1 теңіз кен орнындағы ккж экология, ЕҢбекті қОРҒау және әлеуметтік мәселелер жөніндегі


ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы «Теңізшевройл» 7.2 Қауіпті материалдарды сақтау алаңдарын



Pdf көрінісі
бет32/71
Дата10.09.2024
өлшемі4.32 Mb.
#503531
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   71
FB20180194-001 TCO ELC Field Handbook KAZ FINAL crops

53
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
7.2 Қауіпті материалдарды сақтау алаңдарын 
дайындау
Қауіпті материалдарды сақтау алаңында келесілер қарастырылуы 
тиіс:
f
Тиісті ауаны баптау жүйесі
f
Төбе (ауа райы шарттарынан қорғайтын)
f
Ең ірі контейнерден сұйықтықты 110%-ға немесе сақталатын 
сұйықтықтың жалпы көлемінен 25%-ға дейін ұстап тұра алатын 
екінші қорғаныс қабаты
f
Ескерту белгілері және жауапты тұлғалардың байланыс 
ақпараты
f
Қоймаланған қауіпті материалдардың қауіпсіздігі жөніндегі 
мәліметтер парақшалары
f
Үйлеспейтін материалдар бірге сақталмауы тиіс
f
Төгіндіні жинау құрал-саймандары.
Тек химикаттар/мұнай және жанармай өнімдерін сақтауға 
арналған контейнерлерді пайдалану керек. Химиялық заттарды 
пластик су бөтелкелерінде сақтақтауға тыйым салынады.
Сурет 9. Қауіпті химиялық заттарды сақтау алаңдарын дұрыс және дұрыс 
емес ұйымдастырудың мысалдары


54
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
7.3 Химиялық заттектерді алаңға жеткізу
Мердігер ұйым құрамында келесілер бар жаңа материалды 
немесе кез-келген жабдықты (жаңа немесе қолданылған) сатып 
алуға тыйым салуы қажет: 
f
Озонды бұзатын заттек 
f
Құрамында асбест бар өнімдердің барлық формасы 
f
Қорғасын немесе хром негізіндегі бояулар
f
Полихлорланған бифенилдер
f
Бұрандалы байланыстардың қорғасынды майлағышы
(мысалы: құбырдағы бұрандалы байланыстарды 
майлағыштар) 
f
Хлорланған еріткіш немесе cұйылтқыш
f
Құрамында кремний бар абразивтік өңдеу өнімдері 
f
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДССҰ) аса қауіпті 
деп cанатталған пестицидтер (Ia класы) немесе жоғары қауіпті 
(Ib класы) пестицидтер.
Химиялық заттектерді ККЖ алаңына жеткізбес бұрын, мердігер 
ұйым келесі шараларды орындауы тиіс:
f
материалдардың қауіпсіздігі жөніндегі мәліметтер 
парақшасының болуын қамтамасыз ету;
f
химиялық заттың тәуекелдерін бағалау, ең қауіпсіз заттарды 
іріктеу және салдарын бәсеңдету/бақылау шараларын 
анықтау;
f
химиялық затты мердігер ұйымның құрал-саймандар 
тізімдемесіне енгізу және ККЖ ЕҚ,ҚТ және ҚОҚ мақұлдауына 
ұсыну, сондай-ақ тіркеу/тізімдеу;
f
жұмыс аяқталғаннан кейін мердігер ұйым кез-келген 
қолданылмаған химиялық заттарды жұмыс алаңынан 
алып, ККЖ ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бөліміне химиялық заттардың 
алынғандығы туралы хабарлау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет