1. Ясауидің әкесі Ибраһим шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз


Ясауидің ұлы Ибраһим шайықтың өмірден өтуі



бет6/47
Дата12.04.2023
өлшемі181.56 Kb.
#472102
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Suraktar-2023 2

18. Ясауидің ұлы Ибраһим шайықтың өмірден өтуі
Ұлы Ташкент маңында жерленген, екіншісі ел әңгімесі бойынша Түркістанда суға таласып сарттар қастықпен өлтірген делінеді.
19. Гауһар ана ғұмырнамасы мен кесенесі туралы баяндаңыз
Ақылына көркі сай деп аңыз әңгімелерге арқау болған, Қожа Ахмет Ясауидің қызы – Гауһар ана жайлы, оның Түркістан қаласындағы кесенесі туралы «Көне дүние күмбірі» айдарында.
Гауhар ана кесенесі (ХІІ-ХІV ғғ.) Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай 4 шақырым жерде, Түркістан – Шәуілдір автокөлік жолынан солға қарай 400-500 метр қашықтықта орналасқан.
Гауһар ана – ұлы ақын, ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің қызы. Гауһар ана жайлы аңыз-әңгімелерге сүйенсек, ол емшілік қасиеті ерекше жан болған деседі. Әлі күнге дейін ана кесенесінің маңында емдік қасиеттері бар артезиан суы шығатын құдықтар көптеп кездеседі. Деректерде анамыздың ақылы көркіне сай ерекше жан болғандығы айтылады. Гауһар ананың қашан қайтыс болғаны жөнінде мәлімет жоқ, тек 1122-1124 жылдары туып, шамамен 1187-97 жылдары дүниеден озған деген жорамал бар.
20. Рабия Сұлтан Бегім және оның кесенесінің тарихы?
Рәбия сұлтан бегім (шамамен 1430 — 1495 жылдары өмір сүрген) —Әмір Темірдың әулетінен, Ұлықбектің қызы, Әбілхайырдың әйелі. Самарқан қаласында өсіп, жан-жақты білім алған. Рәбия сұлтан бегім өте қу, айлакер және сұлу әйел болған десе еді. Оған небір атақты батырлар, билер ғашық болған. Өз жерінің кегін алу үшін ол билер мен батырларды бір- біріне қарсы тұрғызған. Атақты Қобыланды батыр Рәбия сұлтан бегімге қол жеткізу үшін Ақжол биді өлтіргені жайлы мәліметтер бар. Қобыланды батыр сол кезде Әбілхайырдың қол астында болатын. Сондықтан Ақжол бидің әкесі Қотан тайшы Ақ Орда ханы Әбілхайырдан бөлініп шығып, арғын тайпасын алып, Керей мен Жәнібек сұлтандарға қосыла Жетісуға көшіп кетуiне осы оқиға себеп болған.
Өзі дүние салған соң, хан сарайы мен баласы Сүйінішхан анасына арнап, күмбез салдырады. Күмбезді 1895 жылы Ресей әскерлері «ескі, бір күні кұлап қалуы мумкін деген» сылтаумен кираткан. Қазіргі күмбезі жаңартылып салынған. Рәбия сұлтан бегім кесенесі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің Оңтүстік-шығысында 60 м жерде орнасалқан. Оның басына сегізбұрышты құлыптас қайылған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет