1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


ХХ ғасырдың екінші жартысындағы өзгеше ойлаудың қудалануы: Олжас Сүлейменов және О.Исмағұлов еңбектерінің зиянды деп танылуы



бет13/41
Дата03.05.2024
өлшемі191.96 Kb.
#500416
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41
1. XX асырды басында ы аза станда ы нерк сіпті дамуы (1)

43. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы өзгеше ойлаудың қудалануы: Олжас Сүлейменов және О.Исмағұлов еңбектерінің зиянды деп танылуы.
Партиялық-мемлекеттік құрылым қызметінің 70-80-жж. басындағы өзекті бағыты бұрынғыша ұлтшылдыққа, жершілдіктің көріністеріне және патриархалдық құрылысты дәріптеуге қарсы күрес болды. Өзгеше ойлаудың барлық түрі қудаланды. Өмір сүріп тұрған жүйенің идеологиясы мен жаттанды догмаларына сай келмеген өз көзқарастарын әдебиет пен өнер шығармаларында бейнелеген интеллигенцияның өкілдері қудалауға ұшырады. Мысалы, ақын О.Сүлейменовтың “АзиЯ” деген талантты кітабы осындай қасіретке ұшырады. О.Сүлейменовтың оппоненттері “Молодая гвардия”, “Москва”, “Звезда” және басқа журналдардағы мақалаларында кітаптың идеологиялық бағыты мен мақсатына күмән келтірді. Ол ұлтшылдық, пантюркистік шығарма және орысқа қарсы деп айыпталды. Кеңестік билік ғалымдар арасындағы ой-пікір бостандығына барынша тиым салып отырды. Мысалы, 1976 жылы философия институтының авторлар ұжымы даярлаған “Дәстүрлі қазақ өнерінің дүниетанымы” деген кітапты басып шығаруға тиым салды. Антрополог О.Исмағұловтың “Қазақстанның этностық геногеографиясы” деген кітабы идеялық тұрғыдан зиянды деп табылды. Авторға методологиялық қате жіберген, ру-тайпалық факторларды бүгінгі заманмен байланысты біржақты баяндаған деген айып тағылған. Кейінірек бұл айыптың бәрі алынып тасталды
44. 1979 жылғы Ақмола (Целиноград) оқиғасы.
Целиноград оқиғасы. Ерлік, оның ішінде халықтың көкөрім өрендері жасаған ерлік ұлт тарихында ерекше орын алуға, мақтан етілуге тиіс Еділ бойындағы неміс республикасының Ұлы Отан соғысы басталған тұста таратылғаны белгілі. 1941 жылғы 28 тамызда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен ондағы немістер Қазақстанға жер аударылды. Мұндай шешімнің неге қабылданғаны түсінікті еді, ал соғыс жеңіспен аяқталған соң олардың байырғы қонысына қайта оралуына рұқсат бермеу іштей де, сырттай да қарсылық туғызды. Неміс ұлты өкілдерінің өтініштері мен наразылығына Орталық Комитет назар аударған жоқ. Бұрынғы автономия орналасқан жерге ел тығыз қоныстанғандықтан, оны қалпына келтіру мүмкін емес деген сырғытпа жауап берумен болды. Неміс тілінде "Фройндшафт" газетін ашып, басқа да мәдени шараларды жүзеге асырып, іс осымен тындыға санады. 1979 жылы 31 мамырда «Целиноград, Қарағанды, Көкшетау және Павлодар облыстарының құрамына кіретін бес ауданның аумағынан тұратын Неміс автономиялық облысын құру туралы» қаулы шықты. Оның әкімшілік орталығы Ерейментау каласы болуы керек болатын. ҚазКП ОК-і жаңадан құрылып жатқан автономиялық облыстың партия органдарының кұрамы мен нақты шекарасын, штатын анықтауға кірісті. 18 маусымда Неміс автономиялық облысының құрылуына байланысты салтанатты жиналыс өткізу жоспарланды. Бұл шаралар республика халқының бір бөлігінде наразылық тудырды. Бірнеше күннен соң ұжымдарда, кәсіпорындарда, басшылық ортада бұл мәселе талқыға салынбайтындығын халыққа жеткізу максатында жиындар өткізіліп тұрды. Бірақ Неміс автономиялық облысын кұру турасындағы КОКП ОК-нің автономия құрылмайтындығы туралы нақты шешімі 1980 жылдың ақпан айында шығарылды. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының алғышарты болған Целиноградтағы оқиға қазақ халкының ұлттық санасының оянуына елеулі үлес қосты. 1976 жылы КОКП ОК-і Ю.В.Андропов басшылық еткен жауапты топ кызметкерлеріне неміс автономиясын құру мәселелері туралы ұсыныс жасау жөнінде тапсырма берді. 1979 жылы 16 және 19 маусымда Целиноградта үнқағаздар пайда болып, қала көшелерінде неміс автономиясын кұруға қарсы ереуілдер өтті. Партия органдарына автономия құруға қарсы ұжымдық хаттар келіп түсе бастады. Әсіресе Целиноградтың Ленин атындағы (қазіргі Орталық) алаң ереуілге қатысушылардың көпшілігімен көзге түсті. Шеруде, негізінен, жастар көп болды, олардың саны 16 маусымда бірнеше жүздеген адам болса, 19 маусымда бірнеше мыңнан асты деп есептеуге болады. Жастарға осы ереуілге жиналғандардың алдына облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Н.Е.Морозов шығып, Неміс автономиясының жойылғанын мәлім етті. Осыдан кейін ереуілге қатысушылар тарай бастады. 1979 жылғы Целиноградта «Неміс автономиясын» құру саясатына қарсы ереуілдер болды. 1979 жылғы маусым оқиғасы бізден кейін де әлі талай зерттелетіні анық. Өйткені бұл қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы тарихи күресінің бірі, коммунистік режимнің тұсындағы жастар арқылы жасалған ұлттық ерлік. Сон-дықтан да осы ереуілге қатысты әрбір дерек қымбат. Оны көрген, қатысқан адамдардың болымсыз делінетін естелік, дерек¬терінің өзі құнды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет