1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар «Тірі табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау бжб №1


«Әдебиеттік оқу» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары



бет19/20
Дата20.05.2022
өлшемі1.34 Mb.
#458471
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
дебиеттік о у 3 сынып БЖБ

«Әдебиеттік оқу» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Орындау уақыты: 40 минут Балл саны:16
Тыңдалым және айтылым (6)

  1. Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.


Бір бұлақтың басында үш жолаушы кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, суы мұздай салқын, таза екен. Бұлақтың басында жатқан үлкен таста: – «Ей, жолаушы, болсаң осы таза бұлақтай бол!», - деген жазу бар екен.
Жолаушылар бұлақтан су ішеді. Сонда тастағы жазуға көзі түскен бір жолаушы:
– Бұл бұлақ күні-түні тынбай ағады. Бара-бара оған басқа бұлақтар қосылып, үлкен өзен болады. Бұл жазудан мынадай ғибрат алуға болады. Сен де ешқашан жалқауланып, тоқталып қалма. Сонда мұратыңа жетесің дегені деп түсінемін, – дейді.
Екінші жолаушы тұрып:
– Бұл бұлақ кімді болса да ыстықтағанда салқындатып, рақаттандырады. Сусағанның шөлін қандырады. Онысы үшін ешкімнен ақы дәметпейді. Олай болса, бұл «біреуге жақсылық етсең, оны ешкімге міндет етпе» дегені болар, – дейді.
Жолаушының үшіншісі – жас жігіт үндемей тұрады. Жолдастары: «Сен не ойлайсың?» - деп сұрайды.
– Меніңше, адамдар бұл бұлаққа күні-түні тынбай ағып, тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Ал тастағы жазуды: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта дегені деп түсінемін,- деп жауап беріпті.

Жолаушылардың бұлақ туралы айтқан пікірлерін тауып, сәйкестендір.



Бірінші жолаушы

Үшінші жолаушы

Ешқашан жалқауланып, тоқтап қалма. Сонда мұратыңа жетесің.

Көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта.

Біреуге жақсылық етсең, оны ешкімге міндет етпе.

Сен қай жолаушының пікіріне қосыласың? Неліктен? Мақал-мәтелдерді, көркем сөздерді қолданып сөйле.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет