10 БӨж тақырыбы: «Қазіргі заманғы қоғамдағы дәстүрлі құндылықтардың рөлі»


тарихты өзінен бастаған буын мемлекетті рухани дағдарысқа ұшыратады



бет2/10
Дата09.10.2023
өлшемі74.86 Kb.
#480166
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
stud.kz-111622

тарихты өзінен бастаған буын мемлекетті рухани дағдарысқа ұшыратады. Оның жекелеген көріністері де, өкінішке орай, қазіргі Қазақстан қоғамында бой көрсетуде.
Яғни қазір елімізде дәстүрлі құндылықтарды жаңғыртуға деген табиғи құлшыныс пен оны қоғам өмірінен ысырып тастауға деген жасанды талпыныс қатар жүруде. Дәстүрлі құндылықтарды жаңғыртуға деген құлшыныстың алғашқы серпіні тәуелсіздік алумен тікелей байланысты болды. Үш ғасырлық отарлық және кеңестік саясат қысымында ұлттық мінезінен, санасынан, құндылықтарынан көз жазып қала жаздаған ұлт тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде тілін, тарихын, дәстүрін және дінін жаңғыртуға құлшына ұмтылды. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беру, тіл төңірегінде атқарылған сан салалы жұмыстар, ұлттық мектептер мен балабақшалар ашу, ұлттық сайыстар ұйымдастыру, «Наурызды» халықтық мерекеге айналдыру, тарихи туындыларды жарыққа шығару, ұлт зиялыларын ақтау үдерісі, мешіттер мен медреселер жұмысын жандандыру, діни басылымдарды көбейту – тағы басқа сан жеткісіз іс-әрекеттер мен нәтижелер ұлттың өз болмысына оралуды аңсаған табиғи құлшынысынан туындап жатты.
Бірақ бұл құлшыныстарды нарықтық қатынастардың алғашқы ауыр кезеңі біршама көмескілендірді. Осы сындарлы сәтті тәуелсіздікпен бірге орныққан ашық шекара саясаты мен ашық ақпарат кеңістігін пайдаланып сыналап ене бастаған сыртқы күштер тиімді пайдаланды. Барлық ақпараттық және заңнамалық мүмкіндіктерді қалт жібермей қолдана отырып, жұртшылыққа жат идеологиялық бағдарлар мен құндылықтарды таңудың, дәстүрлі құндылықтарды өзгертудің белсенді әрекеті басталды. Қоғамдық құрылымның өзгеріп, нарықтық қатынастардың тереңдеуі салдарынан құндылықтық бағдарлардың дәстүрлі қалыптан ауытқуы үдерісіне қолдан қосылған ұлттық руханият саласында теріс мазмұнды ақпараттардың басымдық алуы үстелді.
Қоғам қажеттілігінен туындаған табиғи үдерістер мен сыртқы ықпалдың әсерінен қалыптасқан жасанды үдерістердің өзара қақтығысы қарапайым қоғам мүшелерінің санасында ақ пен қараны ажырата алмайтын сарсаң хәл туындатты. Мұндай жағдайда идеологиялық саланың мемлекет тарапынан толық бақылауға алынуы және ұлт зиялылары, зерттеуші ғалымдар, талдағыштар мен сарапшылар күшін біріктіре, тиімді пайдалана отырып, ортақ идеологиялық мақсатқа жегілуі, сол арқылы басымдық берілетін рухани-идеологиялық бағдарлардың айқындалып, қоғамға белсенді түрде енгізілуі қажет болатын. Бұл тұрғыда бірқатар шаралар атқарылғанымен, бүгінге дейін мемлекеттің стратегиялық-саяси жүйесінің 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет