1 теңіз кен орнындағы ккж экология, ЕҢбекті қОРҒау және әлеуметтік мәселелер жөніндегі


ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы «Теңізшевройл» 5.5 Қайта қалпына келтіру жұмыстары



Pdf көрінісі
бет19/71
Дата10.09.2024
өлшемі4.32 Mb.
#503531
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   71
FB20180194-001 TCO ELC Field Handbook KAZ FINAL crops

34
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
5.5 Қайта қалпына келтіру жұмыстары
Эрозияны болдырмау немесе ықтималын азайту, өсімдік қабатын 
қайта қалпына келтіру мақсатында, Мердігер ұйым жұмыстарды 
аяқтағаннан кейін барлық бүлінген жерлерді мүмкіндігінше 
ертерек қайта қалпына келтіруі қажет. 
Мердігер ұйым өзі бүлдіретін барлық жер телімдеріне арналған 
жерді қалпына келтіру процедурасын әзірлеуі тиіс. Мердігер 
ұйым құрылысты жүргізуге уақытша қолданылатын немесе 
орналастырылған барлық материалдар мен құрылымдарды 
жерді қайта қалпына келтіру кезінде алып тастауы тиіс. Жердің 
бетін түпкі пішінге келтіру кезінде алаңның бетін жұмыстар 
алдыңғы географиялық пішініне және күйіне мүмкіндігінше қайта 
келтіру қажет. 
Алаңдағы жұмыстар кезінде топырақ қабаты нығыздалса, 
мердігер ұйым топырақтың үстіңгі және астыңғы қабатын 
Сурет 5: Жер шекарасын айқындайтын қазық белгінің үлгісі


35
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
қалпына келтірер алдында оларды қайтадан босатып/
нығыздаудан қайта шығаруы тиіс.
Жұмыстардың нәтижесінде түзелген барлық тас, ұсақ тас пен 
құрылыс қалдықтары және кез келген ластанған топырақ алынып 
тасталып, тиісті түрде орналастырылуы қажет.
5.6 Демобилизация 
Жұмыс алаңынан демобилизациялану алдында, Мердігер 
ұйым демобилизациялану бойынша тексеру парағын 
толтырып, ККЖ ЭЕӘ бөлімінің қарауына жолдауы тиіс. 5-кестеде 
демобилизациялану бойынша тексеру парағының үлгісі 
көрсетілген.
Кесте 5. Демобилизациялану бойынша тексеру парағының үлгісі
Ұсақ-түйек жұмыстар
Алаң қоқыстан тазаланды ма?
ККЖ жұмыстарының белгісі алаңнан алынып тасталды ма? 
Барлық жабдықтар мен көліктер алаңнан шығарылды ма немесе шығару 
мерзімі жоспарланды ма?
Алаңнан уақытша қоршау алынып тасталды ма?
Алаңнан мердігер ұйымға тиесілі инфрақұрылым алынып тасталды ма?
Барлық талаптардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жобалау, 
материалдық-техникалық қамтамасыз ету және құрылыс жүргізу 
бойынша барлық міндеттемелер Компания тарапынан қаралды ма?
Барлық материалдар (мысалы: инертті материал) алаңнан алынып 
тасталды ма?
Демобилизациядан бұрын ЭЕӘ бойынша барлық міндеттемелер (ЭЕӘ 
есебі, алаңдағы іс-шараларды қадағалау журналы) орындалды ма?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет