1 теңіз кен орнындағы ккж экология, ЕҢбекті қОРҒау және әлеуметтік мәселелер жөніндегі


Сурет 16. Мәдени мұра нысанын белгілеу үлгісі



Pdf көрінісі
бет58/71
Дата10.09.2024
өлшемі4.32 Mb.
#503531
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   71
FB20180194-001 TCO ELC Field Handbook KAZ FINAL crops

Сурет 16. Мәдени мұра нысанын белгілеу үлгісі


99
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
Сурет 17. Мәдени мұра нысандарын картада белгілеу - белгілі мәдени 
мұра нысандары орналасқан аймақтар
13.3 Белгісіз мәдени мұра нысандары (кездейсоқ 
табылған нысандар)
Теңіз кен орнында кез келген жер қазу немесе жерді ою 
жұмыстары жүргізілген кезде одан да көп мәдени мұра 
нысандары табылуы мүмкін. Жұмысшылар қаңқа сүйектері, 
қыш ыдыс сынықтары, еңбек құралдары және өзге де адамдар 
тіршілігінің іздері секілді археологиялық артефактілерді 
байқаулары қажет. 
Алаңдағы құрылыс жұмыстары барысында тарихи құндылығы 
бар жәдігерлер немесе мәдени не археологиялық құндылығы бар 
басқа да бұйымдар күтпеген жерден табылған жағдайда төменде 
көрсетілген іс-әрекеттер жүзеге асырылуы қажет:
1. құрылыс жұмыстарын тоқтату; табылған олжа туралы 
дереу өзіңіздің басшыңызға хабарлаңыз, ол өз кезегінде 
ККЖ құрылыс жөніндегі менеджеріне және ЭЕӘ тобының 
басышысына ескертеді;


100
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
2. мәліметтерді сақтау үшін табылған олжаларды бірден суретке 
түсіру және құжаттандыру;
3. олжа табылған аймақтағы қорғалатын аумақты белгілеп, 
қоршауларды/қоршау таспасын және белгілерді орнату;
4. жылжымалы заттардың қандай да бір зақымдануына немесе 
жоғалуына жол бермес үшін алаңның қауіпсіздігін қамтамасыз 
ету. 
Сурет 18. Теңіз кен орнында табылған мәдени мұра нысандары
Қола дәуірінің қорымы 
Тас дәуірінің артефактілері


101
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
13.4 Кездейсоқ табылған нысандар
Алаңдағы зерттеулер, алаңды тазарту және жер қазу жұмыстарын 
жүргізу барысында, кездейсоқ табылуы мүмкін нысандардың 
төрт санаты ажыратылады:
f
бұрынғы жұмыстардың қалдықтары (мысалы, бетонды шаю 
қалдықтары, демонтаждалған немесе тасталған материалдар, 
асбест, металл сынықтары);
f
қолданылмайтын ұңғылар және құбырлар (мысалы, мұнай 
немесе су ұңғылары, бақылау ұңғылары, құбырлар);
f
ластанған жерлер (мысалы, көмірсутекпен ластану, алауот, 
күкірт);
f
ластанған жерасты сулары (мысалы, рұқсатсыз су төгу
көмірсутектің төгілуі).
Жұмысты бастар алдында құрылыс алаңындағы топырақта 
ластану белгілері жоқ екендігіне көз жеткізу үшін тексеру 
жүргізу қажет (мысалы, әртүрлі немесе қою түсті топырақ, 
көмірсутектің иісі, майлы қабат, бұрынғы жұмыстар қалдықтары, 
қолданылмайтын ұңғылар және құбырлар белгілері).
Жер қазу жұмыстарының барысында, жұмысқа жауапты тұлға 
және жабдық (мысалы, экскаватор) операторы ластану белгілері, 
қалдықтар немесе көмілген инженерлік желілер белгілерін 
байқау мақсатында топырақ пен жерасты суларын бақылау 
қажет. Күтпеген жерден қандай да бір нысандар табылған 
жағдайда, мердігер келесі іс-әрекеттерді қолдануы тиіс:
f
жер қазу жұмыстарын кідірту үшін жұмысты тоқтату құқығын 
пайдалану;
f
тапсырма жетекшісіне немесе уәкілетті тұлғаға хабарлау;
f
қауіпті болған жағдайда, қызметкерлерді жер қазу алаңын 
шығару;
f
алаңды оқшаулау (қоршау);
f
табылған заттар туралы компанияның ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ тобы 
басшысына немесе ЭЕӘ тобы өкіліне хабарлау;
f
келесі нұсқауларды күту.
Мердігер кездейсоқ табылған нысан туралы алғашқы есепті 
нысан табылғаннан кейін 24 сағат ішінде әзірлеп, келесі 
ақпаратты ұсынуы қажет:


102
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
f
кездейсоқ табылған қандай зат, қашан және қайда табылды;
f
жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының түрі;
f
табылған нысанды немесе ластанған жерлерді оқшаулау үшін 
қабылданған шаралар;
f
табылған нысанның құрылыс жұмыстарының барысына 
тигізген әсері;
f
жұмыс алаңының нобайы (карта, сызба, координаталар), 
соның ішінде жеке элементтердің сұлбасы және жер телімінің 
өлшемдері;
f
жұмыс алаңына қатысты қосымша мәлімет және егжей-
тегжейлі ақпарат (мысалы, топырақ түрі, гидрогеология
жақын маңдағы инфрақұрылым нысандары);
f
өзге де тиісті түсіндірмелер немесе ұсыныстар.
Барлық қажетті ақпаратты, соның ішінде жасалған қандай да бір 
сынамаларды/талдауларды алғаннан кейін, мердігер күтпеген 
жерден табылған нысан бойынша жұмыстарды ұйымдастыру 
үшін егжей-тегжейлі жұмысты жүргізу жоспарын әзірлеп, 
Компания қарауына жолдау қажет (яғни, алаңдағы жұмыстарды 
одан әрі жалғастыруға дейін). Компания мақұлдағаннан кейін, 
мердігер мақұлданған жұмысты жүргізу жоспарын орындауды 
бастауы қажет. 
Мердігер күтпеген жерден табылған объект бойынша ақырғы 
есепті әзірлеуі тиіс, күтпеген жерден табылған объект бойынша 
алғашқы есеппен қатар, аталмыш есеп күтпеген жерден табылған 
нысан бойынша жұмыстарды ұйымдастыру/заттарды кәдеге 
жарату үшін қолданылған шараларды сипаттайды. Күтпеген 
жерден табылған нысанды қалпына келтіру жұмыстары 
аяқталғаннан кейін бір апта ішінде аталмыш есеп Компанияға 
тапсырылуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет