Апта
|
Тақырып
|
Тақырып мазмұны
|
|
Жеке тұлға
|
Жеке тұлғаның қоғамдағы орны. Азаматтығы, ұлты, білімі, оқу орны туралы мәлімет. "Мен Қазақстан азаматымын" тақырыбына монолог құрастыру.
|
2.
|
Отбасы және дәстүр
|
Отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы, отбасы берекесі, отбасындағы салт-дәстүрлер, туыстық атаулар туралы ақпарат.
|
3.
|
Мамандықтың бәрі жақсы
|
Оқу орны, мамандық таңдау, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуі туралы ақпарат.
"Мен таңдаған мамандық" (ойталқы)
|
4.
|
Қоғам және жастар
|
Жастардың қоғамдағы орны, іс-әрекеті. Қоғамның дамуына жастардың қосып жатқан үлесі туралы мәлімет. Қоғамдық орындардағы этика (пікірсайыс)
|
5.
|
Бірінші байлық – денсаулық
|
Денсаулық сақтау, спорттың денсаулыққа пайдасы, дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығы. Ұлттық сусынның пайдасы. Ұлттық сусын – қымыз. Қымыздың пайдасы туралы бейнебаян материалдарымен жұмыс.
|
6.
|
Адам және экология
|
Табиғи таза өнімдер және оған сұраныс, табиғи өнімнің сапасы, таза өнімнің денсаулыққа пайдасы. Сапалы тағам – саламаттық өмір салтының бастауы
|
7.
|
Саяхат және туризм
|
Туған жерге саяхаттау; туған өлке, оның байлығы, табиғат көріністері; еліміздің туризм саласы. "Қандай көркем –туған өлкем" тақырыбына эссе жазу.
|
8.
|
Адам және табиғат
|
Табиғат құбылыстарының адам өміріне әсері. Күрт құбылмалы ауа райы туралы мәлімет. Табиғат құбылыстарынан келетін қиындықтар. (сауалнама дайындау)
|
9.
|
Адам және уақыт
|
Уақыттың құндылығы, оны басқара білу. Уақытты тиімді пайдалану және оны үнемдеу тәсілдері туралы ақпарат.
Уақытыңды бағалай білесің бе? (ойталқы)
|
10.
|
Мәдениет және өнер
|
Қазақтың тұңғыш драма театры мен киносы. Алғашқы кино және пьесалар. Қазақтың танымал өнер қайраткерлері. Өзіне ұнайтын туынды жайлы әңгімелеу, театрға саяхат. Өнер көкке жеткізер (жобалық жұмыс)
|
11.
|
Мінез және келбет
|
Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті, олардың үйлесімділігі туралы мәлімет. Киіміне қарай қарсы ал, мінезіне қарап шығарып сал. (ойталқы)
|
12.
|
Сән мен талғам
|
Киім үлгілері пішіндерінің алмасуы, стиль ерекшеліктері. Қазіргі заманғы киім үлгісі. Қазақстаннның қазіргі сәнгерлерінің киім үлгілері. Тренд қандай? Сән үрдістері мен тенденциялары (жобалық жұмыс)
|
13.
|
Әдебиет және өнер
|
Қазақ халқының рухани, мәдени мұрасы, оның ерекшеліктері. Проза және поэзия жанры туралы мәлімет. Танымдық, ақпараттық мазмұндағы мәтіндерді бағалау және қорытындылау. Менің сүйікті жанрым (әңгімелеу)
|
14.
|
Менің Отаным
|
Отан, туған жер ұғымы. Отанға деген сүйіспеншілік, елді, жерді құрметтеу, еліміздің рәміздерін қастерлеу жайлы ақпарат. Бай өлке (өлке жетістігі жайлы статистика)
|
15.
|
Тұрғын үй және сәулет
|
Сәулет, қала құрылысы және тұрғын үй. Көппәтерлі тұрғын үйлердің сырт келбеті.Қазіргі заманауи үйлер, олардың ерекшеліктері туралы ақпарат.
Еліміздегі көрнекті сәулет туындылары (жобалық жұмыс)
|