1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар «Еңбек нарығы және сұраныс». Балғабек Қыдырбекұлы «Теміржолшы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау І нұсқа


«Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар», «Әлеуметтік теңсіздік: адам құқықтары және көмек»



бет36/77
Дата24.11.2023
өлшемі5.66 Mb.
#484351
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   77
10 КЛАСС БЖБ ТЖБ (1)

«Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар», «Әлеуметтік теңсіздік: адам құқықтары және көмек»
ІІ нұсқа



Оқу мақсаты:

10.3.6.1 мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты толық анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіру және оны бағалау;
10.4.2.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды
қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

Бағалау критерийі:

Білім алушы :
 Мәтіндегі негізгі ойға қатысты деректі ақпараттарды анықтап, көзқарасын білдіреді, баға береді;
 Көтерілген мәселе бойынша қажетті тілдік құрылымдарды қолданып, эссе жазады («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе , аргументативті эссе ).



Ойлау дағдыларының деңгейі:

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты:

25 минут



Тапсырма


Мәтінді оқып шығып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз:
...Дүкеннен алынған тағамдарымызды кемінде он пластик пакетпен көтеріп келеді екенбіз. Аптасына екі рет дүкенге барамыз десек , жиырмасы жиналады. Оған наннан бастап етке дейін жұқа полиэтиленмен оралатынын қосыңыз.... Баяғы кеңістік замандағы тор қалта, кенеп дорба, тіпті шыны бөтелке көзден бұл-бұл ұшып, бәрінің орнын полиэтилен өнімі толықтай басты. Екінші қатарды осындай қалдықтар толтырады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Табиғатты сақтау жөніндегі комитетінің мәліметіне жүгінсек, Жердегі пластик қалдықтардың кесірінен жылына 1 миллион құс, 100 мың сүтқоректі , 100 милиион балық қырылады екен. Олар пластикті тамақ деп жұтып қояды. Сосын бөтеге, асқазан , ішектері қорыта алмай, іштері түйіліп өледі. Зауалға қатты ұшырап жатқандар тізімінде теңіз тасбақасы, итбалық және кит тұр. Мұхиттарда қалқып жүрген пластик қалдықтары судағы сүтқоректілердің тұқымын толық құртады дейді ғалымдар.
Пластик бұйымдарды жағу, олардың бықсып жануы оның жер үстінде қалғанынан да қатерлі. Ауаға зиянды заттар бөлініп, адамның , жан-жануардың тыныс мүшелеріне у тарайды. Ал күлінде ауыр металл бар. Одан шөп, шөптен мал, малдан адам ағзасына түскен ауыр металл қатерлі ісікке себепкер деседі.
(158 сөз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет