1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар «Еңбек нарығы және сұраныс». Балғабек Қыдырбекұлы «Теміржолшы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау І нұсқа


«Отандық өнеркәсіп өнімі», «Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті»



бет8/77
Дата24.11.2023
өлшемі5.66 Mb.
#484351
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   77
10 КЛАСС БЖБ ТЖБ (1)

«Отандық өнеркәсіп өнімі», «Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті»
І нұсқа

Оқу мақсаты

10.4.4.1 тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтап ұсыну (тірек-схема, менталды карта, презентация);
10.3.3.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдау және кейіпкерлерді шынайы
өмірмен салыстырып бағалау.

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтінге жоспар құрып, негізгі және қосымша ақпараттар бойынша тірек-схема, менталды карта, презентация дайындайды;

  • Көтерілген мәселені анықтап, кейіпкерлер әрекетін шынайы өмірмен салыстырып, баға береді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

25 минут

Тапсырма
Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.


«ФудМастер» компаниясының тарихы 1995 жылдан бастау алады. Жас кәсіпкерлерді сүт өнімдерінің алуан түрі бар Қазақстанда неліктен, йогурт секілді пайдалы әрі нәрлі сүт өнімін өндірмеске деген сұрақ толғандырады. Осындай мақсатпен компания Есік қаласындағы сүт зауытын жалға алып, алғашқы боп Қазақстанда йогуртты жарыққа шығарған.
Бүгінгі күнде компанияның 16 филиалында ірі 4 зауыты және екі сүт-тауарлы фермасы бар.«ФудМастер» компаниясы Қазақстан нарығында сүт өнімдерінің арасында көшбасшы саналады.Компания отандық өндірушілер арасында ең үлкен өнім тізбегін жарыққа шығарып, халықтың ұсынысы мен талғамын барынша қанағаттандыруға тырысады.Тұтынушылар сұранысына ие болған өнімдер:айран, қаймақ,үй сүзбесі, «Дольче йогурты», «БИО-С Имун» қойылтылған сүті және т.б.
Қазіргі таңда компания зауыты 100-ге жуық атаумен сүт өнімдерін шығарады.Жыл сайын компания өнімдерінің түпжиынын жаңарта отырып, Қазақстан халқына жаңа, сапалы әрі дәмді өнімдерін ұсынады.
2004 жылдан бастап «ФудМастер» компаниясы әлемде жоғары сапалы сүт өнімдерін өндіретін, дүниежүзінің 200-ден астам мекемелерін біріктіретін халықаралық Лакталис (Франция) тобына кірген. «ФудМастер» компаниясының негізі мақсаты - Қазақстандағы сүт өнімдерін тұрақты дамытып, тұрғындарды табиғи қоспалардан жасалған, әлемдік сапа стандартына сай өнімдермен қамтамасыз ету.
(156 сөз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет