10 кредит Информатика және дизайн кафедрасының аға оқытушысы Жумадилова Гульмира Байзаковна



бет26/34
Дата03.03.2024
өлшемі4.21 Mb.
#494099
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34
Қазақ тілі

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынып отырған стратегиялық бағдарламалар, бірнеше жобалар бар. Олардың қай-қайсысы болмасын мемлекет экономикасын дамытып, елдің әлеуметтік жағдайын түзеуге бағытталған. Олардың қатарына «Дипломмен ауылға», «2019 жыл – жастар жылы», «Нұрлы жер», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес», Қытаймен қарым-қатынасқа негізделген «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Ауыл – ел бесігі» жобасы, т.б. жатады.

2018 жылдың 5-қазанында Елбасы Қазақстан халқына кезекті жолдауын жолдады. Жолдау «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталды. Аталған жолдауда Елбасы алдағы жоспарларға тоқтала келіп, «Бүгінгі кезеңнің де талабы оңай емес. Бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса, біз үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайды» деді.

Тапсырмалар:

  • Мәтінді тыңдаңыз.
  • Жаңа сөздермен жұмыс жасаңыз.
  • Көршіңізбен сұхбат құрастырыңыз.
  • Себеп, қарсылықты, ыңғайлас жалғаулықтарды еске түсіріңіз.
  • Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерін теріп жазыңыз: нарықтық экономика, . . . , . . . .
  • Аталған жобалар мен бағдарламалардың бірін әңгімелеп келіңіз.
  • Мәтінді сұраулы сөйлемдермен оқып шығыңыз.
  • Мәтінді мазмұндаңыз.

Қазақстан Республикасының стратегиялық даму бағдарламалары мен жоспарлары

Тәуелсіз ел – экономикалық, мәдени, әлеуметтік бағыттары айқын ел. Шын мәнінде, ешкімге тәуелді болмау үшін мемлекеттің өзінің даму жоспары болуы тиіс. Республикамыздың дамуына арналған бірнеше бағдарламалар мен жоспарлар бар. Ол бағдарламалар: Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы, индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың мемлекеттiк бағдарламасы, денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы, тағы басқалар.

1993 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Бұл бағдарлама бойынша осы уақытқа дейін әлемнің маңдайалды университеттерінде мыңдаған жас білім алды. 2016 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Серпін» бағдарламасы да ел жастарын қолдаудың бір жолы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет