1 Топографиялық анатомия пәні, мақсаттары, міндеттері


Жүректің абсолюттік шекрасы



бет14/26
Дата30.09.2022
өлшемі1.71 Mb.
#461673
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
1 Топографиялы анатомия п ні, ма саттары, міндеттері

Жүректің абсолюттік шекрасы – бұл жүректің өкпемен жабылмайтын бөлігі, ол төс сүйекке, V және VІ сол жақ қабырғаларға жанасып жатады.
жоғарғы шекарасы сол және оң жақта lineae sternalis бойынша ІУ қабырға
шеміршегінің жоғарғы жиегіне жүргізілген көлденең сызыққа тең;
- төменгі шекарасы төс сүйектің семсер тәрізді өсіндісінің негізіне сәйкес келеді;
- оң жақ шекарасы оң жақта lineae sternalis dextra бойынша IV- V қабырғалар шеміршегіне сәйкес келеді;
- сол жақ шекарасы lineae parasternalis sinistra бойынша ІІІ қабырға шеміршегінен жүрек ұшына дейін келеді;
Қақапашалардың скелотопиясы(алдыңғы кеуде қабырғасына кескіні):
Атриовентрикулярлық(жүрекше-қарыншалық) қақпақшалар – оң жақ үш жарғақты және сол жақ екі жарғақты қақпақшалар бар.
Үш жарғақтық(трехстворч.) қақпақша жиі үш жарғақты болады: алдыңғы, артқы және ішкі(бөлгіштік). Ол төс сүйек артында қиғаш бағытта IV сол жақ және V оң жақ қабырғалар шеміршектерінің төске бекітілген жерінде кескінделеді.
Екі жарғақтық(митралді) қақпақша екі үлкен жарғақтан түзілген, ол сол жақта ІІІ қабырға шеміршегінің төске бекітілген жерінде кескінделеді.
Олардың жоғарғы жағында қолқалық(аорта, оң жақта) және өкпе сабауы(легоч.ствол,сол жақта) қосымша кішкентай қақпашалар болады. Артериялық тесіктер қақпақтары(қолқалық, өкпелік) жарты ай тәрізді түрде болады..
Жүректі қоректендіретін артерия жоғарлағыш қолқаның тармақтары болып табылады(оң жақ және сол жақ тәждік артериялар). Қарыншалардың арасындағы жүлгеде тәжді артерияның төмендегіш тармағы өтеді. Жүрек веналары- веналық синусты түзеді, ол жүректің артқы бетінде тәждік жүлгеде орналасқан және оң жақ жүрекшеге барып құйылады.
Жүректің иннервациясы екі кезбе жүйкенің тармақтарымен,екі симпатикалық нерв бағанасымен, екі көк ет нервтерімен жүзеге асады. Барлық нерв тармақтары жүректік өрім түзеді. Олар беткей және терең орналасқан.
Жүректің нервтік аппараты екі бөліктен құралған — жүректен тыс және жүрек ішілік. Жүректен тыс бөлігі нерв өткізгіштерінен түзілген, ол жүректі орталық нерв жүйесімен және басқа мүшелердің нервтік құрылымдарымен байланыстырады. Жүрек ішлік бөлігіне нервтік өрімдер және жүректегі нервер жатады. Жүректі шеткері симпатикалық бағана тармақтары, кезбе жүйке тармақтары иннервациялайды.
Симпатикалық және кезбе нервтер мен олардың тармақтары ірі тамырлардың бойында нерв өрімдерін түзеді. Екі экстракардиалді өрімге бөлінеді:беткей –қолқа доғасының алдында орналасқан және терең –кеңірдектің төменгі бөлігінің алдыңғы бетінде орналасқан. Екі өрімде бір-бірімен тығыз байланыста болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет