10-сынып Түсінік хат Оқу жоспары, пән туралы түсініктеме, сынып, жылдық жүктеме



бет7/8
Дата20.02.2020
өлшемі0.94 Mb.
#448011
1   2   3   4   5   6   7   8
1 Оқу жоспары Қазақ тілі 10 сынып ЖМБ



IV тоқсан

5-бөлім: Сәулет өнері.

Тілдік жүйе және норма


Меңгерілген білімді дамыту: Оқушылар алдыңғы бөлімде алған білім, білік, дағдыларына сүйенеді. Алдыңғы бөлімде қалыптасқан дағдыларымен сабақтастықты сақтай отырып, коммуникативтік дағдыларын, білімдік және ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу, өз бетімен білім алу, сыни ойлау және шығармашылық, креативті ойлау қабілеттерін дамытатын болады.

Бұл бөлімнің тақырыбы: Сәулет өнері

Бөлімнің мақсаты: ана тілін құбылыс ретінде таныта отырып, оқушылардың ана тілінде жетік және сауатты сөйлеу, жазу, тыңдағанын түсіну, сөйлесу дағдыларын жетілдіру, әртүрлі мәтіндер, ақпарат көздерімен мұғалім басшылығымен және өз бетімен жұмыс жасауғадағдыландыру, туындаған өмірлік жағдаяттар бойынша ана тілінде дұрыс және айқын, орынды өзіндік көзқарасын білдіру, шешім қабылдай білу мен қорытынды шығару дағдыларын қалыптастыру. Осы тақырып аясында оқушылар тіл мен сөйлеу әрекеттері түрлері туралы білімін кеңейтеді, танымдық ақпарат алады, өзге пәндер бойынша меңгерген білімін қазақ тілінде сауатты қолдана алады. Коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру арнайы жүйеленіп көрсетілген оқу мақсаттары арқылы жүзеге асады.

Бөлімде қамтылатын оқу мақсаттары:

10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;

10.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу

10.2.3.1 көпшілікке арналған мақаланың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;

10.2.6.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу

10.3.3.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (аргументативті эссе);

10.3.1.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала жазу;

10.3.4.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу

10.4.5.1 сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу

Пәнаралық байланыс.

Бұл бөлімнің әдебиет, тарих пәндерімен байланысы бар. Мұғалім әртүрлі мәтіндерді талдау арқылы осы пәндерді кіріктіре алады.




Коммуникативтік дағдыларға сілтеме

Оқыту мақсаттары

Ұсынылатын әдіс-тәсілдер

Мұғалімге ескертулер

Оқыту ресурстары

Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау.


10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау


Тыңдалымалды тапсырма

1-тапсырма. Берілген суретті сын есімдермен суреттеңіз.



Тыңдалым тапсырмасы

Оқушылар мәтінді тыңдап, сәулет өнеріне қатысты ұғымдар мен терминдерді теріп жазады.



Сәйкестікті анықтау



Сәулет құрылымы

Сәулеттік композицияның әдістері

Үйлестіру

Функциональдық, құрылымдық, көркемдік-идеялық көбейту

Тектоника

Жеке элементтердің біртұтас үйлесімді байланысуы

Витрувидің үштігі

Пайдалылық, беріктік, әдемілік

Сәулет өнерінің тәсілдері

Құрылым жұмысының көркемдік көрінісі

Сәулет өнерінің тәсілдері

Жаңа қала тұрғызу экологиясы мен сәулеттің мақсаты

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

«Хан шатыр» ғимаратын мәтіннен алған білімдері бойынша терминдер мен ұғымдарды пайдалана отырып сипаттау.



Дескриптор:

Қажетті сөздер мен термин сөздерді теріп жазады;

Терминдер мен анықтамаларды сәйкестендіреді;

Терминдер мен ұғымдарды орынды пайдаланады;



Сәулет композициясы

      Жеке элементтердің көркемдік бір тұтастыққа үйлесімді байланысуы.

Ырғақ

      Құрлымның тәсілдері ретінде қолданылатын сәулеттік бөліктерді, пішіндерді, объекттердері заңдылық бойынша қайталау немесе алмастыру.



Фактура

      Сәндік бұйымдардың және жазықтықтың сипаты.

Контраст

      Осы немесе басқа пішіндердің қасиетін кеңістік немесе уақыт бойынша көрсететін құрлымның тәсілі.

Тектоника

      Сәулет құрылымының тасымалдау және тіреу бөліктерінің қатынасын көрермендік көрініс немесе ғимараттың көркемдік ерекшелігі бойынша жеткізу



https://bilimland.kz/kk/courses/himarattar-men-qurylymdardy-pajdalanu/arxitektura/lesson/man-mindet-zhane-saulet-qurylym

Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау.

10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;

С.Тыңдалым алдындағы тапсырма.

1-тапсырма. Төменде берілген тірек сөздер арқылы сабақтың тақырыбына болжау жасайды:



Рухани жаңғыру, киелі жерлер, экспедиция, тарихи-мәдени ескерткіштер
Мұғалімнің тақырыпқа жетелейтін сұрақтары:

4. Бұл сөздер қандай тақырыпқа қатысты болуы мүмкін?

5. Рухани жаңғыру дегенді қалай түсінесіздер?

6. Еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру жайында сіздің ойыңыз қандай?

2-тапсырма. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ғаламтордан анықтап, жұпта талқылаңыздар.

Белдеу, евроцентристік көзқарас, Домбауыл кесенесі, жерасты пештері.


ЖЖ.Тыңдалым тапсырмасы.

Мәтінді тыңдап, «INSERT» әдісі бойынша кестені толтырыңыздар.



Білемін

Жаңалық

Білгім келеді











Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Жұптық жұмыс. Тыңдалым материалы негізінде «Веер» әдісі бойыншы сұрақтар құрастыр. Оқушылар сұрақты «Блум түймедағы» негізінде құрастырады.

Блум түймедағы

Қарапайым сұрақтар Не? Қашан? Қалай?

Нақтылайтын сұрақтар Мен дұрыс түсіндім бе?

Практикалық сұрақтар Қай жерде қолданылады?

Түсіндіретін сұрақтар Неге?

Шығармашылық сұрақтар Не болар еді?

Бағалайтын сұрақтар Не жақсы? Не жаман?

Ж. «Төрт сөйлем» тәсілі. Сабақта алған ақпараты мен түйген ойы бойынша «Төрт сөйлем» тәсілін қолданып, қорытынды жасау.


Блум таксономиясы бойынша оқушы әрекеттері

Білу


Жаттайды, қайталайды, еске түсіреді, қалдырып кеткен әріптерді орындарына қояды, тыныс белгілерін қояды және т.б.

Түсіну


Әңгімелейді, түсіндіреді, өз сөзімен мазмұндап береді, екі ұғымды (объектіні, құбылысты) салыстырады, ереже құрастырады, мысал келтіреді, топпен талқылайды, тірек схемалар арқылы түсіндіреді/көрсетеді, анықтама құрастырады және т.б.

Қолдану


Сөйлем құрастырады, берілген схема (алгоритм) бойынша орындайды, рөлдер ойнайды, жағдаят құрастырады/ойнайды, сахналайды (инсценировка).

Талдау


Дәлелдейді, сараптайды, жан-жақты салыстырады, құрамдас бөліктерге бөледі, бір-біріне қарсы қояды, сынайды, «Неліктен? Не үшін?» деген сұрақтарға жан-жақты (тереңінен) жауап береді, себеп-салдарын айқындайды, астарлы мағынасын (жасырын мағынасын) айқындайды, жасалған жұмысты талдайды, постер жасайды.

Жинақтау/Синтез

Шығармашылық жұмыспен айналысады: эссе, өлең, мақала, шығарма, ертегі, әңгіме, баяндама, сөз, жоспар, сценарий жазады, слайд жасайды және т.б.

Бағалау


Бірнеше жауаптың (ұсыныс, нұсқа, пікір, т.б.) ішінен біреуін таңдайды, таңдауды негіздейді (дәлелдейді), өзіндік шешім қабылдайды, қажеттілігін (маңызын, пайдасын, құндылығын, зиянын) айқындайды, дұрыс-бұрысын ажыратады, дәлелдейді, тұжырымдайды, жақтайды немесе қарсы шығады.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/m-denie/item/179398-lytauda-y-asietti-zherlerdi-zertteu-tarikhi-piyalar-a-zhetelejdi

Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату

10.2.3.1 көпшілікке арналған мақаланың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау

Оқылымалды тапсырма

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру

Жетекші сұрақтарды қою арқылы мақаланың жанрлық ерекшелігін анықтайды.

  1. Мақаланың қандай жанрлық ерекшелігі бар?

  2. Мақала жазуда автор нені басшылыққа алу керек?

2-тапсырма. Тірек сөздер арқылы тақырыпты анықтап, өз ойларын білдіреді.

Сәулет өнері, композиция, ғимарат

Оқылым тапсырмасы. Мәтінді оқып, жұпта, топта талқылап, ақпаратты постерге түсіреді. Мақаланы талдау барысында тақырыбын, автордың көтерген мәселесін, стильдік және жанрлық ерекшелігін, бағытталған аудиториясын ескергені жөн.

Мақаланың

тақырыбы

Идеясы

Жанрлық ерекшелігі

Көзделген аудитриясы













Оқылымнан кейінгі тапсырма

«Галереяға саяхат». Қабырғаға дайындалған постерлер ілінеді, оқушылар басқа топтардың қабырға газеттерін сараптап, талдап, өз пікірлерін жапсырма қағазға жабыстырады. Галереяға саяхат аяқталған соң, топта жұмыстарға шолу жасалып, қорытындыланады.


Мақала дегеніміз - қоғамдық құбылыстар мен оқиғаларды зерттеп ұғынудың, талдап және жинақтаудың қорытындыларынан туған идеяның негізінде жазылатын публицистикалық шығарма.

Журналистика теориясында мақала жанрының бірнеше анықтамасы бар. Зерттеушілердің бірі Н.М.Хлынов: «Мақала ғылыми ақпарат, бас идеялардың насихатшысы мен оқиғаны зерттеудің негізгі үлгісі. Теориялық және практикалық негіз, түйін, басқа жанрларға қарағанда оның мақсаттылыгы мақала жанрында түсініктілігімен, тілдің эсерлілігімен, стильдің көркемдігімен үндесіп жатады»,-дейді. Д.Г.Бекасов: «Мақала - публицистикалық жанр. Ол нақты анықталған бір ойдың дамуын қамтиды»,-дейді. В.Д.Пельт ұсынған анықтамада: «Мақала - маңызды элеуметтік мәселеге байланысты туған деректі ойды танытатын публицистикалық жанр»,-деген тұжырым ұсынады. М.С.Черепахов бұл жанрға төмендегідей түсініктеме береді: «Мақала дегеніміз публицистикалық жанрдың ерекше бір түрі. Ол мәселені оқырманға тарту ету, теориялық және жалпылама деректер мен құбылыстардың сараптамаларын беруімен сипатталады».

https://egemen.kz/article/kazak-saulet-onerinin-kulageri

Сөйлеу мәдениетін дамыту

10.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу

С.Тыңдалым алдындағы тапсырма.

«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы сабақ тақырыбына болжау жасаңыздар.

1.Қазақстанда сәулет өнері қаншалықты дамыған?

2.Таулы аймақтарда биік ғимараттарды салу қаншалықты қауіпті?

3.Алматы қаласында ғимараттарды салу барысында жер сілкінісінің болу мүмкіндігі ескерледі деп ойлайсыз ба?

Тыңдалым тапсырмасы. ЖЖ. Мәтінді тыңдап, жұпта талқылаңыздар.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

Тыңдалым мәтіні негізінде топпен SWOT талдау жасаңыздар.





«Ыстық орындық» әдісі арқылы топ ішінен бір оқушы ортаға шығып, топтық жұмысты сыныпқа ұсынады, сынып оқушылары сұрақ қояды.



https://almaty.tv/kz/news-archive/news/alyp-sha-arymyzdy-azharyn-ashatyn-z-ul-m-imarattar

Эссе жазу

Грамматикалық норма

10.3.3.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (аргументативті эссе);

10.4.5.1 сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу



Жазылым алды тапсырмасы

1-тапсырма.

Оқушыларға сәулет өнері жайлы жазылған сөздер үлестіріледі. Оқушылар жеке және жұпта талқылайды, өз ойларымен бөліседі.

1. Мәңгілік елдің мәдени құндылығы

2. Заманауи сәулет өнерінің озық үлгілері

3. Сәулет өнерінің жаңа тынысы

4. Мәңгілік құндылықтар бейнеленген ескерткіштер



2-тапсырма. Оқушыларға аргументативті эссенің тақырыбы мен клишелер ұсынылады. Эссе тақырыбы мен клишелерді топта талдаңыздар, өз ойларыңызбен бөлісіңіздер.

Эссе тақырыбы: «Сәулет өнері туындылары мәңгілік елдің мәдени құндылығы бола алады ма?»

Клишелер: Сәулет өнерінің озық үлгілері, мәдени құндылық, осылайша, қорытындылай келе, мысалға келтіретін болсақ, бұл пікірді қарастыратын болсақ және т.б.

Жазылым тапсырмасы

«Сәулет өнері туындылары мәңгілік елдің мәдени құндылығы бола ала ма?» тақырыбында аргументативті эссе жазу.



Жазылымнан кейінгі тапсырма.

«Автор орындығы» әдісі арқылы жазған аргументативті эссені топта оқып, үздік жұмысты «автор орындығына» ұсыну.



Аргументативтік эссе көбінесе қарама-қайшылық тудыратын тақырыптарда жазылады. Аргументтер қолдайтын себептермен бірге берілуі тиіс. Қарсы ойларды көрсету немесе оларды жоққа шығару – бұл эссе типінің жалпы сипаттамасы.
Кіріспеде қолданылатын сөз оралымдары /клише/

  • Барлығына белгілі, бұл тақырыптың маңыздылығы.., басты көтеріліп отырған мәселе, бұл жерде сөз болып отырған...

Мәселені құрылымдауда қолданылатын сөз оралымдары

  • жоғарыда көрсетілгендей, көпшілікті толғандыратын мәселе, менің ойымша, бұл көтерілген мәселе,

Өз пікіріңді көрсетуде қолданатын сөз оралымдары

  • Автормен келіспеу мүмкін емес, себебі.., бұл мәселе тұрғысында менің ойым автормен үндесіп жатыр, мен автордың...деген ойларымен келісемін, алайда..,

 

Аргумент келтіруде қолданатын сөз оралымдары

  • Көп жағдайда біз... мәселелерге тап боламыз , біздің заманда ... күнделікті жайт болып кетті, бұл жерде көтерілген мәселе көптеген адамдарды толғандырған, мысалы.., бұл тақырыптың өзектілігі... 

Қорытындыда қолданатын сөз оралымдары

  • Осы жұмысты оқып шығып әр кім...ойланады,  автордың ұстанымымен танысқан соң... түсінесің, ...автор өзінің ең басты/маңызды ойын айтады, шығарманың соңында автор бекерден-бекер...туралы жазбаған, автор...болғанын қалайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет