1 теңіз кен орнындағы ккж экология, ЕҢбекті қОРҒау және әлеуметтік мәселелер жөніндегі


Сурет 1: ТШО-ның өндірісті пайдалану қағидалары



Pdf көрінісі
бет6/71
Дата10.09.2024
өлшемі4.32 Mb.
#503531
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
FB20180194-001 TCO ELC Field Handbook KAZ FINAL crops

Сурет 1: ТШО-ның өндірісті пайдалану қағидалары


12
2
ЭЕӘ АСПЕКТІЛЕРІН 
БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ


13
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
2. ЭЕӘ аспектілерін басқару жүйесі
2.1 Жалпы мәлімет
ККЖ жобасы адамдарды, қоршаған ортаны және қоғамды 
қорғау міндеттемесін жүзеге асыру мақсатында қолданылатын 
тиісті процестер, стандарттар мен процедуралар шеңберінде 
экологиялық, еңбек және әлеуметтік мәселелерді (ЭЕӘ) басқару 
жүйесін әзірледі. Ол ерте кезеңдегі әсерді бағалауға қатысты 
ақпаратты, ТШО стандарттарын, ҚР ережелерін, халықаралық 
қаржы корпорациясының стандарттары мен халықаралық озық 
тәжірибелерді қамтып, Компания мен мердігер ұйымдардың ЭЕӘ 
көрсеткіштерін бақылап, басқаруға арналған бірқатар процестер 
мен құралдарды ұсынады. 
ЭЕӘ басқару жүйесін тиімді түрде енгізудің нәтижесінде талаптар 
жақсырақ ұғынылып, жұмыстар қауіпсіз әрі қоршаған ортаға зиян 
келтірместен орындалады. Осылайша қоршаған ортаға қатысты 
ықтимал ауыр оқиғалардың алдын алуға болады.
2.2 Contractor ELC Implementation Plan (CIP)
Мобилизация алдында мердігер ұйым ЭЕӘ шараларын орындау 
жоспарын әзірлеуі тиіс. Ол жерде келісімшартты орындау 
барысында ККЖ-ның ЭЕӘ мәселелері жөніндегі талаптары қалай 
жүзеге асырылатындығы сипатталады. Жоспарда мердігердің 
келесі шараларды қалай орындайтыны туралы түсіндіріледі, атап 
айтқанда:
f
қосымша D-да көрсетілген ЭЕӘ талаптарына жауап беру;
f
жұмыс күшін оқыту-даярлау;
f
ЭЕӘ мәселелерін басқару шараларының орындалуын тексеру 
үшін оларды бақылау;
f
ЭЕӘ көрсеткіштері туралы ұйым ішінде және Компанияға есеп 
беру;
f
жаңа жұмыстардан болатын ЭЕӘ тәуекелдерінің салдарын 
бәсеңдету үшін жұмыс көлеміне өзгерістер енгізу;
f
мақұлданған негізгі өндірістік көрсеткіштерді қолдана отырып , 
өнімділіктің көрсеткіштерін қадағалап отыру;
f
туындаған мәселелерді шешу мақсатында басшылықтың 
хабардарлық деңгейін арттырып, қолдауын алу бағытында 
олармен бірлесе отырып, талдаулар өткізу; 
f
жұмыс көлемімен байланысты тәуекелдердің салдарын 
бәсеңдету немесе басқару; және


14
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
f
міндеттердің орындалуын тексеру үшін басқару жүйесіне 
аудит жүргізу.
Компания мердігерлердің қолдануы үшін МОЖ нысанын 
әзірлеген. Мердігер ұйымдар мобилизация мен жұмыстарға 
кіріспес бұрын өздерінің МОЖ-ын пысықтап, Компанияның 
ЭЕӘ тобынан мақұлдау алуы қажет. Мердігердің МОЖ құжаты 
осы жоспардың талаптарын орындауы қажет барлық қосалқы 
мердігерлердің жұмысын басқару тәсілдерін қамтуы қажет.
МОЖ-бен бірге тиісті жұмыс жүргізу жоспарлары, құрылыс 
жұмыстары алдындағы экологиялық зерттеу-іздестіру жұмыстары 
мен мердігердің ЭЕӘ жөніндегі талаптарын тіркейтін журналын 
(мердігердің нақты ЭЕӘ тәуекелдерін қалай басқаратындығын 
құжатқа тіркейді ) ұсынуы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет