1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


Д.А.Қонаевтың Қазақстан Компартиясының Бірінші хатшысы ретіндегі қызметі



бет21/41
Дата03.05.2024
өлшемі191.96 Kb.
#500416
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41
1. XX асырды басында ы аза станда ы нерк сіпті дамуы (1)

52.Д.А.Қонаевтың Қазақстан Компартиясының Бірінші хатшысы ретіндегі қызметі.
1942 жылдың сәуір айында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Скврцовтан жедел хат алады. Ол хатта Д.А.Қонаевты Орталық Комитеттің қарамағына қызметке шақыртуы туралы баяндалған екен. Ендігі жерде Д.А. Қонаев Лениногордағы бар шаруасын Новиковқа өткізіп, Алматыға бет алады. Сәуір айының жиырмасына қараған түнде Д.А. Қонаевты Скворцов қабылдап:
– Өнеркәсіп саласында ұлттық қадрлардың тапшылығы өзіңізге аян. Дүр сілкінетін күн де алыс емес шығар. Әзірге, барға қанағат. Орталық Комитет Сізге сенім көрсетіп отыр. Қазақ КСР Халық Комиссариаты төрағасының орынбасарлығынаұсынады. Одаққа бағынышта өнеркәсіп орындарының жұмысымен шұғылданатын боласыз. Сондықтан БК (б) П Орталық Комитетіне бекітілуге бару үшін, шұғыл Мәскеуде жүріп кетуге тура келеді, дейді.
Бірақ дәл сол кездегі қиын-қыстау кезде Лениногроды тастап кету Д.А. Қонаев үшін аса ауырға соғады. Орталық Комитеттің шешімін екі етуге болмайтындығын түсініп, Халық Комиссарлар Кеңесінде, кейін Орталық Комитетте қызмет атқарады. Қызмет бабымен Лениногорға да жиі ат ізін салып отырды. Қаланың әрбір жаңалығына қызыға қарап, зәру істерін шешуге аянбай күш жұмсайды. Кейін 1959 ж лениногоролықтар Д.А. Қонаевты республика Жоғарғы кеңесіне депутат етіп сайлайды. Осылайша өр Алтай өңірі Д.А. Қонаев үшін ең ыстық жерұйыққа айналады.
1949 жылы ақпан айының соңынан қарай өткен IV съезде Д.А.Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі болып сайланады. Осы жылы Орталық Комитет Д.А.Қонаевты Семей облысына а стық дайындау жөнінде өкіл етіп жібереді.
КОКП XXIII съезінде Д.А.Қонаев Орталық Комитеттің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат болып сайланады.
Қаңтар айының 24-27-і күндері Қазақстан Компартиясының VIII съезі өтіп, сол съезде Д.А.Қонаев Орталық Комитеттің және бюро мүшесі, партияның XX съезіне делегат боп сайланады.
53.Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері, орталық биліктің оқиғаға берген әділетсіз бағасы.
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.А.Қонаевты орнынан алған кезде айрықша көзге түсті. Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев Қазақстанды 1960 жылғы қаңтардан 1986 жылғы желтоқсан аралығында басқарды. Пленум мәжілісі небары 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Қазақстан Компартиясының 1-ші хатшысы Д.А.Қонаев қызметінен алынып, оның орнына Мәскеу жіберген Г.В. Колбин сайланды. Мұның өзі қайта құру мен демократиядан үлкен үміт күтіп отырған республика халқының, соның ішінде қазақ жастарының наразылығын туғызды. Пленум өткеннен кейін екінші күні Орталық партия комитеті үйі алдындағы алаңға өздерінің пленум шешімімен келіспейтіндігін білдіру үшін жұмысшы және студент жастар, оқушылар, т.б. жиналды. Олардың қолдарында ұстаған ұрандарының арасында «Әр халықтың өз ұлттық көсемі болу керек» деген ұран бар еді. Алаңда болып жатқан жағдай, республика басшыларының, соның ішінде Г.В. Колбиннің ойында қазақ жастарының арасында елдегі социалистік құрылысқа қарсы астыртын әрекет, ұлтшыл ұйым бар деген пайымдау мен арам пиғылды туғызды. Бірақ ондай ұйымның бар-жоқтығы кейін қанша тексерсе де анықталмады. Алаңда жиналған халық пен милиция және әскерлер арасында қақтығысулар болды. Ереуілге қатысушылар таспен, таяқпен қаруланып жазалаушыларға қарсылық көрсетті. 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсандағы бейбіт шеруді тарату мақсатында биліктің жасаған арнайы операциясы «Боран» деп аталды. Мұздай суға тоғыту үшін алаңға әкелінген бірнеше өрт сөндіргіш машиналарды жастар өртеп жіберді. Қақтығысудың барысында Е. Сыпатаев және С. Савицкий деген азаматтар қаза тапты. Үкімет органдары алаңға шығушыларға қарсы күш қолдана бастады. Алматыға басқа жерлерден арнайы әскери бөлімдер әкелінді. Бейбіт шеруді басып-жаншу кезінде тәртіп сақтау органдары заңдылықты өрескел бұзып темір таяқтарды, сапер күректерін, иттерді пайдаланды. Жастарды прокурордың шешімінсіз түрмеде ұстап, партия органдары құқық қорғау органдарына айыптау қорытындыларын тезірек шығару жөнінде қысым жасады. 1987 жылғы шілдеде КОКП Орталық Комитеті «Қазақ республикалық партия ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жұмысы туралы» арнайы қаулы қабылдады. Онда 1986 жылғы желтоқсандағы оқиға Қазақстандағы ұлтшылдықтың көрінісі деп бағаланды.
Қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы бас көтеруінің түрі ұлттық болғанымен мазмұны ұлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға, соның ішінде орыс халқына қарсы бағытталмаған болатын. Бұл ереуіл саяси сипаттағы бейбіт демонстрация еді, мемлекеттік құрылысты құлатуға шақырған жоқты. Бірақ республиканың және орталықтың партиялық-бюрократиялық құрылымы тарапынан ол экстремистік (Экстремист - шектен шыққан көзқарасты жақтаушы) пиғылдағы ұлтшыл жастар тобының бүлігі деп бағаланды. Өмір сүріп тұрған жүйе оны «Қазақ ұлтшылдығы» деп айыптауға дейін барды.
Желтоқсан көтерілісі бойынша тергеу барысында 99 адам сотталды, 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан шығарылды. 1164 комсомол мүшесіне, 210 партия мүшесіне әртүрлі жаза берілді, 52 адам КОКП қатарынан шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінен 309 адам жұмыстан босатылды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды. Желтоқсан құрбаны – Қайрат Рысқұлбеков – Алматы архитектура құрылыс институтының студенті. 1988 жылы КСРО Жоғары Кеңесі оған берілген ату жазасын 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырды. Қ.Рысқұлбеков қазақ тарихында желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін өлім жазасына кесілген қайсарлы жас, әрі ақын ретінде қалды. 1988 жылғы мамырда қайтыс болды. 1996 жылғы 9 желтоқсан – «Халық қаһарманы» атағы берілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет