Бүкіл әлемде экологиялық таза өнімге сұраныс жыл сайын орта есеппен 20-30 пайызға артып отыр. Қазақстан өзін әлемдік аренада органикалық экологиялық таза тағам өндіретін ел ретінде танытуы керек. Бұған мол мүмкіндік бар. Өйткені Еуропада, Иранда, Араб Әмірліктерінде, Қытайда, Кореяда Қазақстанның экоөнімдері танымал бола бастады. Тапсырмалар: - Жаңа сөздерді оқып, есте сақтаңыз, жазып алыңыз: жаһанданған, қояр талап, шығарып жатпай, жолға қойды, тырысып жатыр, басты мұрат, шикізат, ұлғайту, сұраныс, орта есеппен, таза тағам, танымал бола бастады.
- «Бастады» сөзін көмекші етістік ретінде алып, бірнеше күрделі етістіктер құраңыз. Үлгі: түбір сөз + көсемше көмекші етістік. Мысалы, шығара бастады, айта бастады, т.б.
- Мәтінді тыңдаңыздар, оқыңыздар, түсініңіздер.
- Сөйлемдерді толықтырып оқыңыз:
- Жаһанданған заманның халықаралық саудаға қояр . . . басқа.
- Қазір кез келген мемлекет өзіне қажетті барлық тауарларды өздері шығарып жатпай, оны басқа елден арзан бағамен . . . . . . жолға қойды.
- Мұндай сапалы, арзан өнімдерді . . . . . . шығару қандай да бір елдің басты мұраты.
- Қазақстанның халықаралық нарықтағы негізгі позициялары – мұнай, уран, түрлі металдар, бидай және тағы осы секілді . . . .
- Шикізатты сыртқа сатып, қажетті заттарды сырттан . . . .
- Алдымызда 2025 жылға қарай . . . . . . экспортты екі есе ұлғайту міндеті тұр.
- «Экологиялық таза емес өнім» тақырыбына сұхбат құрыңыздар. Әлеуметтік желілерде көптеп таралып жүрген ақпараттарды қолданыңыздар.
- Мәтіндегі табыс септігі жалғауы бар сөздерді теріп жазыңыз.
- Табыс септік жалғауының түсіріліп қолданылуын еске түсіріңіз. Сызба бойынша дұрыс нұсқаны табыңыз.
Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас. Мақал. Қазақстан – Еуразия құрлығының ортасында орналасқан мемлекет. Негізінен қоңыржай белдеуді қамтиды. Қазақстан солтүстігінде Ресей Федерациясымен, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Түрікменстанмен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен шектеседі, батысында Каспий теңізі орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |