Ұйымдас-тырушы-лық-ізденістік
|
Балалар, біз бүгін табиғат туралы әңгімелесеміз. Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн, алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ұғымды білдіреді. Табиғат жанды табиғат, жансыз табиғат болып екіге бөлінеді. Миға шабуыл: Қалай ойлайсыңдар жанды табиғатқа нелер жатады?
- Жансыз табиғатқа нелер жатады?
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, жанды табиғатқа тіршілік ететіндердің, өсіп-өнетіндердің барлығы жатады екен.
Яғни жанды табиғат өседі, тыныс алады, қоректенеді. Ал жансыз табиғат өспейді, тыныс алмайды, қоректенбейді. Неліктен жансыз табиғатты жанды табиғаттың тірегі деп айтады?
Дұрыс айтасындар, кез келген тіршілік иесі ауасыз, сусыз, тамақсыз, күнсіз өмір сүре алмайды екен. Міне, балалар, біз жанды және жансыз табиғат туралы білдік.
«Жалғасын тап» ойыны.
Жансыз табиғат - ... (ай, жұлдыз, тас, су, ауа, тау т.б).
Жанды табиғат - ... (гүл, шөп, ағаш, аю, қоян, тасбақа, балық).
Жанды табиғат жансыз табиғатсыз ... (тіршілік ете алмайды).
- Балалар суреттен не көріп тұрсыңдар?
- Сендерге таулы, орманды жер ұнай ма?
- Қалай ойлайсыңдар, қалалы жердің ауасы таза ма, орманның ауасы таза ма?
- Неліктен?
- Дұрыс айтасыңдар, орманда ауа таза болады. Сондықтан да жануарларға ол жер ұнайды.
- Ал қалада ауаның ормандағыдай болуы үшін не істеуге болады?
- Міне, балалар, ағаштар мен гүлдердің өсу жолдары (педагог суреттен көрсетеді).
Психогимнастика, (баяу музыка ойнайды). Балалар, біз қазір гүлдің тұқымы боламыз. Көздеріңді жұмыңдар.
Сендерге қараңғы болып тұр. Себебі: сендерді енді ғана топыраққа отырғызды. Кенеттен сендер жылуды сезіндіңдер. Сендер жылуға қарай бой алып өсе бастадыңдар. Сөйтіп, жердің бетіне шықтыңдар. Күн сендерге өзінің шуағын төгіп тұр. Сендер одан сайын өсе бастадыңдар. Енді жаңбыр жауа бастады. Сендер жаңбырдың суын ішіп, одан да биіктеп өсе бастадыңдар. Сендердің сабақтарың мен жапырақтарың қатайып, кішкентай түйнек пайда болды. Ол түйнек үлкейіп, әдемі гүл шықты. Міне, балалар, сендер мынандай әдемі гүлдер болып өстіңдер (суретін көрсетеді).
- Балалар, сендерге гүл болған ұнады ма?
- Демек, кез келген өсімдіктің өсуі үшін уақыт керек екен. Ал оны жұлып немесе сындырып тастау үшін көп уақыт кетпейді. Бұл ағаштарды сындыруға болмайды, себебі: олар да өсіп-өнгенді жақсы көреді және олардың тіршілік иесі үшін пайдасы көп дегенді білдіреді.
- Қалай ойлайсыңдар, мына семішкенің тұқымын тәрелкеге салып қойсақ өсе ме?
- Неге өспейді?
Дәптермен жұмыс. Педагог дәптердегі тапсырмаларды түсіндіреді.
|
- Өсімдіктер, жануарлар, ағаштар, гүлдер жатады.
- Өйткені өсімдіктер мен жануарларға, адамдарға, су, ауа
керек. Олар онсыз өмір сүре алмайды. Сол себепті.
- Тау, тас, ауа, су жатады.
- Ай, жұлдыз, тас, су, ауа, тау.
- Гүл, шөп, ағаштар, аю, қоян, тасбақа, балық, адам.
- Тіршілік ете алмайды.
Балалар сұрақтарға ойланып жауап береді.
Балалар педагогтің түсіндіруімен және көрсетуімен баяу музыка әуеніне қарай гүлдің өсу жолдарын қимылмен көрсетеді.
- Ұнады.
- Жок, өспейді. Оны топыраққа отырғызып, күтіп-баптаса ғана өседі.
Балалар дәптердегі тапсырмаларды орындайды.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |