1. Ежелгі адамдар өзінің еңбек ету дәрежесінің алғашқы шағында жауын-шашыннан, жыртқыштардың шабуылынан қорғану үшін тек табиғи паналарды ғана пайдаланды.
|
2. Ежелгі адамдар мекендеген үңгірлердің көпшілігі адам паналауға қолайлы әрә кең, оған едәуір адам сиятын болған.қархаралы қаласына таяу тұрған осы үңгірлердің бірінің түрітұрғын үйге жақын болғандықтан, «шатыр» деген ат тағылған.
|
3. Қазіргі қазақстандық архитектураның да ерекшелігі сол – заманауи сәулет ғимараттарына ұлттық нышан мен нақыштың келбетін беруге назар аударуы.
|
4. Елордада Хан-Шатыр кешенін салған Норман Фостер құрылыс бастамас бұрын көшпенділердің тарихын зерттеп, тарих жылнамаларында хан ордаларында шатырлардың сән-салтанат құрып, асқақтап тұратынын дәл тапқан. Содан киіз үй бейнесін кешеннің бейнелік шешімі ретінде алды.
|
5. Елордадағы Бейбітшілік пен келісім сарайы - тарих пен мәдени құбылыс болудан өзге, Арқа төсіндегі астананың ауа-райы мен климаттық жағдайына ыңғайланып жасалған техникалық шешімнің көрінісі.
|
6. Самұрық құс жұмыртқа басар ұя мифтік желісінен бой көтерген Бәйтерек монументалды бейнесі бүкіл Қазақстанның символына айналды.
|