1 теңіз кен орнындағы ккж экология, ЕҢбекті қОРҒау және әлеуметтік мәселелер жөніндегі


Құрылыс қажеттіліктеріне арналған су



Pdf көрінісі
бет66/71
Дата10.09.2024
өлшемі4.32 Mb.
#503531
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71
FB20180194-001 TCO ELC Field Handbook KAZ FINAL crops

Құрылыс қажеттіліктеріне арналған су
f
Суды қайта пайдаланудың жеткілікті жолдарын анықтау үшін 
ККЖ құрылыс бөліміне жерасты суларының көзделетін көлемі 
жөніндегі болжамдарды ұсыну.
f
Техникалық судың тапшылығына байланысты құрылыс 
топтарында баламалы су көздерін (атап айтқанда жерасты 
суларын және тазартылған ағынды суларды) мейлінше көп 
пайдалану жоспарлары болуы қажет. Жерасты суларын 
мейлінше көп пайдалану үшін жұмыс алаңында су жинау 
тоғандарын қарастыру қажет (егер болмаса).


116
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
Топырақты тиімді пайдалану
f
Жұмыс алаңына жақын маңда топырақты кәдеге жарату 
жолдарын анықтау үшін алаңнан шығарылатын топырақ 
көлемі жөніндегі болжамдарды ККЖ құрылыс бөліміне ұсыну.
Құстардың ұя салуы
f
Көктемде жергілікті және жыл құстары ұя салады, бұның 
құрылыс жұмыстарына ықтимал әсері болуы мүмкін. ҚР 
Экологиялық кодексі құстардың ұяларына тиісуге/оларды 
бұзуға тыйым салады. 
f
Құстардың іс-қимылын бақылау және оларды үркіту арқылы ұя 
салуына жол бермеу.
16.3 Қысқы жұмыстар науқаны
Қыс айларында атқарылатын құрылыс жұмыстарына дайындық 
кезінде келесі ЭЕӘ аспектілерін ескерген жөн:
Санитарлық тораптар
f
Жазғы санитарлық тораптарды қыста пайдалануға жарамды 
тораптарға алмастырып, кәріз жүйесінің қатпауы үшін оларды 
қуат көздеріне қосу қажет.
f
Гликоль мен тұздар сияқты химикаттарды кәріздің қатып 
қалмауы үшін қолдануға тыйым салынады.
f
ТШО-ның кәріздік тазарту қондырғысы құрамында гликоль 
бар ағынды суларды қабылдамайды, сондықтан мердігердің 
баламалы жолдарды іздестіруіне тура келеді.
Суды ресурстарын пайдалану
f
Ыңғайлы кіріп-шығуды қамтамасыз етіп, су басу қаупінің 
алдын алу үшін уақытша құрылыс нысандарын дөң жерлерге 
орналастырған жөн.
f
Құрылыс алаңдарынан шыққан көзге таза көрінетін суды 
(майлы үлдірсіз, белгілі ластаушы заттарсыз/химикатсыз) 
алаңнан тысқары жерге әкету.
f
Жауын-шашыннан кейін жер ойыстарынан суды шығаруға 
арналған қосымша шараларды қарастыру.
f
Бетонды шаю үшін пайдаланылатын суды сақтайтын жеткілікті 
резервуарларды және жою механизмдерін қамтамасыз ету, 
әсіресе булану тиімсіз болатын қыс мезгілінде.
f
Қарды жинауға қолайлы орынды белгілеу. Мұз басуға жол 
бермеу үшін стратегиялық маңызы бар жерлерге тұз, ұсақ 
қиыршық тас немесе құм салынған жәшіктер қою.


117
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
f
Қауіпсіз кіріп-шығуды қамтамасыз ету мақсатында қарды 
тазалау, мұз басуға жол бермеу және жолдар мен жиек 
жолдарды өңдеу шараларын қолдану.
f
Төгіндіні өткізбейтін екінші қорғаныс қабатын судан, қардан 
және мұздан тазалап тұру. Төгіндіге арналған астауларда 
ластанған су жиналмауы үшін оларды үнемі тексеріп, таттан 
және көмірсутектен тазалап тұру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет