10.1.2.1
10.1.4.1
10.2.1.1
10.3.2.1
10.2.3.1
10.3.6.1
10.4.3.1
|
Мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;
Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау.
әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау;
Мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу;
көпшілікке арналған дәрістің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
Жазба
жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау.
Белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп,түрлендіріп, талғаммен қолдана білу.
| Болжап көрейік. Берілген сөздер мен сөз тіркестері арқылы тыңдалым мәтінінің мазмұнына болжам жасаңдар.
Тыңдайық! Мәтінді мұқият тыңдаңдар және тақырыпқа қатысты терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды теріп жазыңдар.
Талдайық және бағалайық! 1-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын жұпта қысқаша айтып, мәтіннің бағытталған аудиториясы мен мақсатын анықтап, мәтіндегі тақырыпты ашуға қызмет етіп тұрған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдаңдар. 2-тапсырма. Мәтіндегі мәселеге байланысты сұрақтар құрастырыңдар. Сұрақтардың бірін автор ретінде құрастырсаңдар, бірін оқырман ретінде құрастырыңдар. Сұрақтарыңмен жұпта алмастырып, жауап беріп, бағалаңдар.
Берілген мәтіндермен мұқият танысыңдар. Мәтіндегі мәліметтерді салыстыра талдап, негізгі үдерістерді анықтаңдар. 1995 -2015 жылар аралығындағы маңызды өнім көлеміне талдау жасап, алдағы онжылдықта қаншаға өзгеретініне болжам жазыңдар.
Ұсынылған ұлттық өндіріс тақырыбындағы мәтінді мұқият оқыңдар. Кестеге сүйене отырып мәтіннің құрылымы мен рәсімделуіне назар аударып, жанрлық ерекшеліктерін талдаңдар.
|