1 windows ж‡йесіндегі access мєліметтер ќоймасыныњ негізгі ¦Ѓымдары мен т‡сініктері


Мәлімет қоймасын (МҚ) құру мақсаты



бет2/12
Дата21.09.2022
өлшемі1.27 Mb.
#461090
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Аксес бағдарламалары

2.1 Мәлімет қоймасын (МҚ) құру мақсаты
Қарызы бар студенттерді өз уақытында анықтау, үлкен көлемдегі мәліметтерді сорттау.
2.1.1 Мәлімет қоймасын құрудағы тапсырмалар
- Бір жерге студент және емтихан туралы ақпараттарды жинақтау.
- Берілген студент және оның тапсырған емтихандары туралы есеп беру.
- Мәліметке кіруді жеңіл және қарапайым түрде жасау.
2.1.2 Іске асыру

Ең алдымен МҚ құруда бізге қандай ақпараттар керек, яғни бізден нақтылы не талап етілетінін ойластырып алғанымыз жөн болар. Бізге берілген мәліметтер қоймасында студент туралы мәліметтер (мысалға студенттің реттік номері, студенттің фамилиясы, аты және әкесінің аты) және осы студент тапсырған емтихан туралы мәліметтер (мысалға емтихан аты, алған бағасы) болуы керек. Ал, мәлімет қоймасында ақпарат кестелерде сақталады, ал кестелер жазулардан тұрады, ал жазулар-өрістерден тұрады. Егер тапсырманы тура шешсек онда ақпарат мынандай сүлбеде сақталады:


Кесте 1 – тапсырманың тура сипаттағы кестесі



Фамилиясы

Аты

Әкесінің аты

Емтихан аты

Бағасы

Мейрамканов

Берік

Мейрамканұлы

ҚазақстанТарихы

5

Мейрамканов

Берік

Мейрамканұлы

Жоғарғы математика

4

Мейрамканов

Берік

Мейрамканұлы

Информатика

5

Мұндай сүлбе әрбір студент бір ғана емтихан тапсырған кезде ғана тиімді, ал студенттер бірнеше сабақтан емтихан тапсырса, онда керексіз қайталанулар пайда болады (әрбір тапсырған емтиханына студенттің аты-жөнін толтыру керек). Мұндай жағдайда мәліметтерді өзара «бірден-көпке» байланысты екі кестеге бөлу керек (бір студент – көптеген эмтихан).
Кесте 2 – өзара байланысқан кесте



Кесте «Студент»

Байланыс

Кесте «Емтихан»

М ейрамканов Берік Мейрамканұлы




Қазақстан тарихы

Жоғарғы математика

Сламбеков Самат Құрманұлы




Қазақстан тарихы

Информатика

Осындай құрылымдағы ақпараттық мәліметтерде қайталанулар болмайды, яғни «Студент» кестесіндегі студентер аты-жөні туралы мәліметтер бір ғана данадан болады. Кестелерді байланыстыру үшін әр кестеге сандық өріс (индекс) енгізу керек, яғни емтиханды кім тапсырғаны екнін анықтайтындай етіп (мысалға «Студент» кестесіндегі Мейрамканов индексі 1-ге тең болса, онда «Емтихан» кестесіндегі Қазақстан тарихы, Жоғарғы математика индексі де 1-ге тең болады).


Ендеше, ақпараттар сүлбесі түсінікті болса, онда кестедегі әрбір өрістер типтерін анықтаймыз.

Кесте 3 – Студент кестесінің құрылымы





Өріс аты

Өріс типі

Ескерту

Нөмірі

Счетчик (Санағыш)

«Общие» тақтасынан «Индексированное поле» өрісінен «Да (Совпадения не допускаются)» таңдаңыз

Фамилия

Текстовый (мәтіндік)

Студенттер туралы мәліметті енгізу үшін



Аты

Текстовый (мәтіндік)

Әкесінің аты

Текстовый (мәтіндік)

Кесте 4 – Емтихан кестесінің құрылымы





Өріс аты

Өріс типі

Ескерту

Нөмірі

Счетчик (Санағыш)

«Общие» тақтасынан «Индексированное поле» өрісінен «Да (Допускаются совпадения)» таңдаңыз

Емтихан аты

Текстовый (мәтіндік)

Емтихан атын енгізу үшін

Бағасы

Числовой (сандық)

Емтихан бағасын енгізу үшін





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет