тыру-
шылық-
ізденістік
|
- Балалар, жаңа біз саяхатқа шыңканда
тас-тастың араоымен не агып жатты?
Су туралы сендер не білесіңдер?
- Сендер су туралы біраз біледі екенсіңдер? Ал судың түсі, дәмі туралы не айтасыңдар?
Балалар, судың түсі, дәмі туралы біз бүгін тәжірибе жасаймыз. Мен не істедім? (Суды төгеді, кранды ашып суды ағызады).
Сендер алдыларыңда тұрған кіші стақандары суды тәрелкеге құйыңдар?
Енді губканы суға батырып, бір қолмен ақырын ғана сығыңдар, не байқадыңдар?
- Балалар, суды төгуге де болады. Ол ағады, тамшылайды, суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құюға болады. Яғни су сұйық екен. Су қандай екен?
- Сендер тағы қандай сұйық заттарды білесіңдер?
- Сүттің түсі қандай? (Аң)
- Судың түсі қандай екен, ыдыстағы суға қараңдаршы?
- Дұрыс айтасыңдар, су түссіз. Ал сендер судың түсін өзгерткілерің келе ме? Олай болса алдыларыңдағы бір ыдыстағы суға өздеріңе ұнаған бояуды қосыңдар.
- Демек, балалар, судың түсі, оған қоспа қосқанда ғана өзгереді екен. Енді үшінші стакандағы таза суды ішіп көріңдерші, дәмі қандай екен?
- Судың дәмін қалай өзгертуге болады? Дұрыс айтасыңдар, олай болса алдыларыңда тұрған қантты суға салып араластырыңдар.
- Судың дәмі қалайша тәтті болып кетті.
- Ал суға тұз қосса, дәмі қандай болар еді?
- Яғни, балалар, суға белгілі бір дәмі бар затты қосқанда ғана оның дәмі болады екен.
Енді төртінші стақандағы суды алып иіскеп көріңдерші, иісі қандай?
- Демек, судың иісі болмайды екен. Суға иіс май қосса ғана оның иісі шығады. Біз бүгін балалар, су туралы біраз әңгімелестік, тәжірибе жасадың. Енді айта қойыңдаршы, су не үшін керек, су болмаса не болар еді.
Жарайсыңдар, балалар, енді жаңа өздерің жасаған тәжірибелеріңді естеріңе түсіріп, су туралы айтып беріңдерші.
- Ал сендер суды үнемдеу керектігін білесіңдер ме? Суды үнемдеу дегенді қалай түсінесіңдер?
- Дұрыс айтасыңдар, суды бостан-босқа төгіп, қалай болса солай пайдалана беруге болмайды екен.
Педагог сергіту сәтін қйымдастырып болғаннан кейін дәптердегі тапсырмаларды түсіндіреді.
|
- Су ағып жатты.
Балалар жауап беруге тырысады.
1-тәжірибе. Балалар кіші стакандағы суды тәрелкеге құяды.
Оның формасының өзгергендігін
байқайды. Губканы сығып, тамшылардың пайда болғанын
айтады.
- Сұйық.
Сүт сүйың, кампот, шырын сұйық.
Балалар суға қарап, түсі жоқ екендігін айтады.
2-тәжірибе. Балалар өздеріне ұнаған бояу тамшыларын суға қосып, араластырады да судың түсінің қандай түске өзгергендігін айтады.
Балалар суды ішіп көріп, дәмінің
жоқтығын айтады.
Бал, тосап, қант қоссаң, судың дәмі өзгереді.
3-тәжірибе. Балалар суға қант салып араластырады да ішіп көреді. Судың дәмінің тәтті болғандығын айтады.
- Өйткені біз суға қант қостық.
- Ащы болады. Иісі жоқ. Балалар сабын, сусабын қосса да судың иісінің шығатындығын айтуы мүмкін.
- Су адамдарға тамақ пісіру үшін, кір жуу үшін, шомылу үшін, шашын жуу үшін, шай қайнату үшін керек.
-Балалар судың қасиеттерін айтады.
- Балалар дәптердегі тапсырмаларды орындайды.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |