3.5 Оқиғаны тергеу
Оқиғаны зерттеу-тергеу жұмыстарының мақсаты оқиғалардың,
ықтимал оқиғалардың жүйелік деңгейдегі түпкі себептерін
анықтап, түзету шараларын белгілеу болып табылады. Сонымен
қатар ол дәл осындай оқиғалардың қайталануына жол бермес
үшін алынған сабақтармен жоба бойынша бөлісуді көздейді.
ТШО-ның 28-ші оқиғаны хабарлау және тіркеу процедурасында
зерттеу-тергеу жүргізудің арнайы әдістері мен мерзімдері
айтылған. Мердігер өз тарапынан барлық зерттеу-тергеу
жұмыстарын жүргізеді және Компанияның өкілдерін 3a және
3b деңгейіндегі оқиғаларды тергеуге қатысуға шақыруы тиіс.
Компания мердігер ұйымда болған кез-келген оқиғаны тергеуді
дербес түрде таңдай алады.
Оқиғаны тергеген соң, оқиғаны тергеу есебі әзірленіп, ол
келесілерді сипаттауы тиіс:
f
Түпкі себептер;
f
Маңызды оқиғалардың/мерзімдердің тізбегі;
f
Түзету шаралары мен орындауға тиіс шаралар;
f
Алынған сабақтар.
Оқиғаны тергеу есебі Компанияға оқиға орын алған сәттен
бастап 7 күн ішінде ұсынылуы тиіс. Оқиғаны тергеуден алынған
шаралар мердігердің алаңдағы іс-шараларды тіркеу журналында
жазылып, орындалып, аяқталмайынша қадағалануы қажет.
3.6 Төгінділер туралы ҚР құзырлы органдарына
есеп беру
Қазақстан Республикасының (ҚР) есеп берілетін табандық
көрсеткіштерінен асқан төгінділер үшін (төмендегі кестеде
көрсетілген; мердігер ұйым қазіргі деңгейлі көрсеткіштерін
растауы тиіс), ҚР тиісті құзырлы органдарына сыртқы
хабарламаны, көбінесе Атырау облысының экологиялық
департаментіне мердігер ұйым жолдауы қажет.
25
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
Кесте 4: ҚР құзырлы органдарына төгінді туралы есеп беру сипаттамасы
Төгіндінің түрі
Мұнайдың
Достарыңызбен бөлісу: |