1 windows ж‡йесіндегі access мєліметтер ќоймасыныњ негізгі ¦Ѓымдары мен т‡сініктері



бет6/12
Дата21.09.2022
өлшемі1.27 Mb.
#461090
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Аксес бағдарламалары

3.2 Мастер көмегімен форма құру
«Емтихан» кестесін толтыру үшін енгізу формасын құрамыз. Құрылатын форма студент аты-жөнінен және осы студент тапсырған емтихан тізімінен тұратын болуы керек, яғни мәліметтерді екі кестеден де аламыз. Барлық мағана форма құрмастан бұрын жасалған кестелер арасындағы байланыстың орнатылуында, әйтпесе форма құрудағы мына ісіміз жүзеге аспар еді. Өрістері таңдағанда екі кестеден де алуды ұмытпаңдар. Форма құру процесі кезінде негізгі формаға СтудентФормасы деп, ал бағынышты формаға ЕмтиханФормасы деп ат беріңдер.

- Мәліметтер қоймасы терезесіндегі Форма тақтайшасында «Создать» (Құру) батырмасын басыңыз. Пайда болған хабар алмасушы «Новая форма» (Жаңа форма) терезесінен «Мастер форм» таңдап «Оk» батырмасын басыңыз (сурет 16 қараңыз).





Сурет 16 – Форма құруды таңдау терезесі


- «Таблицы/Запросы» (Кесте/Сұрау) тізімінен «Студент» кестесін таңдап, ондағы өрістерден таңдау батырмасы арқылы келесі өрістерді таңдаңыз: Фамилиясы, Аты, Әкесінің аты. Содан кейін «Таблиц/Запросы» (Кесте/Сұрау) тізімнен «Емтихан» кестесін таңдап, ондағы өрістерден таңдау батырмасы арқылы Емтихан аты, Бағасы өрістерін таңдаңыз. Нөмірі өрісі керегі жоқ, себебі бұл өрісті Access автоматты түрде өзі толтырады. «Далее» (Ары қарай) батырмасын басыңыз (сурет 17 қараңыз).



Сурет 17 – Кестелер өрісін таңдау терезесі


- Мәлімет түрін топшылауда «-Студент» таңдаңыз, ал жалаушаны «подчиненные форм» (бағынышты форма) орнатыңыз. Access негізінде барлығын үнсіз келісім бойынша өзі орнатады, арықарай «Далее» батырмасын басыңыз (сурет 18 қараңыз).





Сурет 18 – Форма құрудағы шартарын орнату терезесі
- Ары қарай түсініктірек, яғни өз таңдауларын бойынша кестелі түрі басқасынан артығырақ, сол себепті «табличный» пунктіне жалаушаны орнатыңыз да «Далее» батырмасын басыңыз (сурет 19 қараңыз).



Сурет 19 – Форманың сыртқы түрін таңдау терезесі


- Бұл қадамда мастерден сіз формаңыздың безендіру стильін таңдайсыз. «Международный» (Халықаралық) таңдап «Далее» батырмасын басыңыз (сурет 20 қараңыз).



Сурет 20 – Форманы безендіру стильін таңдау терезесі

- Ең соңғы қалған қадам ол форма атын беру. Алдында келісілгендей негізгі формаға «СтудентФормасы» деп, ал бағынышты формаға «ЕмтиханФормасы» деп ат береміз. Сөздер арасындағы ашық жоқтығы ештеңе етпейді, себебі Access мұндай аттарды өңдеулер жасай береді. «Готово» (Дайын) батырмасын басыңыз (сурет 21 қараңыз).





Сурет 21 – Формаға аттарын беру терезесі


- Құрған форма толығымен біздің талаптарымызға сай келеді, себебі бір уақытта студент аты мен оның тапсырған емтихандарының тізімін көруге болады.





Сурет 22 – Мәліметтерді енгізу формасының терезесі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет