68
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
Кесте 14. Қауіпті материалдарды басқару бойынша тексеру парағының
үлгісі
Жұмыс алаңына алып келмес бұрын жаңа химиялық заттар мердігердің
инвентарлық тізімдемесіне енгізіліп, Нысан басшысы атынан ККЖ ЕҚ, ҚТ
және ҚОҚ тобымен мақұлданды ма?
Қауіпті материалдарды сақтау алаңдары тиісті желдетіледі ме?
Қауіпті материалдарды сақтау алаңдарының төбесі (немесе шатыры) бар
ма және ауа-райы жағдайларынан қорғалған ба?
Қауіпті материалдарды сақтау алаңдарында екінші қорғау қабаттары
қамтамасыз етілген бе?
Қауіпті материалдарды сақтау алаңдарында ескерту белгілері
орнатылған ба және жауапты тұлғалардың байланыс мәліметтері
көрсетілген бе?
Қауіпті материалдарды сақтау алаңында химиялық заттардың
инвентарлық тізімдемесі және әрбір химиялық зат үшін МҚТТ бар ма?
Қауіпті материалдарды сақтау алаңдарында төгіндіні жинау құрал-
саймандары бар ма?
Арнайы контейнерлер бар ма және химиялық заттарды сүзіп алу үшін
қолданылады ма (яғни, пластикалық су бөтелкелеріне сұйық химиялық
заттарды сақтауға болмайды)?
Көмірсутек немесе химиялық заттары бар тұрақты жабдық (мысалы,
резервуар, құбыр, сорғы, генератор, компрессор, жарықтандырғыш
және т.б.) жақсы жағдайда жұмыс істеп тұр ма, зақымдары немесе
саңылаулары жоқ па?
Көмірсутек немесе химиялық заттар үшін пайдаланылатын
құбыршектердің зақымдары/саңылаулары жоқ, жақсы жағдайда ма
және оралмаған күйінде сақталған ба?
Көмірсутек немесе химиялық заттары бар құбырлардың (соның ішінде
жапсарлар мен байланыстырғыштар) зақымдары/саңылаулары жоқ,
жақсы жағдайда ма?
Төгіндіні жинау құрал-саймандары тұрақты жабдықтың (көмірсутек және
химиялық заттары бар) және жанармай құю алаңдарының қасында
орнатылған ма?
Көмірсутек немесе химиялық заттары бар тұрақты жабдықтардың
немесе техникалық қызмет көрсетіліп, жөндеуде тұрған жабдықтардың/
көліктердің астына тамшыларға арналған науа (немесе саңылаусыз
мембрана) қойылған ба?
ЖОЖТ және операторлар үлкен және кіші төгінділер үшін төгіндіні
тойтару шараларын біледі ме?
|