1. Зертханалық жұмыс Тақырыбы


Өлшеме алудың қанша әдісі бар?



бет7/15
Дата22.03.2024
өлшемі312.83 Kb.
#496304
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Зертханалық сабақтар

Өлшеме алудың қанша әдісі бар?

  • МЕСТ 13056.1-67 не жайлы?

    5. Зертханалық жұмыс
    Тақырыбы: Тұқым тазалығын анықтау: өлшеме бөліп алу, оларды іріктеу, жекелеген фракцияларды есептеу. Екі өлшемеден тұқым тазалығын салыстыру.
    Мақсаты: Тұқым қабылдау шарттарын үйрену
    1-тапсырма:
    Тұқым тазалығы деп, зерттелетін тұқым түрі партиясының тек таза тұқымдар құрамын айтамыз.Оны таза тұқымдар салмағының өлшеме салмағына қатынасы арқылы анықтаймыз.
    Тұқым тазалығы МСТ 13056.2-67 бойынша тексеріледі.Тексеру мынадай жолмен іске асырылады. Қарастырылатын өлшеме тұқымдарын сұрыптау тақтаға төгеміз де, шпатель қалақша көмегімен 3 топқа: таза тұқымдар, тұқым қалдықтары және қоспаларға бөлеміз.
    1. Таза тұқымдарға жататындар:
    а) бүтін, жақсы дамығандары, өң-түстері ескерілмейді;
    б) өне бастамағандары, бірақ мұрттары қабығын тескенмен әлі өсіп үлгермеген;
    в) қабығы шытынаған сау тұқымдар;
    г) үйеңкі, шаған, қараған тұқымдарының қанат сынықтары, сол сияқты қылқан жапырақты ағаштардың тұқымдары қанат қалдықтарымен бірге.
    2. Тұқым қалдықтары фракциясына жататындар:
    а) мұрт жарып, өніп кеткен тұқымдар (тек емен жаңғағы емес);
    б) өте ұсақ тұқымдар,ұзындығы мен көлденеңі орташалардың жартысына да жетпейді;
    в) дәні жоқ бос және қабысып қалған тұқымдар;
    г) езіліп, кесіліп, немесе дән ұрықтары жартылай ашылып кеткендері және мүлдем қабықсыз қалғандары;
    д) анық шіріген тұқымдар;
    е) ауруға шалдыққандары;
    ж) энтомозиянкестермен бүлінгендер;
    з) кеміргіштерден бүлінген тұқымдар.
    3.Қоспаларға келесі фракциялар жатады:
    а) арамшөп өсімдіктер мен ауылшаруашылық дақылдарының тұқымдары;
    б) басқа ағаш пен бұта түрлерінің тұқымдары;
    в) тұқым зиянкестері және олардың личинкалары мен қуыршақтары;
    е) топырақ түйірлері, ұсақ тастар, құм, жәндіктер менкеміргіштердің нәжістері, тұқым сынықтары, жапырақтар, қабық сынықтары, қабыршықтар, өлген зиянкестер, тағы басқа да қосындылар
    Егер іс жүзіндегі ауытқулар келтірілген шектеп аспаған жағдайда, олардың салмағы таза тұқымдар салмағына қосылады. Ауытқу көрсетілген шектен асып кетсе, онда орташа үлгіден жаңа өлшеме алынып, оның талдауы
    қайталанады.
    Таза тұқымдардың және қалдықтар мен қоспалардың абсолюттік салмағынан басқа олардың проценттік мағыналары да есептелінеді. Есептеу дәлдігі 0,1% дейін, өлшеме салмағы 100% тең деп алынады.
    Таза тұқымдар бұдан кеінгі тұқым сапасын анықтайтын зертханалық жұмыстарға қажет.

    Кесте 4 - Тұқым тазалығын таразылаудағы ауытқу шегі (г)



    Өлшеме салмағы, г

    Ауытқу шегі, г

    5 г дейін

    0,02 г дейін

    10 г дейін

    0,05 г дейін

    50 г дейін

    0,10 г дейін

    150 г дейін

    0,5 г дейін

    300 г дейін

    1,0 г дейін

    1000 г дейін

    5,0 г дейін

    1000 г дейін

    10,0 г дейін

    Жұмыстың орындау тәртібі
    1. Студенттер орташа тұқым үлгілерін алғаннан кейін, оларды алдымен тұқым- бақылау станциясының кітабына тіркейді, сосын талдау қағазының бірінші бетін толтырады.
    2. Орташа үлгінің тұқымдары аныктап қаралынады, керек болған жағдайда оның ірі қоспалары бөлек алынады.
    3. Жоғарыда көрсетілген тәсілдердің бірін қолданып қажетті салмақтағы өлшеме бөліп алу.
    4. Өлшемеден таза тұқымдарды, тұқым қалдықтарын және фракциялары бойынша бөліп, таразылап өлшеу.Жасалынған талдаудың дұрыстығын тексеру. Талдау нәтижелерін карточкаға жазу.
    5. Бөлініп алынған таза тұқымдар бөлек бір пакетке салынады, оған, тұқым үлгісінің нөмірі жазылады. Тұқым қалдықтары мен қосындылар жалпы қоқыс ыдысына тасталынады.
    Құралдар мен материалдар:
    - Таразы
    - Қалақша (шпатель) немесе ланцет
    - Сұрыптау тақтасы
    - Талдау карточкасы
    - Орташа тұқым үлгісі
    - Зертханалық күрекше (совок)
    - Қоқыс салатын ыдыс.
    Бақылау сұрақтары:

    1. Өлшеме дегеніміз не?

    2. Тұқым тазалығын анықтағандай қандай топтарға бөледі?

    3. Таза тұқымдарға қандай тұқымдар жатады?

    4. Тұқым қалдықтары фракциясын қандай тұқымдар кіреді?

    Қоспаларға кіретіндерді атаңыз
    Салмағы:
    Өлшеудегі нақты салмағы :
    Таза тұқым салмағы:
    Зерттелетін тұқым қалдығы:
    Жарамды тұқымдар:
    Жарамсыз тұқымдар:
    Жіберілетін ауытқушылық:
    Нақты ауытқушылық:


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет