1 Текст лекция мамандықтар


Л.А. Вайнштейн, И.В. Гулис басқару психологиясының пəні



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата06.11.2022
өлшемі86.76 Kb.
#464130
1   2   3   4
1 Текст лекция мамандықтар

Л.А. Вайнштейн, И.В. Гулис басқару психологиясының пəні - психикалық құбылыстардың
жиынтығы
мен
экономикалық,
технологиялық,
əлеуметтік-психологиялық,
құқықтық,
ұйымдастырушылық жəне корпоративтік талаптарға сəйкес ұйымдағы адамдардың бірлескен
жұмысын көрсететін қатынастар.

Басқару психологиясының мазмұны - адамзат қызметінің, топтар мен ұйымдардың
психологиялық аспектілерін əзірлеу.

Басқару псхологиясының жолдары:
Басқару тəжірибесі;
Психология ғылымының дамуы;
Əлеуметтік ұйымдардың дамуы.

Басқару психологиясы екі тапсырманы шешу керек
Қызметкерлердің жеке ерекшеліктеріне қарай іріктеп таңдау;
Қызметкерлердің психикасына ынталандыру арқылы əсер ету.

Ұйымдардың негізгі нысаны біріккен адамдар тобынан (екі немесе одан көп) құралады, яғни
басқару субъектісі арқылы жалпы мақсатқа немесе бірлескен қызметтерді ретке келтіру үшін
саналы түрде үйлестіреді.

Əлеуметтік басқаруда тұлғалардың мақсаттары мен шарттарының орындалуы үшін басқару
субъектісі мен объектісі қатысады.

Басқару субъектісі заттық-практикалық қызметтің тасымалдаушысы, белсенді басқарудың көзі,
белгілі бір басқару объектісіне бағытталған болады.

Басқару субъектісі жеке тұлға ретінде, немесе əлеуметтік топ ретінде қатыса алады.

Басқару объектісінің бір бөлігі объективті шындық болуы мүмкін, яғни оған басқарушының əсері
бағытталған.

Басқару объектісінде сондай-ақ жеке тұлға немес əлеуметтік топта бола алады.

Ұйым - бұл құрылым шеңберінде іс шараларға жету үшін, белгілі бір маңызды мақсаттар үшін,
сондай-ақ маңызды басқару функциясының бір түрі болып табылады.

Белгілі бір топ өзін ұйым деп атау үшін, ол бірнеше міндетті талаптарды орындауы керек.

Қолданбалы сала ретінде басқару психологиясының қалыптасу кезеңдері, оның дамуының негізгі
жолдары мен бағыттары.

Басқару
мəселесін
құрумен ғылымның əртүрлі салалары айналысады: информатика,
юриспенденция, философия, психология, педагогика, социология т.б.

Адам іс-əрекетінің практикасында басқару ғылыми зерттеу пəні болмас бұрын өте көп уақыт
ілгері пайда болған.

Ертедегі Египетте біздің эрамызға дейін мың жыл бұрын басқару үрдістерін орталықтандыру,
бақылау, ұйымдастыру, жоспарлау қажеттігі мойындалған. Онсыз əлемге əйгілі Египет
пирамидалары, ертедегі ацтекс қалалары секілді архитектуралық құрылыстар салынып күрделі
діни орталықтар мысалы рим-католик шіркеуі белсенді қызмет атқармас еді.

Басқару – диалектикалық процесс. Оның өзіне тəн тарихи даму жолы бар.

Басқару туралы алғашқы идеялар Американың белгілі ғалымы Кл.кіші Джорждың «Басқару
ойларының тарихы» атты еңбегінде біздің дəуірге дейінгі 5000 жылдан бастап баяндалады.
Автордың пайымдауынша басқару идеясы шумерлерден басталады. Қоғамдағы қажетті
деректерді тіркеу, оларды жинақтап жүйелеу, қағазға түсіру басқарудың алғашқы элементтері
болып табылады.

Кейіннен Мысырлықтар (б.д.д. 4000 ж.) басқаруды жоспарлаудың, ұйымдастырудың жəне
бақылаудың керек екендігін мойындаған. Олар басқаруды тек шаруашылықта ғана емес, сонымен
қатар ұрпақ тəрбиесінде де қолдануға тырысқан.


3

Қытайлықтар (1100ж.) басқаруды ұйымдастырудың, жоспарлаудың, басшылық жəне бақылаудың
қажеттілігін мойындап, басқару үрдісін көкейкесті мəселе деп қараған.

XX ғасырдың басына дейін басқару ғылыми зерттеу аймағында жекелей болып саналмады.1911
жылы Ф.У.Тейлордың «Ғылыми менеджмент принциптері» атты кітабының шығуымен
байланысты еді, бұнда негізгі басқарушылық еңбектің принциптері көрсетілген, сол себепті ең
алғаш бұл жайында əңгімелер айтыла бастады.

XXғасырдың 20-жылдарында атақты металлургия компаниясын басқарушы, француз инженері
А.Файоль менеджмент принциптері жүйесінің нəтижесін айтып кеткен болатын. А.Фейолдың
арқасында басқаруды іс-əрекеттің ерекше спецификасы деп есептеді.

Осы уақытқа дейін психологияның ғылымы ретінде, оның теориялық пен қосалқы бағыттары
ретінде қалыптасып үлгерді. Басқарудың психологияға бірігуі
нəтижесінде – «басқару
психологиясы» деп аталатын қосалқы пəнаралық ғылым пайда болды.

1. "Ғылыми менеджменттің классикалық теориясының" (ХХ ғасырдың басы – ХХ ғасырдың
20-жылдарының соңы) пайда болуы мен дамуы: Ф. Тейлордың "ғылыми басқару"
тұжырымдамасы, М. Вебердің "мінсіз бюрократия",А. Файолдың "əкімшілік ғылымдар".

2. "Адами қатынастар" доктринасының пайда болуы мен дамуы (ХХ ғасырдың 30-40 жылдары):
"адами факторды" есепке алу, адами қатынастарды жетілдіру бойынша ұсыныстар.

3. Қазіргі заманғы басқару теорияларының пайда болуы жəне дамуы (ХХ ғасырдың 50-ші
жылдары – қазіргі уақыт). Бірқатар ғылыми тəсілдердің пайда болуы: жүйелік, ситуациялық,
эмпирикалық, сандық).

Басқару ғылымы аясында бірнеше тəсілдер бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет