Тақырыбы: Тұқымның өнгіштігін анықтау. Тұқымдарды өсіруге арналған аппарат қондырғысы, жұмыс режимі.
Мақсаты: Тұқым өнгіштігін анықтау
1-тапсырма:
Зертханалық ортада тұқым өнгіштігін анықтайтын аппарат көмегімен қарағай, шырша, балқарағай, майқарағай өнгіштігін анықтап, микроскоппен бақылап, қорытынды жасаңыз.
Бақылау сұрақтары:
Құрғақ жемістерінің тұқымдарын шығарып алу тәсілдері
Шырынды жемістерінің тұқымдарын шығарып алу тәсілдері
Жиде, қарағай, алма, қайың, емен тұқымдарының шығымы қандай?
№ 9. зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Зертханалық тұқым өнгіштікті есептеу. Өсіру қуатын анықтау
Мақсаты: Тұқым өнгіштігін және өсіру қуатын анықтау
Тапсырма:
Тұқымдарды өсіру аппаратында 2 апта бойы стандартқа сәйкес белгілі мерзімде өскіндерін есепке алып бақылау жүргізу.
Олардың өсу қуатын анықтау.
Тұқым өнгіштігі деп тұқымдардың мұрттанып, өніп (көгеріп), жетілген өскіндер беру қабілетін айтамыз.
Тұқым өнгіштігін бақылауға алынған тұқымдардың жалпы саны бойынша, олардың өну мөлшеріне қарай процентпен есптелінеді.
Тұқымның өсу қуаты деп – тұқымдардың кесілген мерзімде тез және біркелкі өсіп шығу қабілетін айтамыз. Тұқым өнгіштігін анықтау шарттары 5 – кестеде келтірілген.
Орман тұқымдарын көгертіп -өсіруге арналған аппараттар
Тұқымдарды жарықта, тұрақты суландырып, көгертіп - өндіруге. Копенгаген және Любенберг аппараттары мен Огиевский құралы қолданылады.
Төменде бізде бар аппараттың сипаттамасын келтіре кеткенді жөн көрдік. Копенгаген аппараты – металлдан жасалған, екі түбі бар, ағаш жәшікке орнатылған ванна. Үстіне цинктелген темір немесе тот баспайтын құрыштан істелген подностар қойылады.Әр подноста арнайы 24 біркелкі орналасқан тесіктер бар.
Ваннаға подностан 3-4 см төмен су құйылады, оның жылытуы электр тоғымен жүргізіледі. Ваннаны, подносты пайданалар алдында металлдан жасалған щеткалармен ысып, жуады, содан кейін қайнаған ыстық сумен шайып тастайды.
Подностағы тесіктердің бетіне білтелерін суға малып жұмсақ мақтадан істелген дөңгелек төсеніштер, ал олардың үстіне фильтрлі қағаздар қойылады.Осы дөгелек қағаздардың бетіне тұқымдарды орналастырып, беттерін, үстінде ауа өткізетін тесіктері бар, қақпақтармен жабады. Аппараттағы су күніне 6 сағат бойы 20 градустан 30 градусқа дейін жылытылады және әр 7 күн сайын ауыстырылып тұрады.
Жұмыстың орындау тәртібі
Алдыңғы зертханалық жұмыстағы таза тұқымдарды араластырып, өнгіштігін анықтауға талғап іріктемей сынама аламыз (оның саны тұқым түріне байланысты 5-кестеде келтірілген).
Әр сынамадан 100 тұқым алынады.Тұқымдар мен қолданылатын құрал саймандарды неғұрлым таза, стерильді жағдайда жүргізуге тырысу қажет.Ол үшін құрама тақтасын, пинцеттерді спиртпен сүртеді, мата төсеніштер мен фильтрлі қағаздарды 1-2 минут қайнап тұрған ыстық суда ұстайды,ал тұқымдарды ұсақ торлы елеушке салып ағын суға біраз ұстап, тазалайды. Жұмыс барысында тұқым мен төсеніштерді қолмен ұстамаған жөн. Тұқымдарды фильтрлі қағаздарға пинцет арқылы төмен көрсетілгендей етіп қояды:
оооооо 6
оооооооо 8
оооооооооо 10
оооооооооооо 12
оооооооооооооо 14
оооооооооооооо 14
оооооооооооо 12
оооооооооо 10
оооооооо 8
оооооо 6
100 дана
Бұл келтірілгендей болмаса, тұқым қойылатын қағазды қарындашпен тең 4 бөлікке сызып, әр қайсысына 25 тұқымнан (6,5,4,3,2) пинцетпен қоюға болады.Тұқымдар бір-біріне жанаспай жатуй шарт.Тұқым қойылған фильтрлі қағаздар аппараттағы төсеніштерге де пинцет арқылы қойылады.
Тұқымдарды өсіру кезінде төменгі шарттарды орындаған жөн:
1) күн сайын 6 сағат бойы төсеніш температурасын біртіндеп 20 градустан 30 градусқа жеткізу керек. Ол үшін аппараттардағы судың температурасын 24 градустан 36 градусқа жылытамыз. Тәуліктің қалған уақытында төсеніш температурасы 20 градус деңгейінде болуы керек.
2) төсеніш ылғалдылығы бір деңгейде болуы қажет, өте кеуіп кетпей не тым суланып кетпей;
3) тұқымдар мен төсеніштерде көгерген өңез пайда бола бастаса, оларды таза алынады:
а) әр күн сайын - өсіру мерзімі 5 күнге дейінгі тұқымдарға (бұтақты қарағаш,тал,терек,сексеуіл);
б) өсіру мерзімі 7 ағын сумен әбден жуамыз, кейде фильтрлі қағаздар мен мата төсеніштерін жаңалап, ауыстырамыз;
4) тұқым өсірілетін бөлме температурасы 15 градустан төмен болмауы керек.
Тұқымдарды төсенішке орналастырғаннан кейінгі, келесі күн тұқымның өсіп-өнуінің бастапқы күні деп есептелінеді.
Тұқымдарды өсіру кезіндегі бақылаулар әр жүздік бойынша жеке есепке алынады:
а) әр күн сайын - өсіру мерзімі 5 күнге дейінгі тұқымдарға (бұтақты қарағаш, тал, терек, сексеуіл );
б) өсіру мерзімі 7 күн тұқымдарына – 2,3,5,7 күндері (кәдімгі гледичия,ақ қараған,т.б.);
в) 3,5,7,10 және 15 күндері (кәдімгі қарағай, кәдімгі шырша, қотыр қайың, т.б.);
г) 5,7,10, ал ары қарай әр 5 күнде - өсіру мерзімі 20-25 күн тұқымдарына (емен,каштан,жаңғақ,тұт,т.б.);
д) 7,10 – күндері, ары қарай әр 5 күн сайын - өсіру мерзімі 30-40 күн тұқымдарына (үшқат,шырғанақ, т.б.).
Жақсы өскен тұқымдар санына тамыршаларының ұзындығы тұқымның ұзындығынан кем еместерін жатқызамыз.Ал тұқымдары өте ірі түрлердің (емен,пісте,т.б.) тамыршаларының ұзындығы тұқым ұзындығының жартысынан кем болмағандарын есепке аламыз.
Бақылау күндерінде жақсы дамыған тұқымдарды және шіріп кеткендерін әр жүздік бойынша талдау карточкасына есепке алып,төсеніштен алып тастаймыз.
Бұдан кейін төсеніштерде қалған тұқымдарды санап, олардың сандарын да талдау қағазына жазамыз; бөлшектің алымына өскен тұқымдар санын, ал бөліміне - өспегендерін көрсетеміз.
Ең соңғы есеп жасайтын күні өспей қалған тұқымдарды төсеніштен алып,ұзынынан скальпельмен кесіп,әр жүздік бойынша:сау, дұрыс өспеген, қатты, шіріп кеткендері, жарнақсыздары, бос дәнділері, энтомологиялық зиянкестермен зақымданғандары – деп бөліп талдау қағазына сандарын жазамыз. Өсіру нәтижелері бойынша тұқым өнгіштігін, өсу қуатын әр сынамаға орташа арифметикалық мәнін есептеп процентпен бүтін дәлдікпен көрсетеміз.
Тұқым өнгіштігін апнықтауда әр сынаманың нәтижелерінің айырмашылығы 6 – кестеде келтірілген ауытқу мүмкіндіктен аспауы керек. Ауытқу мөлшерін әр 4 сынама тұқым жүздігі бойынша есептелінеді.Ол үшін тұқымдардың әр 100 сынамасы бойынша орташа арифметикалық мәнімен салыстырамыз. Егер бір жүздік тұқым көрсеткіші берілген ауытқудан асып кетсе, оның көрсеткішін есепке алмамырмыз; ал өсу қуаты мен тұқым өнгіштігін қалған 3 сынама бойынша анықтаймыз.Егер ауытқу көрсеткіштері 2 сынама бойынша келтірілген ауытқу мөлшерден артық болып кетьсе, талдау дұрыс жүргізілмеді деп санаймыз.Мұндай жағдайда тәжірибе жұмысы қайталанып,жаңадан өткізіледі.
Құрал –саймандар мен материалдар:
1) Сұрыпталған таза тұқым;
2) Құрама тақтасы;
3) Дайындалған Копенгаген аппараты;
4) Білтелерімен тігулі мата төсеніштері;
5) Дөңгелек фильтрлі қағаздар;
6) Пинцеттер;
7) Скальпельдер.
Бақылау сұрақтары:
Тұқым өнгіштігі дегеніміз не?
Тұқымның өсу қуаты дегеніміз не?
Тұқым өнгіштігін анықтаудың маңызы қандай?
Кәдімгі қарағайдың тұқымдарын бақылау күндері қандай, өсу қуатын және өнгіштігін неше күнде анықтайды?
Кәдімгі қармала көктету алдындағы дайындығы қандай?
Кәдімгі шегіршін көктету алдындағы дайындығы қандай?
№ 10 зертханалық жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |