1 теңіз кен орнындағы ккж экология, ЕҢбекті қОРҒау және әлеуметтік мәселелер жөніндегі


Сурет 20. Әсер ету стратегиясы: неғұрлым көп тәуекел болса, соғұрлым



Pdf көрінісі
бет63/71
Дата10.09.2024
өлшемі4.32 Mb.
#503531
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   71
FB20180194-001 TCO ELC Field Handbook KAZ FINAL crops

Сурет 20. Әсер ету стратегиясы: неғұрлым көп тәуекел болса, соғұрлым 
көп әсер ету деген сөз
Оған қоса, мердігердің бүкіл ұйымдық құрылымын, соның 
ішінде мердігердің қарауындағы нысандарды қарастыратын 
CHESM бойынша алдын ала квалификациялық бағалау және 
мердігердің ЭЕӘ бойынша ұпайы сияқты келісімшарттарға 
қатысты қолданылатын ККЖ-ның белгілі бір шаралары және 
көрсеткіштері ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ көрсеткіштерін жақсартуға 
септесетін коммерциялық қысымды күшейтеді.
15.4 Компаниямен жүргізілетін зерттеулер
Компания мерзімді түрде барлық мердігерлерінен өздерінің 
және қосалқы мердігерлерінің нысандарына қатысты зерттеу 
жүргізу үшін ақпарат сұратады. Егер мердігер қарауындағы 
нысан ең алдымен жоба қажеттілігі үшін пайдаланылатын болса, 
Компания қызметкерлердің мүддесін қорғау, еңбекті қорғау, 
қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау бойынша 
басқару жүйесін қолданысқа енгізуге септесу үшін мерзімді түрде 
аталған нысандарды аралап тексереді.
15.5 Оқиғалар мен ықтимал қауіпті оқиғалар 
туралы есеп беру 
Оқиғалар туралы есеп беру келісімшартпен қарастырылған 
міндеттеме болып табылады. Осы нұсқаулықтың 3-бөлімінде 
көрсетілгендей мердігерлер өз қарауындағы нысандарда 
немесе жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда орын 
алған барлық оқиғалар, төгінділер және ықтимал қауіпті 


112
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
оқиғалар туралы хабарлауы тиіс. Соның ішінде жобаны жүзеге 
асыруға байланысты орын алуы мүмкін тұрғындардың немесе 
қызметкерлердің ауыр жарақаттануы немесе қаза болуы 
оқиғалары (мысалы, жол-көлік оқиғалары, жанжалдар, өрттің 
шығуы ) хабарланады.
Аталмыш міндеттемені орындау үшін мердігер ККЖ-ға бұндай 
оқиғалар туралы хабарлауды қамтамасыз ететін арнайы процесті 
жасақтауы қажет. Оқиға орын алған кезде, мердігер түпкі 
себептерді анықтау үшін тергеу жүргізіп, бұндай оқиғалардың 
қайталанбауы үшін түзету шараларын қолға алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет