10 кредит Информатика және дизайн кафедрасының аға оқытушысы Жумадилова Гульмира Байзаковна


Кәсіби мәтін ерекшелігі. Тұрақты тіркестер, ауызекі сөйлеу стилі



бет34/34
Дата03.03.2024
өлшемі4.21 Mb.
#494099
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Қазақ тілі

 

 

Кәсіби мәтін ерекшелігі. Тұрақты тіркестер, ауызекі сөйлеу стилі.

Ғылыми тіл - ғылыми ақпараттың логикалық ұйымдасқан формасы. Ғылыми қызметтің ғылыми стильмен жазылған мәтінге айналуы бірден жүзеге аса қоймайды. Ғылыми ақпараттардың ғылыми стильге тән тілдік формаларда көрінуі үшін шығармашылық ойлаудың бірнеше кезеңін басынан өткізеді. Ғылыми тілдің мәдениеті жаңа білімді бұрынғы белгілі білім контексінде дәлдікпен, логикалық жағынан жүйелі, эстетикалық түрде жеткізуде болса керек. Ғылыми тілдің коммуникативті мәнін дұрыс түсіну және оның тіл мәдениетін шынайы игеру ғылыми шығармашылықтың нәтижелілігіне жетелейтін қажетті алғы шарт. Сондықтан ғылыми тіл мәдениетінің нормаларын жетік білу - ғылыми ізденіспен айналысатын әрбір маманның міндеті. Сонда ғана ғылыми қарым-қатынас аясында тілді қолданудың шеберлігіне қол жеткізуге болады. Ғылым тілі айтылатын ойдың анықтылығын, дәлдігін, дұрыстығын және кез келген ғалым түсінерліктей дәйектілігін қалыптастыруы тиіс. Мұны белгілі бір ұғым, мәселе турасындағы логикалық жағынан тұжырымдалған толық хабарлама десе де болады. Сондықтан логикалық маңызы зор.

  • Бақылау сұрақтары:
  • 1. Ғылыми тіл дегеніміз не?
  • 2. Ғылыми сөйлеудің кәсіби қаржыгер қызметіндегі рөлі қандай?
  • 3. Ғылыми тілдің коммуникативті мәні?
  • 4. Ғылыми стильдің нормалары?

Қосалқы грамматикалық кестелер

Әдебиеттер тізімі

1. Абдуова Б.С., Асанова Ұ.О. Қазақ тілі: Орыс тілді топтарға арналған оқу құралы. - Астана, 2017. -282 б. 2. Айтбаева Б.М. Қазақ тілі (В1 деңгейі) оқулығы. – Қарағанды, 2014. – 205 б. 3. Балабеков А.К., Бозбаева-Хунг А.Т., Досмамбетова Г.Қ., Салыхова Б.О., Хазимова Ә.Ж.. Қазақ тілі: ортадан жоғары деңгейге арналған оқулық. Ұлттық тестілеу орталығы. – Астана: 2017 4. Бозбаева-Хунг А.Т., Балабеков А.К., Досмамбетова Г.Қ., Салыхова Б.О., Хазимова Ә.Ж. Қазақ тілі: орта деңгейге арналған оқулық. Ұлттық тестілеу орталығы. – Астана: 2017. 5. Досмамбетова Г.Қ., Балабеков А.К., Бозбаева-Хунг А.Т., Сейсенова А.Д. Қазақ тілі: қарапайым деңгейге арналған оқулық. Ұлттық тестілеу орталығы. – Астана, 2016. 6. Досмамбетова Г.Қ., Балабеков А.К., Бозбаева-Хунг А.Т., Хазимова Ә.Ж., Салыхова Б.О. Қазақ тілі: базалық деңгейге арналған оқулық. Ұлттық тестілеу орталығы. – Астана, 2016. 7. Күзекова З.С., Байтелиева Ж.Д. Қазақ тілі: орта деңгейге арналған оқулық. – Астана, 2016. 8. Күзекова З.С., Байтелиева Ж.Д. Қазақ тілі: ортадан жоғары деңгейге арналған оқулық. – Астана, 2016. 9. Күзекова, З.С. Қазақ тілінің функционалды практикалық грамматикасы: оқу құралы. - Астана: Фолиант, 2015.- 180 б. 10. Қазақ тілі (тіл үйренушілердің В1 және В2 деңгейлеріне арналған): орыс тілді топтарға арналған оқу құралы./ Қ.С. Құлманов, Б.С. Абдуова, т.б. - Астана: - 2015.- 298 б. 11. Қазақ тілі: деңгейлік оқу-әдістемелік кешенінің негізгі оқулығы (қарапайым деңгей)/ Ж.Қ. Түймебаев, Қ.Қадашева, Ұ..О. Асанова. - Алматы, 2013. - 180 б. 12. Қазақ тілі: деңгейлік оқу-әдістемелік кешенінің негізгі оқулығы (базалық деңгей)/ Ж.Қ. Түймебаев, Қ. Қадашева, Ұ.О. Асанова. - Алматы, 2013. - 208 б. . 13. Қазақ тілі: деңгейлік оқу-әдістемелік кешенінің негізгі оқулығы (жоғары деңгей) / Ж.Қ. Түймебаев, Қ. Қадашева, Ұ.О. Асанова. - Алматы, 2013. - 192 б. 14. Қарабаева Х.Ә. Қазақ тілі: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2014. 15. Құлманов Қ.С., Абдуова Б.С. Қазақ тілі (тіл үйренушілердің В1 және В2 деңгейлеріне арналған): орыс тілді топтарға арналған оқу құралы - Астана: ЕҰУ. - 2015.- 298 б. 16. Сыздық С. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000. – 532б. 17. Салқынбай А.Б., Егізбаева Н.Ж. Қазақ тілі. Қарапайым деңгей: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2017. 18. Салқынбай А.Б., Егізбаева Н.Ж. Қазақ тілі. Базалық деңгей: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2017. 19. Салқынбай А.Б., Егізбаева Н.Ж. Қазақ тілі. Орта деңгей: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2017. 20. Салқынбай А., Егізбаева Н., Жұмағұлова А., Иманқұлова С., Рысбай Б. Қазақ тілі: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2016. 21. Орыс бөлімінде оқитын студенттерге арналған "Қазақ тілі-І" және "Қазақ тілі-ІІ" пәніне байланысты "Сандық білім беру ресурстары". – Астана, 2014.

1. Қазақ тілін қарапайым деңгейде меңгерудің тақырыптық лексикалық минимумы. – Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011.

2. Қазақ тілін базалық деңгейде меңгерудің тақырыптық лексикалық минимумы. – Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011.

3. Қазақ тілін орта деңгейде меңгерудің тақырыптық лексикалық минимумы. – Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011.

4. Қазақ тілін ортадан жоғары деңгейде меңгерудің тақырыптық лексикалық минимумы. – Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011.

5. Қазақ тілін жоғары деңгейде меңгерудің тақырыптық лексикалық минимумы. – Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет