1. Терминдер мен анықтамалар. Ережелер – бұл тауарды жеткізуге, жұмысты орындауға және қызмет көрсетуге «акиг электронды сауда жүйелері»


Электронды үлгідегі баға котировкасы сұранысын орналастыру



бет2/4
Дата04.07.2016
өлшемі314.5 Kb.
#176077
1   2   3   4

9. Электронды үлгідегі баға котировкасы сұранысын орналастыру.
9.1. Электронды үлгідегі баға котировкасы сұранысын жүргізу туралы мәлімдемені құру.
9.1.1. ЭСА-ға жүргізу мен құру үшін электронды үлгідегі баға котировкасына деген сұраныс (алда – котировкаға сұраныс) Тапсырыс беруші осы Ережедегі 5.4. пунктіне сәйкес ЭСА-ға аккредитация процедурасын өтуі керек.

9.1.2. Келісім бағасының минимальды көлемі шектелмеген.

9.1.3. Келісім бағасының максимальды көлемі шектелмеген.

9.1.4. Котировка сұранысын құру үшін Тапсырыс беруші ЭСА жабық бөлімінде көрсетілген мәлімдеме үлгісін толтырады және файлдар түрінде қажетті құжаттарды бекітеді. Мәлімдеменің толтырылған үлгісі Операторға жіберіледі.

9.1.5. Оператор Тапсырыс берушінің мәлімдеме үлгісінде көрсетілген мәліметтерін және осы Ереже мен Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкестігіне бекітлген құжаттарды тексереді. Құжаттар мен мәлімдеме үлгісін тексеру Оператордың жұмыс уақытының аралығында жүзеге асырылады, бірақ оны алған уақыттан бастап 48 (қырық сегіз) сағаттан аспауы керек.

9.1.6. Сәйкессіздіктер байқалған жағдайда Оператор мұны Тапсырыс берушіге мәлімдейді де тиісті өзгерістерді енгізуді келістіреді.

9.1.7. Осы котировка сұранысын ЭСА-ға жүргізуді Оператор мақұлдаған жағдайда мәлімдеме үлгісінің негізінде автоматты түрде «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА сайтының ашық бөліміне жарияланады. Котировканың ЭСА әрбір сұранысына өзінің идентификациялық номері беріледі.

9.1.8. Котировка сұранысын жүргізу туралы мәлімдеме ЭСА – ға баға котировкасы сұранысына қатысуға өтініш берудің мерзімі аяқталған уақытқа дейін 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей жарияланады (алда – өтініш котировкасы).


9.2. Өтініш котировкасын құру және өтініш котировкасын беру тәртібі.
9.2.1. Котировка сұранысына ЭСА кіру рұқсатын алу үшін, баға котировкасы сұранысына Қатысушылар (алда 9 статьяда - Қатысушы) ЭСА аккредитациялануы керек және өтініш котировкасы сұранысына тіркелуі керек.

9.2.2. Қатысушы тек қана бір өтініш котировкасын беруге құқығы бар, оған өзгерістер енгізуге рұқсат етілмейді.

9.2.3. Котировка сұранысына тіркеу уақытында Қатысушы өзінің Баға ұсынысын енгізеді және қажетті құжаттарды файлдар түрінде бекітеді. Өтініш котировкасын Қатысушы котировка сұранысын жүргізу туралы мәлімдемеде көрсетілген мерзімде береді.

9.2.4. Қатысушы осы өтініштер котировкасын беретін мерзім аяқталғанға дейін котировка сұранысын жүргізу туралы мәлімдемеде көрсетілген өтініш котировкасын беру уақытынан бастап кез келген уақытта ЭСА жабық бөліміне котировка сұранысына қатысу үшін тіркелуге құқығы бар.

9.2.5. Котировка сұранысына Қатысушыны Оператор тіркеген жағдайда оның өтініш котировкасына коды бар номер беріледі.

9.2.6. Котировка сұранысын жүргізу туралы мәлімдемеде көрсетілген өтініш котировкасын беретін уақыт біткен күннен кейін берілген өтініш котировкасы қарастырылмайды.

9.2.7. Егер де өтініш котировкасын беру уақытының ақырғы күнінен кейін тек қана бір өтініш котировкасы берілген болса, Тапсырыс беруші өтініш котировкасын беру мерзімін 4 (төрт) жұмыс күнінен асырып, созады және өтініш котировкасын беру уақытының ақырғы күнінен кейін бір жұмыс күнінің аралығында ЭСА осындай өтініштердің берілу мерзімін созу туралы мәлімдемені орналастырады. Осыдан кейін котировка сұранысын жүргізу туралы мәлімдемеде көрсетілген мерзімде берілген өтініш өтініш котировкасын беру мерзімін создыру туралы мәлімдемеде көрсетілген өтініштермен бір уақытта ашылады және қарастырылады.

9.2.8. Егер де котировка сұранысы жолымен тапсырысты қайтадан орналастыру кезінде ешқандай өтініш котировкасы берілмеген болса, Тапсырыс беруші котировка сұранысы жолымен кезектегі тапсырысты орналастыруды жүзеге асыруға құқығы бар немесе жеңімпазды таңдамай сатып алу процедурасын тоқтату туралы шешім қабылдау немесе жалғыз жеткізушілен тапсырысты орналастыру туралы шешім қабылдау.


9.3. Өтініш котировкасын қарастыру және бағалау.

9.3.1. Өтініш котировкасын беру уақыты аяқталған күннен кейінгі келесі күні, Оператор Тапсырыс берушіге келіп түскен өтініш котировкасына кіруді ашып береді. Тапсырыс беруші 5 (бес) жұмыс күнінің аралығында котировка сұранысын жүргізу туралы мәлімдемеде орнатылған талаптарға олардың сәйкестігін қарастырады және сұраныс котировкасын бағалайды.

9.3.2. Тапсырыс котировкасы егер де олар котировка сұранысын жүргізу туралы мәлімдемеде орнатылған талаптарға сай келмей жатса немесе Тапсырыс котировкасында ұсынылған тауар, жұмыс пен қызмет бағалары сұраныс котировкасын жүргізу туралы мәлімдемеде көрсетілген максимальды бағадан асып кетсе, онда одан Тапсырыс беруші бас тарту себебін көрсету арқылы бас тартады.

9.3.3. Сұраныс котировкасын жүргізудегі жеңімпаз ретінде (алда 9 статьяда - Жеңімпаз) Сұраныс котировкасын жүргізу туралы мәлімдемеде көрсетілген талаптардың барлығына жауап беретін тапсырыс котировкасын берген және келісімнің аса төменгі бағасы көрсетілген Қатысушы танылады. Келісімнің аса төмен бағасын бірнеше Қатысушылар ұсынуы кезінде Жеңімпаз ретінде сұраныс котировкасы басқа Қатысушылардың өтініш котировкасынан ертерек тіркелген Қатысушы танылады.

9.3.4. Егер де Тапсырыс беруші барлық тапсырыс котировкаларынан бас тартқан жағдайда тапсырыс котировкасы болмаған болып саналады. Тапсырыс беруші қайтадан тапсырыс котировкасын жүргізуге құқығы бар. Мұнда Тапсырыс беруші келісімнің орындалу шарттарын өзгертуге құқығы бар.
9.4. Өтініш котировкасын бағалау және қарастыру хаттамасы.
9.4.1. ЭСА жабық бөлімінде котировка сұранысының аяқталған уақытынан бастап 1 (бір) сағаттың аралығында Оператор автоматты түрде Хаттама жобасын қалыптастырады, мұндағы көрсетілетіндер:

а) Тапсырыс беруші туралы мәліметтер,

б) келісімнің маңызды шарттары туралы ақпараттар,

в) өтініш котировкасын берген барлық Қатысушылар туралы мәліметтер;

г) қабылданбау себебі көрсетілген қабылданбаған өтініш котировкасы туралы мәліметтер;

д) жұмыс, қызмет пен тауардың аса төменгі бағасы туралы ұсыныстар;

е) баға котировкасы сұранысын жүргізудегі Жеңімпаз туралы мәліметтер,

ж) өтініш котировкасында котировка сұранысын жүргізудегі Жеңімпаз сияқты бағаны ұсынған Қатысушы туралы мәліметтер.

9.4.2. Тапсырыс беруші Хаттаманы ЭСА жабық бөлімінде мақұлдайды Хаттама оны Тапсырыс беруші бекіткен күні «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА орналастырылады.

9.4.3. Сәйкессіздіктер байқалған жағдайда Тапсырыс беруші бұл туралы Операторға мәлімдейді және тиісті өзгерістерді енгізуді келістіреді.



10. Конкурс жүргізу жолымен тапсырысты орналастыру.

10.1. Электронды үлгіде конкурс жүргізу туралы мәлімдемені құру.
10.1.1. ЭСА электронды үлгіде конкурсты құру және өткізу үшін Тапсырыс беруші ЭСА аккредитация процедурасынан өтуі керек.

10.1.2. Тапсырыс беруші конкурсты құру үшін ЭСА жабық бөлімінде көрсетілген мәлімдеме үлгісін толтырады және файлдар түрінде қажетті құжаттарды бекітеді. Мәлімдеменің толтырылған үлгісі Операторға жіберіледі.

10.1.5. Тапсырыс беруші мәлімдемеде мыналарды орнатуы керек:

а) максимальды баға көлемін және көрсетілетін қызмет, орындалатын жұмыс көлемі мен жеткізілетін тауар көлемі көрсетілген келісім заты.

б) келісім бағасы туралы конкурсқа Қатысушылардың Конкурстық ұсыныстарын қабылдаудың уақытша интервалы.

10.1.6. Оператор Тапсырыс берушінің мәлімдеме үлгісінде көрсеткен мәліметтерін және бекітілген құжаттарын Қазақстан Республикасы заңнаамсы талаптарына сәйкестікке тексереді.

Құжаттар мен мәлімдеме үлгісін тексеру Оператордың жұмыс күнінің аралығында жүзеге асырылады, бірақ оны алғаннан кейінгі 48 (қырық сегіз) сағаттан артық аспауы керек.

10.1.7. Сәйкессіздіктер байқалған жағдайда Оператор бұл туралы Тапсырыс берушіге мәлімдейді де тиісіті өзгерістерді енгізуді келістіреді.

10.1.8. Мәлімдеме үлгісінің негізінде «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА Оператор осы конкурсты жүргізуді мақұлдаған жағдайда автоматты түрде «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА сайтының ашық бөлімінде жарияланатын конкурсты жүргізу туралы мәлімдемеде қалыптасады.

ЭСА әрбір конкурсқа өзінің идентификациялық номері беріледі.

10.1.9. Конкурсты жүргізу туралы мәлімдемелер мен құжатнамалар ЭСА 2 күннен кейін және 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей жарияланады.
10.2. Электронды үлгіде ашық конкурсқа қатысуға тапсырыс беру тәртібі.
10.2.1. Конкурсқа қатысуға өтініш беруге кіру рұқсатын алу үшін Қатысушы ЭСА аккредитациялануы керек және осы Ережедегі 5.3. және 7.1. пунктіне сәйкес таңдап алынған конкурсқа тіркелуі керек.

10.2.2. Қатысушы ЭСА-ға редукционға қатысуға өтініш беру мерзімінің аяқталған уақыты мен мерзімінің қарастырылған конкурстық құжатнамаға дейінгі редукционды жүргізу туралы мәлімдемені орналастырған уақыттан бастап кез келген уақытта конкурсқа қатысуға өтініш беруге құқығы бар.

10.2.3. Конкурсқа қатысушыны тіркеуді Оператор мақұлдаған жағдайда оған код номері беріледі, осы арқылы Қатысушы конкурс жүргізу уақытында Тапсыры берушінің тапсырысын орындау шарты мен конкурсты жүргізу уақытында Баға ұсынысын бере алады.

10.2.4. Қатысушы конкурстың әрбір затына қатысты конкурсқа қатысуға бір ғана өтінішті беруге құқығы бар.

10.2.5. Конкурсқа қатысуға өтініш берген қатысушы өтінішті берудің ақырғы уақытынан кешіктірмей конкурсқа қатысуға өтініш беруге құқығы бар және осы туралы Операторға мәлімдеме жібереді.

10.2.6. Кез келген Қатысушы ондағы ЭСА аккредитация болғандығына байланысты болмай ақ ЭСА мекен жайына конкурстық құжатнаманың жағдайларын түсіндіру туралы сұранысты жіберуге құқығы бар.

10.2.7. Егер де конкурсқа қатысуға берілетін өтініштердің ақырғы мерзіміне дейін тек қана 1 өтініш берілген болса немесе ешқандай өтініш берілмеген болса онда конкурс болмаған болып есептеледі.
10.3. Электронды үлгіде ашық конкурсқа қатысуға өтініштерді қарастыру тәртібі.
10.3.1. Конкурсқа қатысуға өтініштерді Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасының талаптарына сәйкестікке және конкурс туралы құжатнаманы қарастыруды Тапсырыс беруші комиссиясы жүзеге асырады.

10.3.2. Конкурсқа қатысуға өтініштерді қарастыру мерзімі Конкурсқа қатысуға берілген өтініштердің ақырғы уақытынан бастап 10 (он) күннен аспауы керек.

10.3.3. Конкурсқа қатысуға өтініштерді қарастыру қорытындыларының негізінде Хаттама рәсімделеді, оны Оператор комиссиясы жүргізеді және оған конкурсқа қатысуға берілген өтініштерді қарастыру аяқталған күні комиссия Төрағасы мен Хатшысы қол қояды.

10.3.4. Конкурсқа қатысуға өтініштерді қарастыру хаттамасы мыналардан тұрады, олар:

а) Қатысушының аты, тұрғылықты жері (заңды тұлғалар үшін), тегі, әкесінің аты, есімі мен мекен жайы (жеке тұлғалар үшін);

б) Конкурсқа қатысуға Қатысушыны жіберу туралы шешім және оны конкурсқа қатысушы деп тану немесе конкурстық құжатнаманың талаптарына сәйкес келмейтін болғандықтан конкурсқа қатысуға өтініштің жағдайларын келтіріп және осындай шешімнің негізінде Конкурсқа қатысуға Қатысушыны жібермеу туралы;

3) шешім қабылдаған Оператор комиссиясының мүшелері туралы мәліметтер;

4) егер де конкурсқа қатысуға өтініштер беру аяқталған уақыт таянғанда тек қана бір өтініш берілген болса немесе конкурсқа қатысуға ешқандай өтініш берілмеген жағдайда конкурсты болмаған деп тану туралы ақпарат.

10.3.5. Көрсетілген Хаттама конкурсқа қатысуға өтініштерді қарастыру аяқталған уақытты автоматты түрде ЭСА Оператор оны қалыптастырады.

10.3.6. Конкурсқа қатысуға өтініштерді қарастыру Хаттамасы конкурсқа қатысуға өтініштер қарастыру аяқталған күннен кейін келетін күннен кешіктірмей оны Оператор электронды сауда алаңына орналастыруы керек.

Конкурсқа қатысуға ЭСА өтініш берген қатысушыларға және Конкурсқа қатысушы деп танылғандарға және Конкурсқа қатысуға өтініш берген Қатысушыларға және Конкурсқа қатысуға жіберілмегендерге Оператор ЭСА арқылы көрсетілген хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі келесі күні кешіктірмей Оператордың комиссиясы қабылдаған шешімдері туралы мәлімдемелер жіберіледі.

10.3.7. Конкурсқа қатысуға берілген өтініштерді қарастыру нәтижелерінің негізінде Конкурсқа қатысуға өтініш берген Конкурсқа қатысушы барлық Қатысушыларды жібермеу туралы шешім қабылданған жағдайданемесе Конкурсқа қатысуға өтініш берген тек бір ғана қатысушыны Конкурс қатысушысы деп мойындалғанда Конкурс болмаған болып есептеледі.


10.4. Электронды үлгіде ашық конкурсты ұйымдастыру және өткізу.
10.4.1. Әрбір конкурс келісімнің (лоттың) бір ғана заты бойынша жүргізіледі.

10.4.2. Бір уақытта ЭСА бір ғана, сонымен қатар бірнеше Тапсырыс берушілер үшін бірнеше конкурстар жүргізілуі мүмкін.

10.4.3. Конкурсты жүргізу бастамасы мен Қатысушылардың Баға ұсыныстарының келіп түскен уақыты ЭСА орналастырылған сервер уақыты бойынша анықталады.

10.4.4. Конкурсқа қатысуға кіру рұқсатын алған қатысушы өзінің жеке идентификациясының (пароль мен логин) мәліметтерін қолдана отырып аукционның басталар уақытында мәлімдемеде көрсетілген уақытта кіреді.


10.4.5. Конкурс мынадай критериилер бойынша Қатысушылар ұсынысын таңдау жолымен жүргізіледі:

1) егер де конкурсты жүргізу кезінде, конкурсты жүргізу туралы мәлімдемеде, конкурстық құжатнамада бастапқы (максимальды) өнімнің бірлігінің бағасы қарастырылған жағдайдағы өнім бірлігінің бағасы, келісім бағасы.

2) тауардың функциональды сипаттамалары (тұтыну қасиеттері) немесе сапалық сипаттамалары;

3) тауар, қызмет пен жұмыс сапасы;

4) орындалатын жұмыс, көрсетілетін қызметке тапсырысты орналастыру кезіндегі конкурсқа қатысушылардың біліктігі;

5) жеткізушінің тәжірибесі мен репутациясы (егер де алдын ала біліктілікте бағаланбаса);

6) тауар өндірісі үшін қажетті өндірістік қуаттармен, технологиялық жабдықтармен, еңбек, қаржы және басқа да ресурстармен конкурсқа қатысушыны қамтамсыз ету, мұндағы жеткізілетін тауар келісім заты болып табылатын көрсетілетін қызмет, орындалатын жұмыс пен келісім заты болып саналады (егер де алдын ала біліктілікте бағаланбаса);

7) тауар эксплуатациясына кеткен шығындар;

8) тауардың техникалық қызметіне кеткен шығындар;

9) көрсетілетін қызмет, орындалатын жұмыс пен жеткізілетін тауардың мерзімі;

10) көрсетілетін қызмет, орындалатын жұмыс пен жеткізілетін тауардың сапасына берілетін кепілдеме мерзімі;

11) көрсетілетін қызмет, орындалатын жұмыс пен жеткізілетін тауардың сапасына берілетін кепілдеме көлемі.

10.4.6. Конкурсты жүргізу кезіндегі келісімнің бағасы 1 (бір) теңгеге дейінгі дәлдікпен белгіленеді. Бөлінген белгі кезіндегі айналдыру айналдырудың математикалық ережесі бойынша жүзеге асырылады.

10.4.7. Конкурсты жүргізу Оператор немесе Тапсырыс беруші арқылы уақытша тоқтатылады. Технологиялық үзіліс 24 (жиырма төрт) сағаттан аспауы керек. Конкурсты тоқтату кезінде ЭСА Қатысушының Баға ұсыныстарын енгізуді блокадалайды, сонымен қатар тоқтатылған Конкурстың ақпараттарын сақтауды қамтамасыз етеді. Тоқтатылған Конкурсты қайтадан жаңарту уақыты мен мерзімі туралы ақпараттарды Оператор ЭСА-ға тікелей Конкурсты тоқтатқаннан кейін орналастырады.


10.5. Электронды үлгіде ашық конкурстың қорытындысын шығару.
10.5.1. Конкурс аяқталған болып есептеледі, егер де:

- Ұзақтығын Тапсырыс беруші бекіткен сауда сессиясы уақытында келісімнің бағасы туралы ешқандай ұсыныс түспеген болса;

- конкурстық сессия кезінде ұзақтығын Оператор орнатқан және Тапсырыс беруші мақұлдаған ұсыныс келіп түскен жағдайда.

10.5.2. Конкурсты аяқтау туралы ақпараттар тез арады ЭСА жабық және ашық бөлімінде орналастырылады.

10.5.3. Конкурстың жеңімпазы ретінде Конкурс аяқталған уақытта келісімнің аса пайдалы шарттарын ұсынған қатысушы танылады (алда 10 статьяда – Жеңімпаз).

10.5.4. ЭСА Конкурс аяқталған уақыттан бастап 1 бір сағаттың көлемінде Хаттамамен рәсімделген Конкурсты жүргізудің нәтижелері орналастырылған және ол мынадай мәліметтерден тұрады:

а) ЭСА мекен жайы;

б) конкурстың аяқталған уақыты мен бастапқы уақыты;

в) келісімнің шарттары;

г) Жеңімпаздың жасаған келісім бағасы туралы ұсынысы;

5) Жеңімпаздың атауы, тұрғылықты жері (заңды тұлғалар үшін), тегі, әкесінің аты, есімі мен мекен жайы (жеке тұлғалар үшін), редукционға қатысуға олардың берген өтініштерінің реттік номерлері.

10.5.5. Егер де ұзақтығын Тапсырыс беруші орнатқан конкурстық сессия уақытында келісімнің бағасы туралы ешқандай ұсыныс келіп түспеген болса, Оператор ЭСА конкурсты болмаған деп қабылдау туралы Хаттаманы орналастырады. Осы Хаттамада мыналар көрсетіледі:

а) ЭСА мекен жайы;

б) конкурстың аяқталған уақыты мен бастапқы уақыты;

в) келісімнің бағасы.

«Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-ның

электрондық сауда алаңы көлемінде

тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға,

қызмет көрсетуге тапсырыстарды орналастыру Ережелеріне

Қосымша №1



«Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС электронды сауда алаңын аккредитациялау туралы өтініш

«Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС электронды сауда алаңында жүргізілетін электронды процедураларға қатысуға кіруді қамтамасыз ету үшін, __________________________________________________________________(алда - Клиент)



(ұйымның толық атауы (заңды тұлға үшін), А.Т.Ә. (жеке тұлғалар үшін)

атынан__________________________________________________________________________



(жетекшінің Т.А.Ә. , және лауазымының атауы)

«Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС электронды сауда алаңында аккредитация туралы өтініш береді (алда – Аккредитация туралы өтініш).



1. Клиент міндеті:
- «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС электронды сауда алаңындағы Операторға Ережедегі баяндалған құжаттар тізіміне сәйкес құжаттарды тапсырады;
- Клиент атынан электронды процедураларға жүргізілетін уақытта «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС электронды сауда алаңында жұмыс істеуге өкілетті тұлғаны тағайындау (алда – Өкілетті тұлға);
- Оператордың ұсынған қызметтерін төлеу («Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС электронды сауда алаңында жұмыс істеу үшін таңдалған тарифтік жоспарға сәйкес) және «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС электронды сауда алаңындағы жүргізілетін электронды процедурада Клиент Жеңімпаз ретінде танылған болса онда Клиенттің өтініш білдірген бағасы бойынша келісім жасау, немесе Ереже мен Қазақстан Республикасының бекітілген заңнамасы бойынша Клиентке келісім жасау құқығы өтіп кеткен жағдайда немесе Клиент электронды процедураға жалғыз ғана қатысушы болып саналса (электронды процедураның тиісті хаттамасында бекітіледі);
- Ережеге сәйкес құжаттармен ұсынылған және аккредитация туралы осы Өтініште көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына толық жауапты болу;
- «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС электронды сауда алаңының ашық бөліміндегі дағы «Аккредитация» атты бөлімдегі үлгіні толтыру кезіндегі, «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС электронды сауда алаңының жабық бөліміндегі дағы «Тіркеу» атты бөлімдегі үлгіні толтыру кезіндегі, «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС электронды сауда алаңының жабық бөліміндегі электронды процедуралар жүргізу уақытындағы келісімнің бағасы туралы ұсыныстар беру кезінде жасалатын Өкілетті тұлғаның дұрыс емес әрекеттері үшін жауапты болу, сонымен қатар «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС электронды сауда алаңында жүргізілетін электронды процедураларға Клиенттің қатысуын қамтамасыз етумен байланысты Өкілетті тұлғаның басқа да әрекеттері үшін жауапты болу;
- Ұсынылған құжаттар мен аккредитация туралы осы Өтініштегі көрсетілген мәліметтерге өзгерістер енгізу туралы Операторға өз уақытында хабарлап отыру үшін жауапты болу; көрсетілген құжаттардың әрекеттерін тоқтату немесе айырбастау туралы; Клиенттің өкілетті тұлғасына жаңа сенімхат беру туралы;

- сатып алу процедураларына қатысуға қойылатын талаптарға сәйкестік, оның ішінде: Ереже мен Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасымен бекітілген электронды үлгідегі сәйкестік;


- «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС электронды сауда алаңында жұмыс істеу кезінде Ереже мен Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету.
Клиент мыналармен келіседі:
- «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС электронды сауда алаңындағы аккредитациялау «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС электронды сауда алаңында Оператор аккредитациясын бекіту уақытынан бастап 1 (бір) жыл төлем төлеусіз жүзеге асырылады;
- Аккредитация туралыы осы Өтінішке қол қойылған уақыттан бастап Клиент Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 389 статьясына сәйкес Ережеге қосылады және «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС электронды сауда алаңындағы аккредитация жағдайында Ережелерде қарастырылған «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС электронды сауда алаңындағы Қатысушыға барлық құқықтар және міндеттер беріледі;
- «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС электронды сауда алаңындағы жүргізілетін электронды процедураға қатысуға Клиенттің өтініш беруі (электронды процедураға тіркеу), Оператордың көрсеткен қызметтеріне Клиенттің төлем төлеу келісімі болып табылады (таңдап алынған тарифтік жоспарға сәйкес);
- Оператор қызметіне төлем төлеу 10 (он) күнтізбелік күннің аралығында, көрсетілген қызмет төлеміне есептіің келген уақытынан бастап Оператордың есебіне ақшалай қаржыны жіберу жолымен жүзеге асырылады;
- «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС электронды сауда алаңында жұмыс істеуге және оған кіру үшін «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС электронды сауда алаңында жұмыс істеуге тиісті өкілдігі жоқ үшінші бір тұлғаларға Өкілетті тұлғаның логинді (атауы), парольді заңсыз беруі, логинді (атауы), парольді сақтау ережелерін сақтамағандығы үшін Клиент заңды бұзудың әрбір фактісі үшін 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде айыппұл төлейді.
- тапсырыс берушімен келісім жасаудан бас тарту жағдайында электронды процедураны жүргізу мен құруда Клиент Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады;
- «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС электронды сауда алаңында жүргізілетін электронды процедураға қатысу бойынша Оператордың ұсынған қызметтерін төлеуге Клиент негізсіз және/немесе қасақана бас тартқан жағдайында (тарифтік жоспарға сәйкес), және келіссөздер мен келісімге келу жолымен Оператормен осындай қақтығысты шешу мүмкін емес жағдайында Оператор Жауапсыз Клиенттен көрсетілген қызметтің төлемі түскенге дейін осындай Клиенттің аккредитациясын тоқтатады;
- Оператордың ұсынған қызметтерін төлеуде Клиент жауапсыздық танытқандығы үшін Клиент төлемнің өтіп кеткен мерзімінің әрбір күні үшін жалпы қызмет сомасынан 1,5% көлемінде жауапкершілікте болады;
- Оператор «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС электронды сауда алаңында жүргізілетін электронды процедура негізінде жасалған келісімнің шарттарын екі жақтың өзара орындамағандығы үшін және Қатысушы мен Тапсырыс беруші арасындағы жасалған келісімнің процедуралары үшін жауапты емес;
- электронды процедураларды Оператор Ереже мен Қазақстан Республикасындағы әрекеттегі заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.



Ұйым атауы




Ұйымдастыру-құқықтық форма




Аймақ




Қала (елді мекен)




Заңды мекен жайы




Тұрғылықты мекен жайы




Телефоны




Факсы




E-mail




Жетекшінің лауазым атауы, тегі, әкесінің аты мен есімі




Байланысатын тұлғалар




ЭСА жұмыс істейтін Клиенттің өкілетті тұлғасы




ЭСА жұмыс істейтін Клиенттің өкілетті тұлғасының мекен жайлары




СТН




Келісімге енгізу үшін реквизиттер





Ұйым жетекшісі ________________________(қолы)


М.О.

«Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-ның

электрондық сауда алаңы көлемінде

тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға,

қызмет көрсетуге тапсырыстарды орналастыру Ережелеріне

Қосымша №1-1




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет