1 теңіз кен орнындағы ккж экология, ЕҢбекті қОРҒау және әлеуметтік мәселелер жөніндегі


Кесте 21. Мәдени мұра бойынша жұмыстарды ұйымдастыру тексеру



Pdf көрінісі
бет59/71
Дата10.09.2024
өлшемі4.32 Mb.
#503531
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   71
FB20180194-001 TCO ELC Field Handbook KAZ FINAL crops

Кесте 21. Мәдени мұра бойынша жұмыстарды ұйымдастыру тексеру 
парағының үлгісі
Жер қазу жұмыстарына жұмылдырылған қызметкерлер мәдени 
мұра бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды және табылған мәдени 
құндылығы бар бұйымдарға қатысты талаптарды біледі ме (мысалы, 
жұмысты тоқтату, есеп беру, қорғау және т.б.)?
Мәдени мұра нысандары қорғалған ба және шекарасы нақты белгіленген 
бе? Мәдени мұра нысандарының картасы қамтамасыз етілген бе?


103
14
ЗЕРТХАНАЛЫҚ 
ТАЛДАУ


104
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
14. Зертханалық талдау
14.1 Жалпы мәлімет
Мердігерлер ТШО зертханасына ККЖ-ға қатысы бар жерасты 
суларының, гидросынақ суының, ағынды сулардың, ауыз судың 
және топырақтың сынамаларын жібере алады. Зертхана ТШО-
мен басқарылады, алайда сынама алу және талдау жүргізу 
(зертханамен жүргізілсе) шығындары мердігерлермен өтеледі. 
14.2 Зертханалық талдау жүргізу процесі
ТШО-ның аналитикалық зертханасының қызметтерін пайдалану 
үшін мердігер зертханалық талдау жасау өтінімін толтырып ( 
ЭЕӘ SharePoint сайтында ұсынылған), мердігердің шығындарды 
жұмсауына арналған рұқсаттарына жауапты тұлғаның және 
шығындарды бақылау жөніндегі жауапты маманның мақұлдауын 
алуы қажет.
ТШО зертханасының қызметтерін пайдалану тәртібі келесідей:
1. Мердігер жоспарлы сынама алу шарасынан кемінде 24 
сағат бұрын келесі ақпаратты қамтитын, толтырылған және 
мақұлданған сынама алу нысанын электрондық пошта арқылы 
бекітілген зертханаға және көшірмесін ККЖ ЭЕӘ тобына 
жолдайды:
• шығындарды жұмсауға арналған рұқсат нөмірі (AFE);
• сынама алу мақсаты:
• сынама алу ортасы (мысалы, су, топырақ) және алынатын 
сынамалар саны;
• сынама алу аймағы мен нүкте(лері)сі;
• жоспарланған сынама алу күні мен уақыты (жоспарланған күннен 
кемінді 1 күн бұрын);
• талданатын көрсеткіштер;
• болжалды талдау жүргізу және оны аяқтау күні.
2. ТШО зертханасы өтінімді алып, онда көрсетілген күні/уақытта 
зертхана мамандарының сынама алуға әзір болатындығы 
расталғаннан кейін, зертхана өкілдері өтінім берушіге 
зертхананың сынама алу мамандарын алып кететін күнді және 
уақытты хабарлайды.
3. Келісілген күні және уақытта мердігердің/Компанияның 
өкілі зертхананың сынама алу маманымен кездесіп, оны 
сынама алу жеріне апарады. Мердігердің/Компанияның өкілі 


105
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
зертхананың сынама алу маманымен тиісті жерге барып, 
сынама алу нүктесін көрсетеді.
4. Сынама алу аяқталғаннан кейін мердігердің/Компанияның 
өкілі сынама алу маманын кері зертханаға апарады.
5. Талдау жүргізу талаптары мен жұмыс жүктемесіне байланысты 
зертхана талдау нәтижелерін өтінім берушіге (сондай-ақ ККЖ 
ЭЕӘ тобына) 2-3 күн ішінде ұсынады.
6. Сынама алуға өтінім беруші талдау мақсатын көрсете 
отырып, бағалау жүргізу үшін талдау нәтижелерін ККЖ ЭЕӘ 
тобына ұсынады және қажет болған жағдайда рұқсаттар мен 
мақұлдаулар алуға септесуді сұрайды.
Талдаудың мақсатына байланысты 22 және 23 кестелердегі 
көрсеткіштерді тексеруге болады/тексеру қажет:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет