65
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
f
Қауіпсіз орыннан төгілген химиялық
заттың қауіпсіздігі
жөніндегі мәліметтерді алып, апатты тойтарушылар келген
бойда беріңіз.
f
Өшіруді қажет етуі мүмкін кез-келген тұтану көздерін, электр
қуатын немесе ауаны баптау/желдету жүйелері
туралы апатты
тойтарушыларға айту үшін дайын тұрыңыз.
f
Қолда бар болуы мүмкін кез-келген сіңіріп алатын материал,
контейнер немесе төгіндіні бақылау құралы туралы апатты
тойтарушыларға айтыңыз. Бұл шараны ұзақтықтан орындау
қажет болуы мүмкін, өйткені жұмысшыларды оқиға орнынан
эвакуациялау қажет етіледі.
Қажет болса, алыстан көмек беру
үшін рация немесе телефонды пайдаланыңыз.
f
Тек қана апатты тойтару қызметкерлері, өздерінің бекітілген
процедураларына сәйкес, 18 дюймнан астам қатты жанатын
төгіндіні немесе 10 футтан астам
кез келген көлемдегі жанғыш
төгіндіні және төгінді жалғасып жатқан апатты өздері тойтаруы
тиіс. Есіңізде болсын, апатты тойтару жұмыстары жүріп жатқан
кезде, ол алаң тек солардың бақылауында болады. Алаңға
апатты
тойтарушылар барлығын тазалап, реттеп болғанға
дейін ешкім алаңға кірмейді.
f
Басшылар мен апатты тойтарушыларға есеп беретін ақпаратты
ұсыныңыз
f
Егер апатты тойтарушылар төгінді болған алаңды
эвакуациялап жатса, олардың эвакуациялау бойынша
нұсқаулықтарына сай әрекет етіңіз.
f
Апатты тойтарушылар
төгіндіні оқшаулағаннан кейін,
материалдардың қауіпсіздігі жөніндегі мәліметтер және нысан
бойынша сұрақтар сияқты қажет болуы мүмкін кез-келген
ақпаратты беруге дайын болыңыз. Апатты тойтарушылар
немесе оқытудан өткен қызметкерлер тиісті жеке қорғаныс
құралдарын киіп, қалған төгіндіні тазалап алады.
Ескерту: Апатты тойтару тобының
қызметкерлері бекітілген
апатты тойтару нұсқаулықтарын немесе келесі айқындалған
басылымдылықтарды орындауы тиіс:
f
Басқару мен бақылауды орнату
f
Апатты тойтарушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
f
Апатты тойтару шараларын ұйымдастыру және басқару
f
Тиімді түрде
байланыс орнату