1. Зияты бұзылған балалармен логопедиялық жұмысты ұйымдастыру


Сөз қорын дамыту бойынша жүргізілетін логопедиялық жұмыс



бет3/5
Дата17.03.2022
өлшемі68.04 Kb.
#456377
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Сөз қорын дамыту бойынша жүргізілетін логопедиялық жұмыс.
Түзете ықпал ету процесінде сөз қорын молайтуға, сөздердің мәнін анықтауға, сөздердің семантикасын дамытуға, лексикалық жүйелілік пен семантика жағын қалыптастыруға арналған жұмыс жүргізіледі.
Аса назарды предикативті сөздік, етістіктер мен сын есімдерге аудару қажет. Көмекші мектептін бастауыш сыныптарында жұмыс сөз қорын молайтудан басталады. Онда жиі қолданатын етістіктерді көбейту мақсатында ойындар ұйымдастырылады: «Кім (не) қалай қозғалады?», «Кім (не) қалай дауыстайды?», «Кім (не) қалай тамақтанады?», «Кім (не қандай дыбыстар шығарады)?», «Кім (не) не істейді?» т.б.
Сөйлеу тілінің грамматикалық жағын және байланыстырып сөйлеуін дамытуға арналған логопедиялық жұмыс
Септік формалар бойынша логопедиялық жұмыстың кезектілігі мынандай:
- атау септіктің жекеше және көпше түрін ажырату;
- басқа септіктердің жекеше формалары;
- септіктердің көпше түрлері.
Зияты бұзылған балаларда сөзжасам формасын қалыптастыру жұмысы ең күрделі болып табылады. Жұрнақтарды қосып сөзжасауға үйрету қажет.
Сөйлем бойынша жұмыстың кезектілігі мынандай болуы мүмкін: жай сөйлемдер, жайылма сөйлемдер, күрделі сөйлемдер.
Байланыстырып сөйлеуін дамыту бойынша жұмыс диалогтық және ситуативті (жағдайға сай) сөйлеу тілі материалында, кейіннен контекстті, монологтық материалда жүргізіледі. Байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру, талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, әсіресе ішкі бағдарламалау операцияларын талдаумен тығыз байланысты болу керек.
Логопед мұғалімдерге, тәрбиеші, ата-аналарға арнап сұқбаттасу, семинар, кеңестер ұйымдастырып, ғылыми әдістемелік әдебиет жаңалықтарымен таныстырады. Логопедтің құжаттары: жылдық жоспар, мектеп бойынша сөйлеу тілі бұзылыстары бар балаларды тіркеу журналы, оқушылардың логопедиялық сабақтарға қатысу журналы, сөйлеу карталары, жұмыстың перспективті (алдын ала) және сабақ жоспарлары, жұмыстың жылдық есебі.


2. Зияты закымдалган балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері.

Зиятының ауытқуы бар балалардың сөйлеу тілі бұзылыстары жүйелік


сипатқа ие. Ондай балалардың сөйлеу тіл әрекетінің барлық операциялары әр
деңгейде қалыптаспаған болып келеді: мотивациясының әлсіздігі, сөз арқылы
қатынас жасау қажеттілігі төмен, сөйлеу бағдарламасын іске асыруының
бұзылыстары байқалады. Бұл мәселелерді зерттеген ғалымдардың
нәтижелеріне сүйенсек, көмекші мектептің бастауыш сыныптарында аса
күрделі кемістіктер балалардың 40-60%-да байқалады. Ақыл ойы кем
оқушылардың сөйлеу тіл ерекшеліктерін талдай келе, В. Г. Петрова сөйлеу
тілі кемістігіне әкеп соғатын көптеген факторларды, оның ішінде негізгісі –
таным әрекетінің дамымауын атады.
Бұл балалардың қоршаған орта туралы түсініктері шектелеген,
вербальді қатынастардың әлсіздігі, қызығушылығы жетілмеген, оның
салдарынан осы категориядағы балалардың сөйлеу тіл дамуы аномальді және
баяу болады.
Зиятының ауытқуы бар балалардың сөйлеу тілі бұзылыстары
белгілері, механизмі бойынша әр түрлі болып келеді де тұрақтылығымен
ерекшеленеді, түзетуі қиындатылған және талдауда дифференциалды
көзқарасты талап етеді.
С. Я. Рубинштейіннің пікірі бойынша, зиятының бұзылыстары бар
балалардың сөйлеу тілі бұзылыстарының негізгі себептері – бас ми қабығының
тұйықтауыш функциясының әлсіздігі, барлық анализаторлардағы жаңа
дифференциалды байланыстардың баяу дамуы.
Сөйлеу-есту анализаторларының саласындағы дамып келе жатқан
дифференциалды шартты байланыстардың себебінен бала сөйлеу тілі
дыбыстарын көп уақытқа дейін ажырата алмайды, естіген сөйлеу тілін оның
және дәл қолдануы әлсіз. Аналитикалық-синтетикалық әрекеттің төмендігі
фонематикалық қабылдаудың бұзылысында байқалады.
Зиятының бұзылыстары бар балалардың сөйлеу тілінің дыбыс айту
ақаулықтары жиі таралған. Сөйлеу тілінің фонетикалық жағынын
бұзылыстарының негізінде төмендегідей себептер жатыр: танымдық әрекетінің
жетілмеуі, сөйлеу-есту дифференциясының қалыптаспауы, жалпы және сөйлеу
тіл моторикасының әлсіздігі.
Сөйлеу тілінің дыбыстық жағының кемістіктеріне әсер ететін
факторлардың ішінде – сөйлеу тілі кеш дамып бастағаны жатыр. Тіл шыққанға
дейінгі вокализация кезеңдегі кешеуілдеу байқалады. Егер қалыпты жағдайда
шыққан былдыр баланың 5-6 айында пайда болса, көп балаларда 12 айда,
немесе одан да кеш пайда болады. Алғашқы сөздері айтарлықтай кешеуілдеп
шығады (2,5 жаста, кейде одан да кеш), фразалық сөйлеу тілі де кеш пайда
болады.
3. Сөз қорын дамыту бойынша жүргізілетін логопедиялық жұмыс.
Түзете ықпал ету процесінде сөз қорын молайтуға, сөздердің мәнін анықтауға, сөздердің семантикасын дамытуға, лексикалық жүйелілік пен семантика жағын қалыптастыруға арналған жұмыс жүргізіледі.
Аса назарды предикативті сөздік, етістіктер мен сын есімдерге аудару қажет. Көмекші мектептін бастауыш сыныптарында жұмыс сөз қорын молайтудан басталады. Онда жиі қолданатын етістіктерді көбейту мақсатында ойындар ұйымдастырылады: «Кім (не) қалай қозғалады?», «Кім (не) қалай дауыстайды?», «Кім (не) қалай тамақтанады?», «Кім (не қандай дыбыстар шығарады)?», «Кім (не) не істейді?» т.б.
Сөйлеу тілінің грамматикалық жағын және байланыстырып сөйлеуін дамытуға арналған логопедиялық жұмыс
Септік формалар бойынша логопедиялық жұмыстың кезектілігі мынандай:
- атау септіктің жекеше және көпше түрін ажырату;
- басқа септіктердің жекеше формалары;
- септіктердің көпше түрлері.
Зияты бұзылған балаларда сөзжасам формасын қалыптастыру жұмысы ең күрделі болып табылады. Жұрнақтарды қосып сөзжасауға үйрету қажет.
Сөйлем бойынша жұмыстың кезектілігі мынандай болуы мүмкін: жай сөйлемдер, жайылма сөйлемдер, күрделі сөйлемдер.
Байланыстырып сөйлеуін дамыту бойынша жұмыс диалогтық және ситуативті (жағдайға сай) сөйлеу тілі материалында, кейіннен контекстті, монологтық материалда жүргізіледі. Байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру, талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, әсіресе ішкі бағдарламалау операцияларын талдаумен тығыз байланысты болу керек.
Логопед мұғалімдерге, тәрбиеші, ата-аналарға арнап сұқбаттасу, семинар, кеңестер ұйымдастырып, ғылыми әдістемелік әдебиет жаңалықтарымен таныстырады. Логопедтің құжаттары: жылдық жоспар, мектеп бойынша сөйлеу тілі бұзылыстары бар балаларды тіркеу журналы, оқушылардың логопедиялық сабақтарға қатысу журналы, сөйлеу карталары, жұмыстың перспективті (алдын ала) және сабақ жоспарлары, жұмыстың жылдық есебі.
4 . Логопедиялық құжаттар
Логопедиялық құжаттар және оны жүргізу Логопедиялық пунктте логопед-мұғаліммен өткізілетін түзету-дамыту үрдісін белгілеу үшін келесі құжаттар жүргізілуі керек: Логопедиялық пунктте қабылданған оқушылардың логопедиялық сабақтарға қатысуын тіркейтін журнал. 2. Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін зерттеу журналы. 3. Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін зерттеудің жалпы сөйлеу картасы . 4. Оқу жылына арналған әдістемелік жұмыстың жалпы жоспары. 5. Жұмыстың тақырыптық жоспары (оқу жылына оқушылардың әр тобына). 6. Жұмыстың күнделікті жоспар-конспектілері ( оқушылардың әр тобына). 7. Оқушылардың жұмыс дәптері. 8. Дыбысты айтуды түзету бойынша жеке сабақтарға арналған дәптер- күнделіктер ( оқушыларда болады). 9. Директормен бекітілген логопедиялық сабақтар кестесі. 10. Логопедиялық кабинеттің төлқұжаты. 11. Өткізілген жұмыс жайлы есеп. 12. Нормативтік құжаттар және ақпараттық – әдістемелік хаттар, ұсыныстар. 13. Оқу жылының басына “Логопункт жұмысын ұйымдастыру туралы” бұйрық.
5. Психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері.
 ПДТ – психикалық даму қарқынының қалыпты дамуының бұзылысы,оның салдарынан мектеп жасына келген бала мектепке дейінгі жастағы шеңберде, ойынға қызығушылықта қалуын айтады. Психикалық дамудың тежелуінің клиникалық алуандылығы және болжамының біркелкі еместігі байқалады. ПДТ балалардың көбіне сөйлеу тілінің ерекшеліктері тән. Сөйлеу тілі бұзылыстары барлық компоненттерде (дыбыс жағы, лексикалық, сөйлеу тілінің грамматикалық жағы) кездеседі. Е. В. Мальцеваның деректері бойынша тіл дыбыстарын айту кемістіктері ПДТ төменгі сынып оқушыларының 30 % байқалады, ол сөйлеу тілі бұзылыстары бар ПДТ балалардың 76% құрайды. Артикуляциясы бойынша күрделі дыбыстар жиі бұзылады: ысқырық, ызың, сонор (р,л). Дыбыс айту бұзылыстарының ішінде дыбыстарды алмастыру ерекше орынға ие. Өте таралғаны ысқырық және ызың дыбыстарды алмастыру. Бір дыбысты басқамен алмастыру тұрақтылығы байқалады, оның себебі дыбысты есту образы нақты емес, сөйлеу, есту, талдау және жинақтаудың толық қалыптаспауы. Психикалық дамудың тежелуінде сөйлеу тілі бұзылыстарының таралған сипаты «спецификалық ассимиляция»: бала артикуляциясы және дыбысталуы бойынша жуық дыбыстардан құралған сөзді дұрыс айта алмайды. Балалар дыбыстарды естіп ажыратуда қиналады, сөзді қабылдауы және ритмін қайталауы бұзылған. Дыбыстық талдау мен жинақтау бұзылыстары тұрақты болады. Сөздегі дыбыстардың кезектілігін, санын белгілеу, сөздегі дыбыстардың орнын сәйкестендіруде балалар қиындықтарға кездеседі. ПДТ балалардың сөйлеу моторикасы жеткіліксіз, әсіресе тілдің қимылдарында анық көрінеді. Тіл қимылдары нақты емес, балалар берілген қалыпта тілді ұстап тұруда, бір артикуляциялық қалыпта екіншіге ауысуда қиналады. ПДТ балалардың сөздігінің негізгі сипаты, ол оның шектеулігі және нақты еместігі. Сөздігінде көбінесе зат есім, етістіктер бар. Сын есімдерді меңгеруі қиын. Заттарды сипаттағанда ПДТ балалар орта есеппен екі-үш сын есімді қолданады (Е. С. Слепович). Жиі қолданатындары түс, пішін, мөлшерді білдіретін сын есімдер, ал сирек қолданатындары баға беру сипатындағы сын есімдер. Нақты мағынадағы сөздер мен жалпылама сөздер арасындағы байланыстың шектеулілігі білінеді. Сөйлеу тілінің лексикалық жағының ерекшеліктері тілдің антонимдік және синонимдік құралдарының жеткіліксіз қалыптасуында, белсенді сөздіктен енжар сөздігінің аздығы байқалады. Сөз қорын белсенділеу қиындатылған. ПДТ балалардың сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымы да жетілмеген. Балалар септік формаларды шатастырады, оны қолданғанда қателер жібереді, сөйлеу тілінде типтік грамматикалық формалар қолданады.Сөйлеу тілінде сөйлемдердің жай конструкциялары көбірек. Жайылма сөйлемдерді қолданғанда балалар сөздердің орнын бұзып, оған стреотипті, орынсыз сөз тіркестерін қосады. ПДТ балаларда байланыстырып сөйлеуінің логикалық құрылымы бұзылған. Екіншілік бөліктерде тоқталып, маңызды логикалық бөлікті тастап кету, жағдайлардың кезектілігін айту бұзылыстары, бір тақырыптан екіншіге ауысу байқалады. ПДТ балалардың жазуында спецификалық қателер байқалады. Пайда болу себептерін ескеріп оларды топтарға бөлуге болады. Олар дыбыс айту және фонематикалық қабылдаудың қалыптасыпауынан болған қателер; дыбыстық талдаудың дамымауымен байланысты; сөйлеу тілінің лексика – грамматикалық жағының жеткіліксіз дамуымен байланысты; кеңістіктік түсініктерінің жетілмеуі; қолдың моторлық икемсіздігімен байланысты қателер, т.б. ПДТ балалардың сөйлеу тілі дамуының ерекшеліктері бір қалыпты емес: бір балада фонетикалық-фонематикалық бұзылыстар, екіншілерінде лексикалық-грамматикалық бұзылыстар болады. 


6. Психикалық дамуы тежелген балалармен логопедиялық жұмысты
олардың психикалық ерекшеліктері (танымдық іс-әрекеті мен ерік-сезім
аясы) және сөйлеу тілінің дамуының бұзылыстарына тән белгілері
(сөйлеудің іс-әрекетті реттеуінің жеткіліксіздігі, іс-әрекетті вербализациялау
қиындығы, сөйлеудің жоспарлау функциясының қалыптаспауы В. И.
Лубовский, Г. И. Жаренкова) ескеріледі.
ПДТ балалармен түзету-логопедиялық жұмыс кешенді, сонымен қатар
ажырата ықпал ету сипатта жүргізіледі. Ажырата логопедиялық ықпал етуде
баланың клиникалық сипаттамасы, жеке психикалық ерекшеліктері, жұмыс
істеу қабілеті, сөйлеу тілінің бұзылу механизмі және деңгейі ескеріледі.
Түзету жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
— талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау ойлау операцияларын дамыту;
— көріп қабылдауын, талдауын, көріп жадында сақтауын дамыту;
— кеңістікті бағдарлауын қалыптастыру;
— естіп қабылдауын, зейінін, естіп жадында сақтауын дамыту;
— қолдың ұсақ және артикуляциялық моторикасының бұзылуын түзету;
дыбыс айтуының бұзылуын, сөздің дыбыстық-буындық құрамының
бұзылуын түзету;
— сөз қорын дамыту (сөз қорын молайту, сөздің мағынасын анықтау,
лексикалық жүйені қалыптастыру, сөздердің арасындағы байланысты
бекіту):
— тілдің морфологиялық және синтаксистік жүйесін қалыптастыру;
— фонематикалық талдауды, жинақтауды, түсініктерін дамыту;
— сөйлем құрылымын талдауды қалыптастыру;
— сөйлеудің коммуникативтік, танымдық және реттеуші функциясын
дамыту.
Түзету жұмыс барысында әртүрлі тәсілдер мен әдістерді қолдану керек.

7.Мұғалім-логопедтің міндеттері:


1) ауызша және жазбаша сөйлеу қабілетінің кемшіліктерін түзету бойынша
балаларға сабақ жүргізуі және біріншілік кемістікке байланысты үлгермеудің алдын алуға жәрдемдесу;
2) сөйлеу бұзылыстарына байланысты үлгермеушілік мәселелері бойынша
педагогтар мен ата – аналарға ( заңды өкілдерге) нұсқаулар беру;
3) логопедтік пункттерге баратын балалармен жұмыс істейтін
педагогтармен жүйелі түрдегі байланысты жүзеге асыру;
4) мектепке дейінгі мекемелермен, жалпы білім беретін мектептермен ,
сөйлеу тіл кемістіктері бар балаларға арналған мектептермен, логопедтермен, балалар емханаларының дәрігер-мамандарымен, ПМПК, оңалту орталықтарының , психологиялық –педагогикалық түзету кабинеттерінің дәрігер мамандарымен байланысты жүзеге асыру;
5) білім беру саласындағы қызметкерлер, ата –аналар арасында логопедтік
білім жөнінде насихат жүргізу, логопедтік жұмыстың міндеттері, мазмұны, нәтижесі, сөйлеу бұзылыстары бар мектеп оқушыларының үлгермеушілігінің алдын –алу және болдырмау жөніндегі логопедтік түзету жұмысының ерекшелігі туралы баяндамалармен педагогикалық кеңестермен ата-аналар ( заңды өкілдер) жиналыстарында сөз сөйлеуі;
6) мұғалім -логопедтердің, (аудандық, қалалық) әдістемелік
бірлестіктердің жұмысына қатысуы ;
7) білім беру мекемесінің әкімшілігіне жыл сайын логопедтік комек
көрсету жұмысының жылдық есебін құрастыру;
8) өзінің кәсіби біліктілігін арттыру (5жылда бір рет) және педагог
қызметкерлерге арналған тәртіпке сәйкес аттестациядан өтуі;
Мұғалім-логопедтің апталық жүктемесі кеңес жұмыстарына жұмсалған уақытты ескермегенде 18 сағатты құрайды.
Мұғалім-логопедтердіңжұмысына басшылықты және қадағалауды, қарамағындағы логопедтік пункттің білім беру басқармасы, және логопедтік пункт орналасқан мекеменің әкімшілігі жүзеге асырады.
Ауданда, қалада, облыста, бірнеше логопедтік пункт болған жағдайда аудандық (қалалық), облыстық әдістемелік кабинеттерде немесе білім беру қызметкерлерінің білімін жетілдіру институттарында әдістемелік бірлестіктері құрылуы мүмкін.
Мұғалім –логопедтердің әдістемелік бірлестіктеріне басшылық жасау аттестаттаудың қорытындысы бойынша аға мұғалім -әдіскер атағы бар, білім беруді басқару органы тағайындаған аса тәжірибелі мұғалім –логопедтің біріне жүктеледі.
Аудан орталығынан қашықта орналасқан жалпы білім беретін мекемелерде ( шағын жинақталған мектептер) балаларға логопедтік көмекті логопедия бойынша қайта даярлау курсынан өткен мектепке дейінгі мекемелердің педагог – тәрбиешілері мен ана тілі мұғалімдері (бастауыш сыныптардың) жүзеге асыра алады. Бұл ретте логопедтік жұмыс еңбек саласындағы заңнамалық актілерге сәйкес қосымша төлем төлеумен осы Ережеге сәйкес ұйымдастырылады.

8 . Естуі бузылган балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері.


Есту қабілетінің төмендеуі салдарынан сөйлеу тілін қабылдау
қиындатылып, экпрессивті сөйлеу тілі бұзылысына әкеліп соғады. Мұнда
эксперссивті сөйлеу тілі бұзылысының деңгейі әр жағдайда есту қабілетінің
төмендеу деңгейіне, кереңдіктің пайда болу уақытына, баланың даму
жағдайларына, түзету көмегінің жағдайына байланысты.
Есту қабілеті зақымдалған балаларға сөйлеу тілінің барлық
компоненттерінің бұзылуы тән. Кеңінен таралғаны дыбыс айту бұзылыстары.
Мұның ішінде дыбыстардың фонетикалық топтарының көбін қамтыған
полиморфты бұзылыстар жағдайының көптігі. Қабылдайтын дыбыс
жиілігінің диапазонының шектелгендігінен сөйлеу тілі дыбыстарын естіп
ажыратуы бұзылады, сөзік есту анализаторының орталық бөліміндегі
аналитикалық-синтетикалық әрекетінің екіншілік дамымауы байқалады.
Әсіресе ызың және ысқырық дыбыстарын естіп ажырату қиындатылған. Дәл
осы дыбыстар айтылуда да кешігіп ажыратылады.
Дыбыс айтуының қалыптасуы қалыпты жағдайдан айтарлықтай ауытқумен
болады, себебі сөйлеу-есту анализаторының қалыпты еместігі.
Артикуляциясы күрделі дыбыстардың айтылуы мен қатар арткуляциясы
жеңіл дыбыстарда бұзылады.
Есту қабілеті нашар балалардың дыбыс айту бұзылыстарының негізгі
түрлері мынадай болады:
1. Сөйлеу аппаратын сенсорлы бөлімінің жеткіліксіздігі мен күрделенген
дыбыс айту бұзылысының сенсорлы түрлері бүл түрде сөйлеу тілінің бір
дыбыстары басқаларына ауыстырылады. Дыбыстарды бұрамалап айту сирек
кездеседі. Дыбыстарды алмастыру ауызша сөйлеу тілінде де, жазбаша сөйлеу
тілінде де әріптерді алмастыру түрінде байқалады.
2. Дыбыстардың бұзылыстарының моторлы формалары сөйлеу тілі
аппаратының моторлы бөлімінің жетілмеуімен күрделенген, яғни
артикуляция мүшелерінің функциясының немесе құрылымының қалыпты
жағдайдан айтарлықтай ауытқуына байланысты. Бұзылыстардың белгісі –
дыбыстардың бұрмаланып айтылуы (тісаралық, бүйірлік айту т.б.).
3. Дыбыс айту бұзылыстарының аралас түрлері және сенсорлы
жеткіліксіздікпен күрделенген. Мұндай жағдайларда бала акустикалық
жағынан жақын фонемаларды естіп ажырата алмайды, басқа дыбыстарды
айту бұзылыстары, артикуляциялық аппараттың құрылымы және
функциясының қалыпты жағдайдан ауытқуымен күрделенген болып келеді.
Мысалы, бала сөйлеу тілінде жуан дауыссыз дыбыстарды естіп ажыратуға
мүмкіндігі жоқтықтан, оларды сәйкес жіңішкеге ауыстырады, дыбыстарды
бүйірлік сигматизмдегідей.
Есту қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің лексикалық
жағының жетілмеуінің негізіне айтылуы бойынша ұқсас сөздерді ажыратып,
естіп-қабылдау қиыншылықтары жатады. Нашар еститін балаларға ерекше
күрделі болып табылатын дерексіз мәні бар сөздерді және көмекші сөздерді
меңгеру. Сөз қорының аздығы сөздерді нақты қолданбауға, олардың
мәндерінің кеңейтілуіне әкеп соғады да, балалар бір сөзді басқасымен
ауыстырады. Сөздердің мәні бойынша ауыстыруға жататыны: белгілері
бойынша ұқсас затты атау; аталған затпен сыртқы бейнесі бойынша ұқсас
затты атау; аталған затпен байланысты әрекетті атау.
Есту қабілеті зақымдалған балалардың айналасындағылармен сөйлеу тілі
көмегі арқылы қатынасқа түсуге қажеттілігі толық іске аспайды. Есту
қабілеті төмен балалардың сөйлеу тілінің даму деңгейі әртүрлі. Ол төрт
деңгейге бөлінеді.
Бірінші деңгей – оптимальды. Балалар «мектеп бағдарламасының
талаптарына сай» сөз қорын толық меңгерген. Оларға қаратпа сөйлегенде
жақсы түсінеді, өзіндік сөйлеуінде сөйлеу тілінің барлық топтарын белсенді



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет