1 технологиялық БӨлім 1 Басылымның техникалық сипаттамасы


Негізгі жабдықтарды таңдау



бет2/8
Дата16.06.2016
өлшемі1.02 Mb.
#140771
1   2   3   4   5   6   7   8

1.2.1 Негізгі жабдықтарды таңдау
Prosetter 74 сериялы CtP жүйесі баспаханаға басуға дейінгі процесті дайын формалық пластина шығарумен аяқтауға мүмкіндік береді. Мұндай технология макет жұмысының аяқталуы мен таралымды басудың басталуы арасындағы уақыттың азаюын қамтамассыз етеді, қолмен монтаж жасаудағы қателіктер және көшірудегі қателіктер болмайды, келтіру сапасын жақсартады, нәтижесінде дайын өнім сапасының артуына және құнының төмендеуін қамтамассыз етеді.

Бұл модель құрамында күмісі бар жарықсезгіш қабаты бар алюмини пластинаға жазуға арналған. Heidelberg фирмасының Prosetter 74 құрылысы ішкі барабанды фототеру аппаратының схемасы бойынша құрастырылған. Көшіру процесі кезінде пластина ваккум көмегімен белгіленеді, ал жазу толқын ұзындығы 410 нм болатын лазер көмегімен іске асады. Құрамында күмісі бар пластинаның жоғары сезімталдығының арқасында жазуға қуаты 5 мВт болатын қарапайым лазер диодын қолдануға болады, бұл CtP жүйесімен салыстырғанда аппараттың құрылысын айтарлықтай жеңілдетеді және арзандатады. Сөйтіп CtP технологиясы күлгін лазер базасында сапаның жоғарылылығын қамтамассыз ететін, форма дайындаудың және жазу жылдамдығын қамтыған,жоғары қабілетті,анық және таралымға төзімді,өңдеу процесінің қарапайымдылығы қамтамассыз еткен бірден бір тиімді шешім.

Егер аппараттың үлкен еместігін және орындалатын қызметтерінің көптүрлілігін ескесек,онда бұл кішігірім баспаханаға дұрыс шешім болары сөзсіз.

Heidelberg фирмасы Prosetter 74 моделінде CtP технологиясының барлық белгілі артықшылықтарын іске асырды. Пленкаға жазуға арналған (He Quasar Primesetter) ішкі барабанды ФТА дайындауда 10 жылдық тәжірбиесі бар бұл фирма, алғаш рет тікелей формалық пластинаға жазуды осы Prosetter 74 аппаратында іске асырды.

Prosetter 74 жұмыс істеген кезде ол сары жарықты қажет етеді, бірақ операторға бұл жағдай күндізгі жарықпен бірдей. Сонымен қатар Prosetter 74 - те сәуле көзі ретінде қолданылатын күлгін диодтың ұзаққа шыдайтынын ескерген жөн.

Күлгін лазер базасы технологияның артықшылығына, пластина өндірісі процесінің тұрақтылығын да қоса кету керек. Бұл технологияның одан да басқа артықшылығын айта кеткен жөн. Күмісқұрамды формалық пластиналармен басу кезінде басу машинасына ешқандай арнайы жөндеулер мен дайындықтың қажеті жоқ. Осы формалармен басу кезінде дәстүрлі формамен басу сияқты бояу және ылғалдау аппараттары қалыпты жағдайда болады. Тек бір жағдай – бұл пластиналарда УК – бояуларын қолданбаған жөн.

Prosetter 74 өзіне CtP күлгін технологиясының соңғы жетістіктерін біріктірді. Prosetter 74 тек Heidelberg фирмасының шығару құрылғыларына тән ерекшеліктерге ие. [11]

Қазіргі кездегі штифті келтіру жүйесі

Келтіру дәлдігі – түсті басылымның сапасын қамтамассыз ететін негізгі параметрлерді Prosetter 74-те біруақытта төрт штифті келтіру жүйесіне дейін қоюға болады, ол барлық басу машиналарымен сәйкес келуін қамтамассыз етеді. Аппаратқа формалық пластинаны салғаннан кейін ол ваккум көмегімен барабанға жазылып, штифті тесіктер тетігі таңдап алынған басу машинасының нұсқасына сәйкес автоматты түрде орындалады. Нәтижесінде – басу формасына арналған келтіру тетігі дәл орындалады. Ол басу кезінде келтірудің іске асуын және таралымды басуға машинаны дайындау уақытын азайтуға мүмкіндік береді.



Температуралық компенсация

Дәстүрлі технологияда, егер бір пластинаны қайта жасау қажет болып қалса, ал сол кездегі фотоформаның толығымен шығу уақытына кеткен уақыт аралығында бөлмедегі температура біраз өзгерген болса, онда нәтижесі дұрыс болмайды. Prosetter 74 те тұрақты жағдайды ішкі барабанның температурасын тексеру және көшіру шарттарын түзеп тұру арқылы ұстап отырады.



Ақпараттардың сандық ағыны

Heidelberg Prosetter –ге арналған түгелдей сандық жұмыс ағынын қамтамассыз ететін бағдарлама ұсынып отар.

Мұнда растрлы процессор ретінде Heidelberg-Meta Dimension жаңа ұсыныс ұсынып отыр. Бұл RIP Post Script сияқты жұмыс істейді, сонымен бірге PDF -job tickets базасында жұмыс істеуі. Prosetter 74 моделі Heidelberg – ің жұмыс ағынына негізделген.


  1. – кесте. Prosetter 74 техникалық сипаттамасы




Пластина форматы




макс., мм

670750

мин., мм

370323

Бейненің макс. форматы, мм

655750

2540 dpi-егі жылдамдығы,форма/сағ

16 форма/сағ

пластина түріне де байланысты болады




Габаритті өлшемі,мм

173015601385

Пластиналар

405-410 нм диопозонды күлгін сәулеленуге сезімтал алюминді пластиналар.Сезімталдығы 10м/см2 дейін жартылайавтоматты жүктемеде сары жарықты қажет етеді

Пластина қалыңдығы,мм

0.15 – 0.30

Лазер түрі

Күлгін лазер диоды,405 нм,5 мВт

Қабілеті

2400/2540/3386 dpi

Қайталануы

4 түске бөлінген бейнеге 5мкм

23С штиф шамасында және 60% ылғал шамасында



Ұсынылатын шарт

Штиф шамасы 21 ден 25С,ылғалдылық шамасы 45 тен 80% дейін

Қуаты

1.2 кВт

Салмағы

550 кг

Халықаралық стандартқа сай келу

GS,UL,GOST/CE,FCC,CDRH,ACN

1.2.2 Формалық бөлімшенің негізгі материалдарын таңдау
Пластиналар

CTP – ға арналған қазіргі пластиналар келесі белгілері бойынша бөлінеді:

 жазу қабатының спектрлі сезімталдылығының диапазоны;

 жазу қабатының құрамыақпаратты тіркеу процесіндегі физико-химиялық реакция типіне).

 көшіруден кейін қосымша өңдеудің қажеттілігі;

 басу процесі кезінде ылғалдаудың қажеттілігі;

Қазіргі формалық пластиналардың жазу қабаттары түрлі спектр аймағында максималды спектрлі сезімталдыққа ие болуы мүмкін:

 көк-күлгінде күлгін жартылайөткізгішті лазермен экспонирленеді);

 көгілдірмен (аргонды лазермен экспонирленеді); ()

 жасылмен қатты заттармен Fd: YAG – лазермен экп.;

 қызылмен (гелии-неонды немесе қызыл жартылайөткізгішті лазермен экспонирленеді);

 инфрақызыл (инфрақызыл жартылай өткізгіш немесе Nd қаттыденелерімен: YAG – лазермен экспонирлеу).

Алғашқы төртеуі жарықсезгіштерге, ал соңғысы термосезгіштерге жатады.

Пластиналардың тіркеу қабаттарының құрамы позитивті және негативті болып бөлінеді. Көшіру кезінде позитивті тіркеу қабаты басу элементтерін қалыптастыру мүмкіндігін жоғалтады, ал негативті керісінше осы қабілетке ие болады. Сондықтан позитивті пластинамен жұмыс істеу кезінде көшіруге пластинаның болашақ форманың ашық элементтеріне сәйкес келетін бөлігі ғана ұшырайды.

Жарықсезгіш пластиналар күмісқұрамды және фотополимерлі болып бөлінеді. Күмісқұрамды пластинаның тіркеу қабаты фотографиялық эмульсия түрінде болады. Фотополимерлі пластиналарда тіркеу қабаты ретінде фотополимерлі композиция қолданылады.

Термальді пластиналарда тіркеу қабаты термиялы ыдырататын полимер немесе өзінің фазалық күйін ИК-сәулелену әсерінен өзгерте алатын полимер түрінде болады.

Пластина маркаларының көбісін көшіргеннен кейін айқындау қажет. Ылғалды жазық басуға арналған пластиналарды айқындау процесі кезінде форманың ашық элементтерінің жамылғы қабатын механикалық, химиялық,физико-химиялық әдіспен кетіреді. Ылғалды қажет етпейтін жазық басуға арналған пластиналарда форманың басу элементтерінен олиофобты силиконды қабат жойылады. Кейбір термальді технологиялар форманың басу элементтеріне механикалық мықтылық беру үшін термоөңдеуді қажет етеді

Сонымен қатар қосымша өңдеуді қажет етпейтін термосезгіш пластиналарында айқындау процесі жоқ – ол экспонирлеу процесінің уақытымен қосылып кетеді немесе басу машинасында орындалады. CtP-ге арналған формалық пластиналар экспонирлейтін лазер сәулесіне жоғары сезімталды болуы керек. ол жазудың қажетті мүмкіндігін және таралымға төзімділігін қамтамассыз ету керек.

Осыған сәйкес олардың негізгі сипаттамалары:


  • тіркеу қабатының мах спектрлі сезімталдығының диопозоны;

  • экспонирлеу энергиясының қажетті мөлшері;

  • мүмкіндігі;

  • таралымға төзімділігі.

Пластинаның тіркеу қабатының лазердің сәулеленуіне сезімталдығы экспонирлеуге қажетті энергия мөлшерін анықтайды: соңғысы аз болған сайын, жазу жылдамдығы үлкен болады.

Пластинаның қабілеті формадағы басу элементтерінің өлшемдерінің кіші болуын қамтамассыз етеді, яғни бейненің ұсақ элементтерінің анық көрінуі.

Таралымға төзімділігі таралымды басуда форманы қолданудың экономикалық тиімділігін көрсетеді,ол басу және ашық элементтерінің мықтылығынан болады.

Жоғарыда ацтылғандардың бәрін ескере отырып, біздің өндіріс, сезімталдығы жоғары күмісқұрамды пластинаны таңдады. CtP жүйесінің Prosetter 74 сериялы пластинаға ақпараттарды жазу үшін қуаты 5 мВт болатын лазерлі диод қолданылады, ол CtP жүйесімен салыстырғанда құрылғының құрылысын жеңілдетеді және арзандатады. Сөйтіп CtP технологиясы күлгін лазербазасында сапаның жоғары болуын қамтамассыз ететін, форма дайындаудың және жазу жылдамдығын қамтыған, жоғары қабілетті, анық және тиражға төзімді, өңдеу процесінің қарапайымдалығын қамтамассыз еткен тиімді шешім.

Пластиналар – алюминді пластиналар, 405-410 нм күлгін сәулеленуге сезімтал, сезімталдығы 10м/см2 дейін, жартылайавтоматты салу сары жарықты қажет етеді. Пластиналардың қалыңдығы 0,15-0,30 мм. [10]

Формалық процестерді бақылау


X – Rite Basic Dot.

Формалық процестерді бақылау полиграфия өндірісінің ажырамас бір бөлігі. Соңғы кездерде үйреншікті ФТА мен көшіру рамаларының орнына СТР технологиясы енді, дипломдық жобада осы технология алынып атыр. Осыған байланысты технологқа СТР пластинасын бақылау үшін жаңа құрылғылар немесе осы жаңа пластинадағы өлшемдерді бақылайтын ескі денситометрге опция қажет.

X – Rite Dot Dot %, D – ны өлшейді. Бұл арқылы нүкте формасын көзбен бақылауға болады, сонымен бірге растр линиатурасы мен бұрылу бұрыштары туралы ақпараттарды көрсетеді.

Модификацияға байланысты барлық пластиналармен жұмыс істей алады, аналогты немесе сандық түстексерумен, пленкалармен,басылым таңбаларымен. 14000 dpi прецизионды оптиканың арқасында, үлгілерді растрлі және модуляция типіне қарамастан өлшеуге болады. Бұл құрылғының тағы бір ерекшелігі – үш жарық көзі және өлшеу аймағында сақиналы жарығы бар. Осындай технология көмегімен дәл қорытынды алуға болады.[20]


1.2.3 Формалық бөлімшенің жылдық жүктемесін есептеу
4 – кесте. Формалық бөлімшені жобалауға тапсырма


Басылым атауы

Мерзімді лігі

Атау

саны


Қағаздың

форматы


мен бөлшегі,

см


Физ.бас.

табақтағы

көлемі


Таралымы

мың дана


Бояулылығы


Журнал №1

12

15

6074/8

6

30

4+4

Журнал №2

12

20

6074/8

14

20

4+4

2- ші журналға

мұқаба


12

20

6084/8

0,125

20

4+4

1-ші журналға мұқаба

10

6

6084/8

0,125

30

4+4

5 – кесте. Басу формасын дайындау бөлімшесінің жүктемесін есептеу




Басылым

атауы


Басылым

форматы, см



Өтетін қағаз форматы, см

Қағаздағы көшірме саны

Басу формасынаң

жылдық мөлшері



біреуінің

барлығының

Журнал 1

6084/8

6084

1

24

4320

Журнал 2

6084/8

6084

1

56

13440

2-ші журналға

мұқаба


6084/8

6084

8

0,5

960

1-ші журналға

мұқаба


6084/8

6084

8

0,5

30

БАРЛЫҒЫ













18750

Журнал 1  641512  4320

Журнал 2  1442012  13440

Мұқаба1  42012  960

Мұқаба 21064 0,12530

6 – кесте. Формалық бөлімшенің жабдығының санын есептеу




Жабдық

маркасы


Жабдық

уақытының

жылдық

қоры Fжаб



Басу фор

масының


жылдық

мөлшері N



Бір сағаттағы

өнімділік

нормасы

n


Жабдықтың

есептелген саны



Жабдықтың қабылданған

саны


Prosetter74

2398

18077

12

0.6

1

Fжаб  Fр- tжөн+ tтех+ tнег   2398 сағ

Nр N/ Fжаб n  0.6

7 – кесте. Формалық бөлімше жұмысшыларын есептеу




Жабдықтың

маркасы мен

қызметі


Разряды

Жабдықтың есептелген саны

Np



Жабдықтың жылдық уақыт қоры

Fжаб



Жұмысшы

лардың жұмыс

уақытының

тиімді қоры Fn



Қабылданған жұмысшы саны

Оператор

Prosetter 74



6

0.6

2398

2184

1

Fn Fp- 488+248+78  2920 - 424+64+192+56  2184сағ

Rтіз Fжаб Np/ Fn

Формалық бөлімшенің ауданын есептеу



  1. Жабдықтың алып жатқан ауданы 4 м2

  2. Формалық цехқа арналған түзеу коэфиценті 5,3

4  5,3  21м2

3. Қабырға қалыңдығына, баспалдақ клеткаларына және тұрмысты бөлмелерге 25%

21  0,25  5м2

4. Формалық бөлімшенің жалпы ауданы

5 + 21  26 м2

5. Кубатура

26м2 4,2м  109м3

6. 1м2 бағасы – 25 мың тг

26м2 25мың тг  620 мың тг


  1. Жалпы сомадан өндірістік бөлмелерді жөндеуге 3

620  0,03  19,5 мың тг

8. 620 + 19,5  640 мың тг


1.3 Басу цехы
1.3.1 Технологиялық процессті таңдау және негіздеу

Басу полиграфия өндірісінің негізгі бөлігі болып табылады және де басу формасынан бояу қабатының қағазға немесе басқа да материалға берілуінен бірнеше рет бірдей бейне алу процесі. Басу процесінің міндеті басу формасындағы бейнелерді дәл анық етіп шығару.

Дипломдық жобада журнал өнімін басу үшін монометалды формалы жазық басу әдісі алынды.

Жазық басу әдісімен қазіргі кезде полиграфиялық өнімдердің көптеген түрін басады: газет, журналдар, кітаптар, көркем альбомдар, этикеткалар,орамалар,түрлі акцидентті өнімдер. Қанша перспектиавсы жоқ деп айтқанымен қазір ол жетекші орын алып тұрғаны сөзсіз. Полиграфистер ассосациясының зерттеулері бойынша 2010 жылға қарай жазық басу әдісінің нарықтағы мөлшері 40 % болады деп отыр, ол дегеніміз басқа әдістердің мөлшерінен көп деген сөз. Жазық басу әдісінің артықшылығы оның үлкен форматтарда өте тез жылдамдықпен жұмыс істей алатындығында. Бұл технология өзіндік құны аз түрлі-түсті үлкен мөлшердегі өнімдерді басуға өте қолайлы. [13].

Жобаланған басылым парақты басу машинасында басылады. Бұл басу процесінің жылдамдығына да және құнының арзандығына да дұрыс.

Парақты басу машиналары рулонды машиналарға қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие: әртүрлі форматтағы және әртүрлі қалыңдақтағы қағаздарды баса береді, көпбояулы басуда бояулардың дәл келуін қамтамассыз етеді, қағаз шығыны және техникалық қажеттіліктері аз.

Сапасын арттыруда технологиялық факторлардың ішіндегісі, ол жоғары қабілеті бар монометалды басу формасын айта кету керек. сонымен бірге ылғалды көп қажет етпейтіндіктен бояудың эмульсиялануын және қағаздың созылуын азайтады.



Басу машинасын

дайындау






Б
Бояуды дайындау
ояу аппаратын

дайындау






Ылғалдау аппаратын дайындау


Қ
Қағазды дайындау
ағазберу жүйесін дайындау





Қағаз өткізу жүйесін дайындау




Форманы жөндеу




Таралымды басу

5- сурет. Процестің жалпы технологиялық сұлбасы



Таралымды басуға машинаны дайындау

Жазық басу машинасын таралымды басуға дайындаудың шығыңқы басу машинасын дайындаумен көп ұқсастығы бар. Бірақ сонда да жазық басу машинасын дайындаудың өз ерекшеліктері бар.

Жазық басу машинасын таралымды басуға дайындау процесі сәйкестендіру деп аталады және келесі операциялардан тұрады:


  • басу аппаратын дайындау;

  • бояу және ылғалдау аппараттарын дайындау;

  • қағазберу және қабылдап – шығарып алу құрылғыларын дайындау;

  • келтіру;

  • кептіру және басқа да реттеп-бақылайтын құрылғылар мен жүйелерді дайындау.

Басу аппаратын дайындау мына операциялардан тұрады:

  • резинаматалы пластинаны және төсенішті қондыру;

  • басу формасын және қысымды реттеуді қондыру;

Резинаматалы пластина формадан қағазға бояуды берумен қатар декль қызметін де атқарады. Сондықтан оның қалыңдығы, бетінің тегістігі және жұмсақтығы басылатын өнім сапасына әсер етеді.

Астында төсеніші бар резинаматалы пластинаны тегістеп жазық цилиндрге кигізеді.

Соңғы кезде құрамы күрделікеуекті қабатты резинаматалы пластиналар қолданылып жүр.Бұл көп уақытқа төзімді болып келеді.

Басу формаларын тексергеннен кейін тапсырыс картасы және сынама таңбамен бірге басу машинасына апарып,машинаның формалық цилиндріне орнатады. Басу формасы формалық цилиндрге біртегіс кигізіліп, дұрыс орналасуы қажет.

Басу секциясындағы цилиндр арасындағы оптималды қысымы монтаж кезінде және машинаны жөндеу кезінде қойылады. Оның тұрақты болуы басу формасы мен декельдің қалыңдығына байланысты цилиндр диаметрлерінің орнатылуында.

Ылғалдау аппаратын дайындаудың өз құрылысына байланысты ерекшеліктері бар. Аппаратты дайындау оны тазартудан, беру және жағу білікшелерінің орналасуын реттеуден, ылғалдағыш ерітіндісін құюдан және оның формаға берілуін алдын ала тексеруден тұрады. Білікшклердің маталы жамылғысының күйіне және олардың басу формасына тиуінің тегістігімен, арасындағы күшіне ерекше мән береді.

Ылғалдағыш ерітіндінің құрамы мен оның РН-ын ашық элементтер орналасатын алюминии үшін РН = 6,6 металдың табиғатына байланысты алады. Ерітінді ашық элементтерге жұқа, тегіс қабат болып жағылуы керек, олардың гидрофильділігін сақтауы қажет және басу элементтерінің тұрақтылығын қамтамассыз етуі қажет.

Бояу аппараттарын дайындау мыналардан тұрады:


  • бояу аппараттарын жуу;

  • бояумен толтыру;

  • реттеу.

Ол формаға бояу қабатын қажетті қалыңдықта, тоқтаусыз беріп тұруы қажет. Егер бояуды ауыстыру қажет болса, онда оны барлық бояу аппараттарынан алып, жуатын құрылғы арқылы жуып тастайды. Содан кейін барып бояу жәшігіне қажетті бояуды құяды.

Бояу аппаратын дайындау.

Таралымды баспас бұрын баспагер бояу аппаратының таза болуын тексеруі қажет. Қажет болған жағдайда бояу аппараты алдыңғы қалған бояулардан жуатын паста көмегімен жуылады. Пастамен жуу білікшелер қысылып тұрғанда 15-20 мин жуылады. Білікшелерде жиналып қалған ескі бояуларды арнайы ерітіндімен немесе керосинмен (уайт-спирт) тазалап, білікшелерді ветошьпен кепкенше сүртеді. Бояу басу аппаратының бояу жәшігіне оңай құйылып, айналдыру жүйесіне біртегіс болып беріліп, одан айналдыру және жағу білікшелеріне, одан барып басу формасына, одан кейін резина маталы пластинадан қағазға берілуі керек.

Баспагер бояу жәшігін бояумен толтырмас бұрын ыдыстағы бояу бетіне антиқабаттүзгішке малынған пергаментті бетті алып бояу бетін қарайды. Егер бояу бетінде қабат болса, онда баспагер оны штапельмен алып, бояуды жақсылап араластырып бояу жәшігіне құяды. Бояу жәшігін бояу құйылғаннан кейін, шаң-тозаң түспес үшін жауып қою керек. ыдыста қалған бояу бетін пергаментті қағазбен жауып қойған жөн.

Қолданысқа дайын бояу паспортта көрсетілген талаптарға сай болуы қажет. Қажет болған жағдайда зертханаларда немесе сертификаттау орталықтарында бояудың мынадай көрсеткіштерін тексереді: үйкелісін; бояу күшін; қағазға бояудың берілу уақытын; тұрақтылығын және басқа да көрсеткіштерін. Басу кзінде бояу қажетті таңба сапасын алуға және барлық таралым бойы тұрақты интенсивтілігін, бейненің анықтылығын қамтамассыз етуі керек.

Бояудың бейне элементтерінің анық түсуі үшін өзіндік тұрақтылығы болады. Ылғалдау ерітіндісіне тиген кезде, бояу қоюланбауы керек.

Бояудың алғашқы жағылу жылдамдығы таңбаны қоюландырмауы керек.бояудың соңғы жағылу жылдамдығы таңбаны одан әрі өңдеу үшін тез кеуіп кетпеуі керек.

Осы талаптардың бәріне Санхимиккал бояулары сай бола алады. Бұл сериялы бояулардың интенсивтілігі жоғары болғандықтан, ол бояудың жалпы шығынының аазаюын және бейненің анықтылығын қамтамассыз етеді.

Полиграфиялық бояулармен және қосымша материалдармен жұмыс істеу барысында поиграфия өндірісінде еңбекті қорғау ережелерін сақтау керек.

Полиграфиялық бояулармен қосымша материалдар жабық бөлмеде, өртке қауіпсіз, жауын-шашынға тимейтін, күн түспейтін, жанатын заттардан алшақ тұруы және сақталу мерзіміне дейін - 30ºС тан төмен емес және +30ºсС температурадан кіші емес бөлмеде сақталуы керек.

Қағаз беру және қабылдап алу құрылғыларын дайындау

Қағаз беру және қабылдап алу құрылғыларын дайындау, машинаның басу аппаратына үзіліссіз қажетті дәлдікпен қағаздың берілуін және басылған өнімді жеке парақ ретінде шығаруды қамтамассыз етуі қажет. Парақтық машиналардың самонакладына таралым қағазы парақтарының топтамасымен немесе жартылайөнімдер қойылады. Биіктігі 80-100см. Самонаклад пен қабылдап-шығару құрылғыларынаң механизмін қағаздаң форматы мен массасына байланысты реттеп отыруы керек.

Қағазберу құрылғысын дайындау кезінде келтіру операциясының элементтерін де орындайды.

Келтіру – бұл таңбаның қағазға дұрыс түсуін қамтамассыз ететін технологиялық операйия. Келтіру нәтижесінде таңба алаңының дұрыс өлшемін, көпбояулы басылым кезінде бояулардың дәл беттесуін қамтамассыз етеді. Бұл басылған өнім сапасын анықтайтын негізгі операциялардың бірі.

Келтіру дәлдігін ең алдымен машинаның қағазберу құрылғысының механизмін реттеу арқылы алады, яғни қағаз парағын басу формасына сәйкес етіп орналастыру. Соған қоса, беттеудің дұрыстығына, басу формасының монтажына, түске бөлінген фотоформалардың, басу формаларының сызықты дәлдігіне байланысты болады.

Жазық басуда машинаны басуға дайындау машина түріне және оның автоматизациясына байланысты түрлі құрылғыларын бақылаумен аяқталады: кептіру, қоюлану және т.б..

Жазық басуда машина түріне қарамастан сәйкестендіру қажет емес. Бұл дайындау операциясын жеңілдетіп, уақытты үнемдеуге себін тигізеді.



Таралымды басу

Машинаны дайындап болғаннан кейін формаға берілетін қажетті алғал мен бояуды реттеп, сынама тңбаны басады.

Басылым түріне қарай баспагер мен мастер таңба сапасын жақсылап тексереді: бейне элементтерінің дұрыс берілгендігін, бояудың реңі мен түсін, олардың беттесуін, спуск полстың дұрыстығын, дәптер өлшемін және дұрыс бүктелуінтексеру белгілерінің бар-жоқтығын және дұрыстығын тексереді.

Егер бәрі нормаға сай болса, онда сынама таңбаға одан әрі таралымды басуға болады деп қол қойылады. таралымдағы барлық таңбаның бірдей болуы үшін басу кезіндегі оптималды режимі тұрақты болуы қажет. Ол ылғалдау ерітіндісімен бояудың формаға аз берілуінен болады. [4]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет