек етуіне тиім салынған.



    1. Жобаланған объектінің қауіпті және зиянды факторларына талдау жасау.

Технологиялық процестер мен қосымша жұмыстарды орындау барысында өндірістік қауіптілік – жұмысшыларға қауіпті және зиянды өндірістік факторлар әсер етуі мүмкін.

Қауіпті өндірістік фактор – ол, жұмысшының жарақаттануына алып келетін факторлар. Ол жүріп тұрған машинаның, механизмдердің қоршалмағандығынан, сымдардан және электрожабдықтардан, ерітілген құймалардан, активті химиялық заттардан, тасымалдау құралдарынан болуы мүмкін.

Өндірістік жарақат – бұл жұмысшылардың өндірісте алған жарақаты, еңбек қауіпсіздігін сақтамауының салдары.

Полиграфиялық кәсіпорындарда барлық технологиялық жұмыстарды орындау кезінде түрлі қауіпті және зиянды жағдайлар болуы мүмкін. Зиянды өндіріске жататындар: жазық басылымның суретті басу формаларын дайындау, монтаждау, көшіру, өңдеу жұмыстары кезінде жұмысшыларға улы және зиянды химиялық заттар әсер етеді, сонымен қатар ультракүлгін және инфрақызыл сәулелері, жарық сәуле көздері де кері әсерін тигізеді.

Фотомеханикалық өндірісте қараңғы бөлмелерде ұзақ уақыт жұмыс істеу анемияға әкеп соғады. Сынап-кварцті және ксенонды шамдар өте күшті және жарық болғандақтан көзге кері әсерін тигізеді. Бақытсыз жағдайлардың көбі, басу машиналарынан болады 50 %. Офсетті басу машиналарының басу цилиндрлері, бояу аппаратының білікшелері, қағазды шығарып алу және қабылдап алу алаңдары көп қауіптілікті тудырады.

Түптеу өндірісінде журналдарды тігуге арналған ВШРА және ТЖБ, бірпышақты және үшпышақты кесу машиналары қауіп тудырады. [18]


    1. Техникалық іс – шаралар

Өндірістік санитария шараларына ұйымдастыру, гигиеналық және санитарлы-техникалық шаралар жатады және жұмысшыларды қауіпті өндірістік факторлардан қорғайтын құралдар жатады: ыңғайлы микроклимат жасау, желдету, ауаны тазалау, жылуизоляциясы, технологиялық жабдық пен ғимаратты салу, зиянды материалдар мен заттарды залалсыздандыру, қауіпті процесстерді герметизациялау, шу деңгейін және дірілді бәсеңдету, рационалды жарақтандыру құрылғысын, қажетті демалыс пен еңбекті қамтамассыз ету.




    1. Техникалық қауіпсіздік шаралары

Жұмысшыларға әсер ететін қауіпті өндірістік факторлардың алдын алатын техникалық қауіпсіздік шаралары қарастырылған: қауіпсіз жабдықтарды жасау және енгізу, технологиялық процестерді түгелдецй механикаландыру және автоматтандыру, сақтандыру құралдары мен техникаларын қолдану,автоматтандырылған блокировкалар, жабдықтарды басқару құрылғыларының дұрыстығы, автоматтандырылған реттеу жүйесін, технологиялық процесстерді басқару және бақылау, жаңа қауіпсіз және зиянсыз технологиялық процестерді жасау және енгізу.


2.5 Ұйымдастыру шаралары

Жұмысты дұрыс ұйымдастыру ол – ережелермен танысу, еңбек қауіпсіздігін бақылау, еңбек заңдары ережелерін сақтау, еңбекті ғылыми ұйымдастыру мен қауіпсіз әдістерді енгізу, еңбек қауіпсіздігі туралы агитациялар, лекциялар, жиналыстар өткізу т.б.

Полиграфиядағы ғылыми-техникалық прогресс ол - өндіріске қауіпсіз және жұмыс қиындығы аз технологиялық процестерді енгізу, мысалы, ЭЕМ көмегімен теру, түске бөлу, түсті түзету, клише және ойыңқы басу формасын дайындау, офсетті басу формасын дайындаудағы автоматтандырылған ағынды желі. Бұл дегеніміз еңбек жағдайын түбегейлі өзгертеді және өндірістік жарақат алу мен аурулардың азаюына себін тигізеді.


    1. Сақтандыру шараларын жасау кезіндегі инженерлік шешімдер

2.6.1 Өндірістік санитария

Өндірістік санитария – жұмысшыларға әсер ететін өндірістік қауіпті факторлардың алдын алатын, санитарлы-техникалық және гигиеналық шаралардың ұйымдасқан жүйесі.

Өндірістің жоғарымәдениеттілігін, еңбектің қауіпсіздігі мен зиянсыз шараларын жасауда полиграфиялық кәсіпорынның санитарлы жағдайы маңызды роль атқарады.

1. кәсіпорынды тұрғызу кезіндегі құрылыс алаңына қойылатын талаптар:

- құрылыс алаңы құрғақ және тегіс болуы керек;

- алаң қалаға жақын орналасуы тиіс. Жақын маңдағы тұрғындарды зиянды әсерлерден қорғау үшін санитарлы-қорғаныс зоналары салынады көгалдандыру.

2. Өндіріс территориясына қойылатын талаптар.

Баспахананың территориясы тегіс, су көздерімен қамтылған, жолдары тас жол болуы керек. адам жүретін жолдардың ені 1,5 м кіші емес, алаңдар жарықтандырылған болуы тиіс.



  1. Өндірістік бөлмелерге қойылатын талаптар.

өндірістік бөлмелердің көлемі 1 адамға 15м3 кем болмауы, ал ауданы 4,5м2 болуы керек. Цех ішіндегі негізгі жолдардың ені 1,5 м. Полиграфиялық өндірістердің едендері ескіруге төзімді, мықты, жылы 6 Дж/м2, сырғанақ емес, тығыз, тегіс, тез жуылатын, өртке, ылғалға төзімді болуы тиіс.

  1. Қосымша бөлмелер

Қосымша бөлмелерге жататындар:

Тұрмыстық бөлмекиінетін,душ, жуынатын, әйелдердің жеке гигиеналық бөлмесі т.б; мед.пункттар; асхана; административті бөлмелер. Душ бөлмесіне 3 – 15 адам, бір душ сеткасына жуынатынға, бір кранға 7-20 адам, кран аралығы 0,65 м. Демалыс бөлмесі бір адамға 0,2 м2, 18 м2 кем болмауы керек.

Өндірістік бөлме ішінің түр-түстері

Адамдардың қауіпсіздігін, жалығуын болдырмайтын факторлардың бірі бөлме ішінің түсі, жабдықтары және т.б..

Жылы түстер қызыл, қызылсары, сары, жасылсары, қызылқошқыл, және олардың реңдері.

Суық түстер жасыл, көк, көгілдір-жасыл, күлгін-жүйке жүйесін дамытады.




    1. Ауа ортасының микроклиматы және тазалығы

Өндіріс бөлмелерінің микроклиматы деп – ауа ортасының күйі, ол, температура, ылғалдылығы, ауа жылдамдығы мен жарық сәулесі инфрақызыл. Бұл жағдайлар адам ағзасының терморегуляциясына, қоршаған орта мен адам ағзасының жылу алмасуына әсер етеді.

Санитарлық заңдарға сәйкес өндіріс бөлімі жылы – жылу бөлінуі 1м3/сағ – на 20 Дж.

Адам ағзасының ауыр физиолгиялық процесстерге жылуазығы мен жылуалмасуы қоршаған ортаның микроклимат жағдайы ауысқан кезде реттей алуы қажет.




    1. Жарықтандыру

Полиграфиялық кәсіпорындардағы өндірістік бөлмелерді жарықтандыру салалық ережелерге сай жобаланады. Мұндағы жасанды жарықтандыру жабдықтың өндіріс интерьері мен жиһаздарының түсіне үйлесуі тиіс. Ұл ең алдымен жарықтандыруды тиімді пайдалануға, еңбек өнімділігінің артуына және жұмысшылардың шаршамауына әсерін тигізеді.

Жасанды жарықты жобалау барысында жұмыс бөлмесі мен дәліздердің жарықтануларында үлкен айырмашылық болмауы керек; жарықтандырғыштар басу формалары мен машиналардың бетіне дақ түсіп қалмайтындай болып орналасуы керек.

Люменисцентті шамдарды бір-бірінен бірдей алшақтықта орналастыру керек. Сонда машина ауыстырған кезде жарықтандыруды қайта орнатуды қажет етпейді.

Жалпы және жергілікті жарықтандыру үшін бірдей шамдар орнатылуы қажет ең алдымен басу және формалық цехтар, түрлі шамдарды қолдану бояу реңінің дұрыс қабылданбай қалуына және дайындалатын өнім сапасына кері әсерін тигізеді.

Басу цехын жалпы бағытталған жарықтың машина талеріне, басу аппаратына, самонакладқа жарықтың жақсы түсетініндей етіп жарықтандыруы керек.

Теру цехының жасанды жарығы табиғи күндізгі жарыққа ұқсас болуы тиіс. Жергілікті жарықтандырумен теру,кесу,басу және басқа да машиналарды жарықтандырады.

Фотокөшіру процесімен байланысты формалық цехтың қараңғы зертханалар, көшіру бөлімшелері, шамдардың жарықтандыру қуаты 100 – 150 лк болатын сары немесе актинді емес түстермен боялған болғаны дұрыс. Мұндай шамдар айтарлықтай жарық болады.



      1. Өндірістік жарықтандыруды есептеу.

Жарық көзіне байланысты өндірістік жарықтандыру үш түрлі болады: табиғи, жасанды және аралас.

Басу цехында жасанды жарық қолданылады.

Полиграфиялық кәсіпорындардағы басу цехының ауданы 6018 тең. Жасанды жарықтандыру ретінде ЛБ типті люминисцентті шам қолданылады. Көру жұмысының разряды ІІІв, яғни Ен 400 лк жарықтандыруын жасау керек.


  1. Формула бойынша бөлменің индексін табамыз:

І  АВ/НрА+В мұндағы

А мен В – бөлменің ені мен ұзындығы,м

Нр – есептелген төбедегі жарықтандырғыштың ілінген биіктігі

І  205/6,2220+152,4



  1. Жарықтандырғыштарды үш қатар етіп ілеміз: N3

  2. Формула бойынша әр қатардағы шамдардың жарық ағынының қажетті мөлшерін анықтаймыз:

ФжарЕнSZК/ Nр, мұндағы

Ен – жұмыс орындарындағы нормаландарылған жарық

S – жарықтандырылатын беттің ауданы,м2

К – шам үшін запас коэфиценті, К  1,5-1,8

Z – ең кіші жарықтандырудан орташа жарықтандыруға 1,1 өту коэфиценті

 - 54 жарық ағынының қолдану коэфиценті

Фжар  3003021,11,5/40,54  20,1/2,2  9лк


  1. Егер жарықтандырғышқа қуаты 40 Ватт олатын және жарық ағыны Фл  3740 лк болатын екі шамнан орнатылса,онда бір қатарда орналасқан жарықтандырғыштардың санын мына формуламен анықтауға болады:

N  Фжар/2Фл

N  9/2374016 жарықтандырғыш

5. басу цехында барлығы 3 қатардың әрқайсысында 16 жарықтандырғыштан  3 ке көбейтеміз, сонда 48 жарықтандырғыш болады.

Қорытынды: басу цехында бір-біріне параллель орналасқан үш қатар жарықтандырғыштың әр қайсысында 2 шамнан. Бұл есептеулер ЕҚ құжаттарының ережелеріне және Госсаннадзор талаптарына сай.




    1. Ауаны тазатру және желдету

Барлық өндірістік және қосымша бөлмелердегі ауа ортасының санитарлы-гигиеналық жағдайын туғызу үшін желдеткіштер орнатылуы керек табиғи, механикалық және аралас.

Жұмыс орнын қажетті ауа ортасымен қамтамассыз ету үшін қажетті ауа мөлшерін анықтайтын факторлар:

А. Жылу бөлетін бөлмелерде – жылу таусылғанда;

Б. Жылу және ылғал бөлінетін бөлмелерде – жұмыс ортасында жылу, ылғал таусылғанда;

В. Газ бөлінетін бөлмелерде – жұмыс ортасындағы зиянды заттардың мөлшерінен.

Соңғы жылдары өндірістік бөлмелердегі басу және формалық цехтардың ауасын желдетуді жобалап отыр.

Ауны желдетудің технологиялық қажеттілігіне байланысты толық немесе жекелеген болуы мүмкін. Толық желдету кезінде ауаның температурасымен салыстырмалы ылғалдылығы тұрақты деңгейде, ал жекелеген желдету кезінде – тек салыстырмалы ылғалдылық қана тұрақты болады.

Полиграфиялық кәсіпорындардағы ауаны желдету кең қолданыс табуы керек, себебі жаңа техниканың енуіне байланысты басу процесі ауны желдетпесе қиындай түседі.Одан басқа полиграфиялық өндірістің технологиялық процесі түрлі жылу және ылғал шығарулармен жүреді. Ол тұрақты микроклиматтың түрлі комбинациясын жасау қажеттілігін тудырады.

Жекелеген процесстердегі тұрақты температура мен салыстырмалы ылғалдылық өлшемдеріне қойылатын технологиялық талаптар жан-жақты және негізделген болуы керек, ал жобаланатын желдету жүйесі мүмкіндігінше қарапайым және тиімді болуы қажет.

Желдету жүйесін, сонымен қатар желдетудің жалпы алмасуын орнату барысында қиысатын және соратын каналдардың орналасуына үлкен мән беру керек. көп мөлшерде зиянды заттар мен жылу бөлетін жарық зонасымен жұмыс орындарында сору жүйелерін орнату керек.


      1. Ауаны желдету мен тазартуды есептеу

Тұрмыстық, административтік және басқа да осы сияқты бөлмелерге таза ауаның минималды берілуін ауа алмасудың еселігімен анықтаймыз.

Ауа алмасудың еселігі деп – желдетілген ауа мөлшерінің L м3 /сағ бөлменің ішкі көлеміне Vnм3 қатынасын айтады, яғни

n  L/Vn  300м3/2400м3  0,125м3/сағ

ауа алмасу еселігі берілген бөлмедегі барлық ауа мөлшері бір сағатта қанша рет ауысуын көрсетеді, бұл дұрыс ауа ортасының қалыптасуына әсер етеді. Ауа алмасу еселігін ауаның келуі мен сорылуының көлемімен анықтауға болады.

L  300м3/сағ

Ауаны желдетуді есептеу мына формуламен есептеледі:

Зв  VШУЦ, мұндағы

Ш – 0,15 ккал

У – желдету уақыты 3 сағ

Зв  34560,153210-3  3 мың тг

1 жылда желдетуге кететін шығын мөлшері

3  12  36 мың тг


    1. Жылыту

Жылдың суық мезгілінде, бөлме ішіндегі ауа температурасымен сыртқы ауаның температурасының үлкен айырмашылығының нәтижесінде, жылытылатын бөлме мен оны бөліп тұратын құрылыстар қабырғалар, терезелер, едендер, есіктер, төбелер арқылы жылу жойылады.

Ғимараттың кез-келген бөліп тұратын жазықтығы арқылы жылудың жойылуы, ішкі және сытрқы температуралардың айырмашылығына, бөліп тұратын құрылыстардың өлшемдері мен аудандарына байланысты болады.

Жылу беру формула бойынша анықталады:

Зт  VШЦ720, мұндағы

V - өндірістің жалпы ауданы,м2

Ш – 30 ккал

Ц – 1 ккал бағасы 2  10-3

V  8644  3456 м2

Зт  345630210-3 720  149299  149 мың тг

1 жалдық шығыны

149  12  1788 мың тг




    1. Қауіпсіздік техникасы




      1. Қауіпсіз технологиялық процестерді ұйымдастыру

Қауіпсіздік техникасы бұл – жұмысшыларға әсер ететін қауіпті өндірістік факторлардың алдын-алатын құралдар мен шаралардың техникалық және ұйымдасқан жүйесі.

Полиграфиядағы өндірістік жарақатпен түрлі ауруларға ұшыраудың себебін тексере келе, еңбектің қауіпсіздігі мен зиян келмеуі өндірісті ұйымдастыру мен технологиялық процесстердің сипатымен байланысты екенін көрсетіп отыр.

Полиграфиялық өндіріске түгелімен формалық, басу және өңдеу процестерін механикаландыру мен автоматтандыру, зиянсыз және жанбайтын жаңа заттар мен материалдарды қолдану, жұмыс істеуге қолайлы жағдай туғызудың арқасында өндірісте апаттардың, жарылыстардың, өрттің, жарақаттану мен түрлі аурулардың тууының алдын алады.

Бұл жобаланып отырған полиграфиялық кәсіпорында барлық операциялар автоматтандырылғандықтан шикізаттарды, жартылай фабрикаттарды, дайын өнімдерді қолмен салу, алу болмайды.


      1. Жұмыс орнын ұйымдастыру

Жұмыс орнын ұйымдастыру мен жабдықтарды жылжыту жұмыстың және өндірістік процестің тиімді түрде ұйымдасуын қамтамассыз етуі керек. Сонымен қатар жұмыстың өнімділігін, аурулар мен жарақат алулардың алдын алуын қамтамассыз етуі керек.

Жұмыс алаңындағы бос орынның механикалық жабдық пен ара қашықтығы 1000 мм ден кем болмауы керек, ал жұмыс емес алаңда 600 мм ден кем емес.

Барлық жағдайда, мүмкін болса барлық жұмыстарды отырып істеуді қарастыру керек. отыру жағдайы мен биіктігі жұмысшының жұмыс істеуіне ыңғайлы болуы керек. отыру адам денесіне жақсы тірек, бұлшықеттерінің дұрыс дамуына қолайлы болуы керек.




      1. Адам ағзасына электр тогының әсері

Өндірістік жарақат алудың нәтижесі, көптеген өлімге дейін әкелетін бақытсыз жағдайлардың 20 - 40 осы электр тогының әсерінен болатынын көрсетіп отыр.

Электр тогы, адам денесінен өткенде, оған темиялық дененің ішкі және сыртқы бөлігін күйдіреді, қанды қыздырады, электрлік  қанның және басқа да ағзаның сұйықтықтарының ыдырауына және биологиялық тірі жасушаларды қоздырады және тітіркендіреді әсер етеді. Электр тогының әсерінен адам ағзасында екі түрлі зақымдану болады. Оның екі түрі бар: ішкі электрлік соққы және сыртқы күю, терінің металдануы, электрлік белгілер,механикалық зақымданулар.



      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет