1 теңіз кен орнындағы ккж экология, ЕҢбекті қОРҒау және әлеуметтік мәселелер жөніндегі


ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы «Теңізшевройл» 6.12 Сыртқы алаңдардағы / Мердігер ұйымның



Pdf көрінісі
бет30/71
Дата10.09.2024
өлшемі4.32 Mb.
#503531
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   71
FB20180194-001 TCO ELC Field Handbook KAZ FINAL crops

50
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
6.12 Сыртқы алаңдардағы / Мердігер ұйымның 
қарауындағы алаңдардағы қалдықтарды 
игеру
Мердігер ұйым қайықша контейнерлерді сатып алуға
қалдықтарды сұрыптауға, сыртқы алаңдардағы қалдықтарды 
тасымалдау мен төгуді ұйымдастыруға жауапты (мысалы: 
кенттер, өндірістік базалар). Сыртқы алаңдардан ТШО 
нысандарына жіберілмеген қандай да бір қалдықтар ККЖ 
мақұлданған мердігерлері/нысандары арқылы тасталуы қажет 
(мақұлданған тізімді ККЖ ЭЕӘ тобынан алуға болады).
Кесте 10. Қалдықтарды кәдеге жаратуды басқару бойынша тексеру 
парағының үлгісі
Жұмыс алаңдары қалдықтар мен қоқыстардан тазартылған болады ма 
(яғни, тазалық сақталады ма, күнделікті тазарту жұмыстары жүргізіледі 
ме, ретсіздік байқалмайды ма)? Қалдық жинау алаңдары таза әрі 
гигиеналық талаптарға сай ма?
Қалдық жинау алаңдары таза әрі гигиеналық талаптарға сай ма және 
қоқыс контейнерлері шамадан тыс толып кетпеген бе?
Қалдықтар (қауіпті және қауіпсіз түрлері) тиісті белгілері бар арнайы 
қалдық контейнерлеріне бөлініп салынған ба?
Қалдық журналдары мен декларациялары алаңда бар және 
жаңартылған ба?
Қалдықтар бекітілген қызмет көрсетуші ұйымдармен жиналып, 
компаниямен бекітілген нысандарға тасымалданып, орналастырылады 
ма (яғни, қалдықтар Теңіз кен орнынан тыс орналасқан бекітілмеген 
нысандарға жеткізілмейді ме)?
Қауіпті сұйық қалдықтар ауа-райы жағдайларынан қорғалған жабық 
контейнерлерде сақталады ма? 
Сұйық қалдықтар сақталатын резервуарлардың екінші қорғаныс қабаты 
қамтамасыз етілген бе?
Жабдықты бетон қалдықтарынан шаю жұмыстарынан қалған су 
герметикалық резервуарларда, бетон қалдықтарын төгуге арналған 
арнайы алаңдарда сақталады ма?
Бетонның қатты қалдықтарын жою мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін, 
бетон қалдықтарын төгуге арналған арнайы алаңдарда қатты және сұйық 
қалдықтар ажыратылады ма?
Гидрооқшаулағыш жабын пайдаланылады ма, ол жақсы күйде ме, 
бүлінген жерлері жоқ па? 
Құрамында сынап бар өңделген шамдар тігінен және бекітілетін
саңылаусыз контейнерлерде сақталады ма? 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет