1 теңіз кен орнындағы ккж экология, ЕҢбекті қОРҒау және әлеуметтік мәселелер жөніндегі



Pdf көрінісі
бет17/71
Дата10.09.2024
өлшемі4.32 Mb.
#503531
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   71
FB20180194-001 TCO ELC Field Handbook KAZ FINAL crops

30
5
ЖЕР 
РЕСУРСТАРЫН 
БАСҚАРУ


31
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
5. Жер ресурстарын басқару
5.1 Жалпы мәлімет
Жер ресурстарын және топырақты ұқыпты пайдаланудың 
табиғи ортаны қорғауда маңызы зор. Топырақтың үстіңгі 
қабаты жыртылғаннан кейін оның бетіндегі өсімдіктер қайтып 
өспейді. Қазақстанда топырақты тасу, соның ішінде топырақ 
карьерлерінен қазу, үйіп төгу, артық топырақты төгу жұмыстары 
үшін рұқсат алып, топырақтың барлық тасымалын қадағалау 
қажет. Компанияда ҚР талаптарына сәйкес, топырақ тасымалын 
бақылап, қадағалайтын процедуралары бар. Үкімет бекіткен 
жерді қалпына келтіру жоспарларында айқындалғандай, 
топырақты тек қана белгіленген жерден алып, белгіленген жерге 
апарып төгу керек.
5.2 Топырақтың үстіңгі және астыңғы қабаты 
Топырақтың үстіңгі қабаты дегеніміз ол топырақтың беткі бөлігі 
болып табылады; жалпы алғанда ол топырақтың астыңғы 
қабатына қарағанда құнарлырақ болады және тұқым қорын 
қамтиды. Топырақтың астыңғы қабаты топырақтың келесі 
қабаты болып табылады және оның құнарлығы төмен. ККЖ 
қоршаған ортаны қорғаудың озық тәжірибелеріне сәйкес келу 
үшін топырақтың үстіңгі және астыңғы қабатын мүмкіндігінше 
сұрыптап, бөледі.
Мердігер ұйым топырақтың үстіңгі және астыңғы қабатына 
қатысты келесі талаптарды орындауы қажет:
f
Компаниямен топырақтың үстіңгі қабатын жырту алаңын және 
тереңдігін келісіп алу
f
Топырақтың астыңғы қабатын үстіңгі қабатпен араласпауы 
үшін бөлек сақтау
f
Сор жерден 10 м аумақта топырақ үйіп жинамау, өйткені 
түзілім эрозия қаупіне ұшырауы мүмкін 
f
Топырақ үйіндісін басқа қалдықтармен араластырмау
f
Топырақтың беткі қабаты келесі тәртіпте үйінділерге жиналуы 
қажет: 

Нығыздамау немесе топырақ құнарлығын бүлдірмеу үшін 3 
метр биіктіктен аспайтындай етіп жинау 

Ықтимал жел және су эрозиясын болдырмау немесе азайту 
мақсатында үйіндінің бетін және айналасындағы шеттерін 
ұқыпты түрде нығыздау


32
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»

Үйінділер мердігермен қорғалатын нысан ретінде айқын 
белгіленуі тиіс

Үйінділер басқа үйінділермен араласпауы немесе
кездейсоқ тасымалданбауы үшін бөлек орналасу қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет