халықтан қасақана алыстату үдерісінен көрініс табуда. Исламға дейінгі жетістіктерді жоққа шығару, халықты дінсіздікке шақырып жүрген «тәңіршілдік» ағымы туралы жалған дақпырт тарату, қазақ салт-дәстүрлері мен ырым-тыйымдарын терістеу, қабір зияраты әдебін Аллаға серік қосу күнәсімен байланыстыру, кеңестік кезеңді рухани тұлдыр дәуір ретінде таныту – осының барлығы қазақты исламға жаңа кірген ел секілді көрсетіп, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрді, ғұламалар жүрген жолды мансұқтап, қазақ руханиятының күре тамырын қырқуға бағытталған астыртын арандатушы әрекеттер болып табылады.
Бұл әрекеттерді жүзеге асырушы салафилік өкілдері қазір өздерінің діни негіздегі алауыздық тудыратын осындай шетін ұстанымдарын және содан туындаған тәкфіршілік-жиһадшылық идеяларын тек тәкфіршілік ағымына аударып, тәкфіршілікті бастауы бөлек басқа ағым ретінде танытуға, ал өздерін ақида мәселесімен ғана шектелетін бейбіт те байсалды ағым етіп көрсетуге әрекет етуде. Яғни барлық шетін көзқарастар мен экстремистік идеяларды тәкфіршілікке аудару арқылы өздерін ақтап алудың жаңа әдістемесін жүзеге асыруда. Бірақ жоғарыда санамаланған шетін ұстанымдарды былай қойғанда, қазақ қоғамының мың жыл бойы орныққан ақидасына (сенім негіздеріне) ауыз салғысы келетін салафилік дәстүрлі қоғамға іріткі салатын алауызшыл ағым болып табылады. Мұндай ағым ешқашан бейбіт те, байсалды да бола алмайды.
Ал тәкфіршілікке тыйым салу талпынысы саяси ойындарға алдануға соқтырады. Мұндай тыйымның радикалды ағымдарды бөлшектеп болса да еңсере беруге ықпал етуі мүмкін, бірақ ол болашақта басқа шетін көзқарастағы ағымдарға, негізінен салафилікке тыйым салуға мүмкіндік қалдырмайды. Себебі барлық айыптар мен іріткі салушы көзқарастар тәкфіршілікке аударылғаннан кейін салафилікке сын айтуға негіз қалмайды. Тәкфіршілік – салафиліктің бел баласы. Баласын соттап, оны солай тәрбиелеген әкесінің емін-еркін басқа да лаңкестерді тәрбиелей беруіне жол беру, «қалыпты» салафилер бар деп білу – ішкі тұрақтылыққа нұқсан келтіру мақсатында жасалған арнайы жобаның астыртын идеологиясына илану болып табылады. Тәкфіршілікті салафиліктен бөліп алып, жеке-дара үкім шығаруға болмайды. Салафилік және онымен тамырлас тәкфіршілік, мадхалиттік, сурурилік, т.б. радикалды ағымдар бір өлшеммен қаралуы қажет.
Салафиліктің жаңа бір әдістемелік көзқарасы – күні бүгінге дейін өздері мойындамай келген қазақ халқының ежелден мұсылман екенін тану (мойындау), соның негізінде исламнан тыс өмір сүрудің мүмкін еместігіне сендіре отырып,
Достарыңызбен бөлісу: |