1. Ясауидің әкесі Ибраһим шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз


Болат хан Тәуке хан ұлы баяндаңыз



бет22/47
Дата12.04.2023
өлшемі181.56 Kb.
#472102
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   47
Suraktar-2023 2

54. Болат хан Тәуке хан ұлы баяндаңыз
Болаттың туылған жылы белгісіз, шамамен 1723/24 жылы қайтыс болған. Билік құрған жылдары шамамен 1712–1723/24 жылдар арасы. Тарихи деректерде есімі Булат, Полат, Пулад, Пулат (Ерофеева, 2001: 76) үлгілерінде кездеседі. Болат Жәнібектің ұлы Жәдіктен тарайтын қазақ хандарының әулетіне жатады. Тәуке ханның ұлы, Жәңгір ханның немересі. Болат хандық билікті мұрагерлік жолмен өз әкесінен иеленді. Оның билігі Орта жүзге қарасты кейбір руларға: арғын, қыпшақ, уақ және наймандардың ішіндегі кейбір руларға жүрді. Тарихи деректерде Болат ханның нақты қай руларға және Қазақстанның қай аймақтарында билік еткені туралы мәліметтер кездеспейді. Тарихи деректерде оның ұрпақтарынан тек Әбіл сұлтан (Әбілмәмбет) ғана (1739 жылдан бастап хан атанған) белгілі (Ерофеева, 1997: 76, 111). Тәуке хан 1715 жылы дүние салып, Қайып хан аға хан мәртебесіне көтерілгеннен кейін, шамамен «Ақтабан шұбырынды…» басталған жылға дейін, Орта жүз аумағында Тәукеұлы Болат хан, одан оның інісі Сәмеке хан билік жүргізген. Болат хан Аңырақай шайқасы кезінде, яғни 1729–1730 жылдардың бірінде өмірден өтті.
Сәмеке хан Тәуке хан ұлы баяндаңыз
Сәмеке хан (туған жылы белгісіз – 1738 жыл) – Орта жүз хандарының бірі. Тәуке ханның баласы, Салқам Жәңгір ханның немересі. Оның билігі Ақтабан шұбырынды оқиғасынан кейінгі жылдары жүзеге асты. Ордасы Түркістан қаласында болды. Орыс деректерінде Шахмухаммед, Шамака, Шемахи, Шемяка, Шахмахмет деген аттарымен белгілі (Ерофеева, 1997: 77). Сәмеке хан наймандар мен қыпшақтардың кейбір руларына және арғындардың бір бөлігіне иелік етті. Ол ішкі саясатта орта жүзді біріктіруге күш салды. Сыртқы саясатта жоңғарлар мен Орта Азия хандықтарының басқыншылық әрекеттеріне қарулы қарсылық көрсетуімен белгілі болды. Сәмеке хан Әбілқайыр ханмен күш біріктіріп, қазақ жерін қалмақтардан босату мақсатында 1723 және 1726 жылдары Еділ бойындағы Кіші қалмақ ордасына 2 дүркін жорық жасады. Сыртқы және ішкі жаулармен күресте күшті көршісі Ресейге арқа сүйеуге тырысты. 1731 жылдың 15 желтоқсанында А. Тевкелевпен бірге Ресеймен арадағы қатынасқа байланысты келіссөз жүргізді. 1730 жылы Әбілқайыр ханның Уфаға жазған хатында Түркістан қаласын Сәмеке иеленіп отыр деп көрсетілген (История Казахстана в русских источниках, 2005: 369). Сәмеке хан жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қазақ халқының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін оятқан, әскери біліктілігімен танылған тұлға ретінде аты тарихта қалды Түркістан қаласында хижра жыл санауы бойынша 1228 жылы, яғни біздің қазіргі санауымызша шамамен 1813 жылы Абд Рахим Узканди жазған «Шыңғысхан рисолясы» атты қолжазбасының мәліметі бойынша: «Жахангир хан, Тауаккал Мұхаммад Бахадур хан, Шах Мұхаммад Бахадур хан Түркістанда йатқан», яғни «Жәңгір хан, Тәуеккел Мұхаммет бахадүр хан, Шах Мұхаммет (Сәмеке) бахадүр хан Түркістанда жатыр». Яғни, бұл дерек Сәмеке ханның Түркістанда жерленгенін көрсетеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет