1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар «Еңбек нарығы және сұраныс». Балғабек Қыдырбекұлы «Теміржолшы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау І нұсқа



бет1/77
Дата24.11.2023
өлшемі5.66 Mb.
#484351
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77
10 КЛАСС БЖБ ТЖБ (1)




1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Еңбек нарығы және сұраныс». Балғабек Қыдырбекұлы «Теміржолшы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
І нұсқа



Оқу мақсаты

10.1.3.1 оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну;
10.2.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрау, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер ету.



Бағалау критерийі



Білім алушы

  • Тақырыпқа сәйкес сөздер мен терминдердің мағынасын ажыратады;

  • Мәтін бойынша монолог, диалог құрауда сөз әдебі мен сөйлеу этикетін қолданады.



Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі


Орындау уақыты 25 минут

Тапсырма
Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.


Жол бітіп поезд келерде, Әліш Үмбеталовты жол мастері Тарасов шақырып алды да:



- Сен поезды көрмек түгіл, мәңгі сонымен бірге боласың, алғашқы поезд өткенше осында қаласың, - деді Тарасов. Сөйтіп, бірінші рет поезд өтетін көпірдің астында Әліш жалғыз қалды. Әдетте бұл кезде жұмыстағы ең озат адам поезд алғаш өткенде көпірдің астында қалу құрметіне ие болады екен. Ол кез келген адамға ұсыныла бермесе керек.
Поезд гүрсілдеп өте шыққан соң, Әліш орнынан тұра келіп жол үстіне қарап еді, түтіні будақтап паровоз жүйткіп барады екен. Бұрын поезд көрмеген түйелі, атты қазақтар паровоздың артынан таң қалысып қарап тұр, енді біразы жарысып шауып барады. Әліш ел қуанышының куәсі болды.
Түрксіб темір жолы Айнабұлақта түйісіп, жұмыс біткен күні Әліш Үмбеталов Айнабұлаққа шақырылды. Поездан түсе қалған жерде Әлішті бұрынғы өзінің жолдастары Тарасов пен Колесников қарсы алды. Олар Әлішті жол бастығына алып кірді.
- Үмбеталов деген озат жұмысшы осы, сіздің шақыруыңызбен келді, жол бастығы жолдас, - деді Тарасов.
Жол бастығы орта жастағы байсалды адам екен. Әлішпен көп әңгімелесті.
- Сізді Ауыр өндіріс Халық Комиссариатының грамотасымен құттықтаймын, - деді ол Әлішке. Бұған қоса көп заттай сыйлық тапсырды.
(198 сөз)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет