«Ғаршы» тірек сөзі хикметте неше жерде кездеседі және хикметтен үзінді келтіріңіз
4 рет (Салауат, Жасыл құс, Хақ шарабын ішкен жандар, Ақыр заман шайқылары)
1.Ғаршы, Күрсі базарын иеленген Мұхаммет,
Сегіз бейіш төріне Кие берген Мұхаммет.
Міскін Ахмет құлына мұра қылған Мұхаммет,
Жетімдерге жүрегін шыра қылған Мұхаммет.
2.«Лә иләһа илл-Алла» – тағаты бар
Құл аузынан жасыл құс шығады ұшып.
Дүр жақұттан тоқылған қанаты бар,
Қарсы алады ғаршылар құрақ ұшып.
3.Рух құсын тұтқанға – бал, інжір берем,
Самғай шарлап ғаршыларға өтер, достар.
Тынбай дәйім зікір айтар құлмын деген,
Зарын қылар ғашық отта күлмін деген.
4.Құл Қожа Ахмет, имансыздар жанын езер,
Хақ дидары нәсіп емес қаныпезер.
Ғаршы-Күрсі, Лаухы-Кәләм – бәрі безер,
Кәпірлерге дозақ есік ашар, достар.
Достарыңызбен бөлісу: |