70
ККЖ
ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
8. 8. Жанармайды сақтау және
тасымалдау
8.1 Жалпы мәлімет
Жоба жұмыстарды жүзеге асыру үшін мердігерлер өздері
жанармайды қамтамасыз етуіне тура келуі мүмкін (яғни
Компаниямен қамтамасыз етілмегенде).
Осы бөлім жанармайды
өздігінен қамтамасыз етуге, соның ішінде сақтауға, пайдалануға
және тасымалдауға қойылатын талаптарды белгілейді.
Мердігерлер қосымша ақпарат үшін ҚР заңнамасына және
келісімшарт құжаттарына сүйенуі тиіс.
8.2 Жанармаймен қамтамасыз етуді
ұйымдастыру стандарты және жанармаймен
қамтамасыз етуді ұйымдастыру жоспары
Жоба аясындағы жұмыстарды жүзеге асыру үшін өз жанармайын
қамтамасыз ететін мердігерлер Жанармаймен
қамтамасыз етуді
ұйымдастыру стандарты талаптарын орындаулары қажет, ол
келесілерге қатысты қолданылады:
f
жобаны іске асыратын компания, мердігер және қосалқы
мердігер
қызметкерлеріне;
f
Компанияның жұмыс аймағы шегіндегі алаңдар мен
жұмыстарға;
f
жобаның әсер ету аймағы шегіндегі алаңдар мен жұмыстарға
(15 бөлімді қараңыз);
f
мердігердің жобаға қатысы бар нысандары мен қызметтеріне;
f
жанармайды
жеткізуді, тасымалдауды, сақтауды, таратуды
және пайдалануды қажет ететін жұмыстарға.
Жанармаймен қамтамасыз
етуді ұйымдастыру стандарты
жобаның әсер ету аймағынан тыс нысандарға, қызметтерге және
жанармай жеткізу көздеріне қатысты қолданылмайды (мысалы,
екінші жабдықтаушылар).
Жанармаймен қамтамасыз етуді ұйымдастыру стандартына
сәйкес жоспарда қамтылған жұмыстарды/қызметтерді жүзеге
асырып,
орындамас бұрын мердігерлер Жанармаймен
қамтамасыз етуді ұйымдастыру жоспарын әзірлеп, ұсынуы
қажет. Мердігердің жанармаймен қамтамасыз ету жоспары
Компания ұсынған жанармаймен
қамтамасыз ету жоспарының
үлгісіне сай болуы тиіс.