Дәстүрлі рухани құндылықтардың негізінде де дәл осы – дінді руханиландыру үдерісі жатқанын ұмытпауымыз қажет.
Зайырлылық қағидаттарын жете түсіндіру діннің рухани мәдениет феномені екенін мойындаудың міндеттілігін тудырады. Яғни «Дін мемлекеттен бөлінген, ешбiр дiн мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді, барлық діни бірлестіктер заң алдында тең – зайырлылық дегеніміз осы» деген таптаурын анықтама жаһандану үдерісіне дендеп енген қоғамды қанағаттандырмайды. Дін мәселесін дінді сезіне отырып қана шешуге болады. Дін қоғамдық сана негіздерінің бірі, адам өміріне мағына мен руханилық дарытушы күш, рухани мәдениет феномені, адамзат болмысының айнымас қажеттілігі, ажырамас бөлшегі, табиғи болмысы ретінде толық мойындалғанда ғана оған қатысты стереотиптер мен әдістер өз-өзінен өзгереді, жанды, қоғаммен байланысы бар, рухтандырушы және руханиландырушы әдістемеге айналады, мемлекеттік институт пен дін институты арасындағы психологиялық кедергі жойылады. Дәл осы психологиялық кедергінің радикализацияға тірек болып отырғанын, сол мақсатқа белсенді түрде пайдаланылғанын есте тұту қажет. Радикализацияға тірек болатын құбылыстардан арылу – шын мәніндегі оның алдын алу шарасы болып табылады. Бұл орайда да дәстүрлі құндылықтарды тірек еткен кешегі қазақ қоғамында діннің діл (менталитет, болмыс, мәдениет) ретінде танылғанын, сондықтан да мемлекеттік мүдде мен діни мүдденің арасында қайшылық болмағанын назарда ұстау қажет.
Дін мен дәстүрлі құндылықтардың байланысы терең тамырлы. Дін дегеніміз тек сенім жүйесі емес, ол – өмір сүру мәнері, моральдық нормалар, қарым-қатынас әдебі, жақсы мен жаманды, адал мен арамды ажыратушы рухани қағидалар жүйесі. Бір сөзбен айтқанда дін – рухани мәдениет феномені, ол қоғамдағы кез келген феноменнен анағұрлым бай, маңызды және ықпалды.
Ислам ілімі бойынша адам баласының бүкіл іс-әрекеттері үш топқа бөлінеді: ибадат, муамалат, ахуалу-шахсия. Ибадат (ғибадат) діндегі бүкіл ғибадат-құлшылықтарды қамтиды, ол толығымен сенім негіздеріне қатысты болады. Ал муамалат (мәміле) қаржылық, сауда-экономикалық, еңбек және басқа да қоғамдық қатынастарды, ахуалу-шахсия (жеке бас жағдайлары) отбасылық және жеке басқа қатысты басқа да азаматтық хал-ахуалдарды қамтиды. Ислам ілімінде бұл аталғандар ақида, фикһ және ахлақ салаларына жіктеліп қарастырылады. Соның ішінде соңғы екеуі – фикһ және ахлақ толығымен рухани-моральдық құндылықтарға негізделеді. Демек,
Достарыңызбен бөлісу: |