1-тапсырма Картамен жұмыс
Оқушылар алдарына берілген дүние жүзінің саяси контурлық картасына мемлекеттердің құрылысы түрлерін белгілеуі керек. Әр мемлекеттік құрылыс түрі белгілі бір түспен айқындалады.
2-тапсырма ИНСЕРТ әдісі
Оқушыларға мемлекет түрлері туралы мәтіндер таратыңыз. ИНСЕРТ әдісін қолдана отырып оқуды ұсыныңыз. Оқушылар арнайы белгілермен таңбалай отырып, мәтінді оқиды:
V — бұны мен білемін;
+ — бұл ақпарат мен үшін жаңа;
- — мен басқаша ойлап едім, менің білгеніме бұл қайшы келеді;
? — бұл маған түсініксіз, нақтылық, түсініктеме керек .
3-тапсырма
Төменде көрсетілген бір мелекетті таңдап, XVIII -XX ғғ. Еуропа тарихындағы мемлекеттік құрылым формасының өзгерістер кестесін толтырыңыз. Мемлекеттік құрылым формасында өзгерістер туралы қорытынды жасаңыз
|
Ұлыбритания
|
Франция
|
Германия
|
Хронологиялық уақыт аралығы (айтарлықтай тарихта өзгеріс болған 3 кезеңді көрсету)
|
|
|
|
Мемлекеттік басқару формасын өзгертудің себептері
|
|
|
|
Билікті беру тәсілі
|
|
|
|
Мемлекеттік құрылым формасының ерекшеліктері
|
|
|
|
Мемлекеттік құрылым формасындағы өзгерістер туралы қорытынды.......
|
|
Оқушылар мемлекеттік құрылыстың өзгеру заңдылығын анықтап, ақпарттарымен алмасады.
Дәптерге қысқа түрде мәлімет тіркейді. Анықталған заңдылықтарды сынып алдында баяндайды.
Дескриптор:
Ұлыбританияның мемлекеттік басқару формасын және мемлекеттік құрылымның ерекшеліктерін анықтайды; - Францияның мемлекеттік басқару формасын және мемлекеттік құрылымның ерекшеліктерін анықтайды; - Германияның мемлекеттік басқару формасын және мемлекеттік құрылымның ерекшеліктерін анықтайды. - мемлекеттік құрылым формасындағы өзгерістер бойынша қорытынды жасайды
|
Достарыңызбен бөлісу: |